Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6516 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) мөлшері тоқсан сайын әр кемтар балаға тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың XХХVІІІ сессиясының төрағасы |
Қ.Қожалепесов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | К.Назымбеков |
