Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.02.2021 № 20 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 "Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4636 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда аудандық "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Қаниев |
| Шалқар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 69 қаулысына қосымша | |
| Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 259 қаулысымен бекітілген |
Шалқар ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы және әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының ата–ана төлемақысының бір күнге мөлшері (теңге) | |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | ||
1 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 12 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 33453 | 400 |
2 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 33453 | 400 |
3 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Еркемай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 170 | 33453 | 400 |
4 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Нұрсәт" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 90 | 33453 | 400 |
5 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 33453 | 400 |
6 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Болашақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 72 | 33453 | 400 |
7 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұр-Тілек" балабақшасы" | 75 | 33453 | 400 |
8 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Салтанат-Эль" балабақшасы" | 140 | 33453 | 400 |
9 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Томирис" балабақшасы" | 41 | 33453 | 400 |
10 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Балабақша Нұр-Дана Дс+" | 70 | 33453 | 400 |
11 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Нұр-Бота" бөбекжай-балабақшасы" | 61 | 33453 | 400 |
12 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нартайлақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
13 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 36879 | 400 |
14 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шұғыла" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
15 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
16 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
17 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жауқазын" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
18 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Толағай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
19 | "Шалқар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 36879 | 400 |
20 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бәйшешек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
21 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Құралай" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 45 | 36879 | 400 |
22 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің аппараты "Аружан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
23 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбұлақ" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 55 | 36879 | 400 |
24 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбала" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
25 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ертөстік" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 140 | 36879 | 400 |
26 | "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 25 | 36879 | 400 |
