Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 02/01 "Мемлекеттік сатып алуды бірынғай ұйымдастырушысын айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4594 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 ақпандағы № 5 (1246) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 2 ақпанында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |
