Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жауапты құрылымдық бөлімшелері тиісті ақпараттарды ашық деректердің интернет-порталында орналастыра отырып, ашық деректер тізбесінде көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14763 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Агенттіктің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты одан әрі орындау үшін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын онымен таныстыруды;
3) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
А. Жаилғанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.07.2020 № 118 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| № | Ашық деректер жиынының атауы | Өзекті ету кезеңі | Ұсыну мерзімі | Ашық деректер интернет-порталының дереккөзі (автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (бұдан әрі – АЖО) немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) | Жауапты бөлімше |
|---|---|---|---|---|---|
1. | ҚР МҚІА құрылымы туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері | жыл сайын | 15 қаңтарға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті |
3. |
ҚР МҚІА аумақтық органдары, | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі |
4. | ҚР МҚІА бос орындар туралы ақпарат | тоқсан сайын | есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі |
5. | ҚР МҚІА басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі | тоқсан сайын | есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті |
6. | ҚР МҚІА Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат | жыл сайын | 20 қаңтарға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті |
7. | Мемлекеттік қызмет кадрларының гендерлік құрамы туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
8. | Мемлекеттік қызмет кадрларының жас құрамы туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
9. | Мемлекеттік қызметшілердің білімі туралы статистикалық ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті ҚР Президенті жанындағы МБА |
10. | Мемлекеттік қызметшілердің өтілі туралы статистикалық ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
11. | Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
12. | Мемлекеттік органдарда конкурстар өткізу нәтижелері туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
13. | Мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы білуі бойынша тестілеу нәтижелері және жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы |
14. | ҚР МҚІА Әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат | тоқсан сайын | есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті |
15. | Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпарат | тоқсан сайын | есептік кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті |
16. | Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттар тізбесі | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті |
17. | ҚР МҚІА желісі бойынша жүргізілетін халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті |
18. | ҚР МҚІА стратегиялық жоспары | бекіту қорытындысы бойынша | оны бекіткен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті |
19. | ҚР МҚІА операциялық жоспары | жыл сайын | ҚР МҚІА стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті |
20. | ҚР МҚІА Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті |
21. | ҚР МҚІА ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізбесі | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
22. | Персоналды басқару бойынша жұмыс тиімділігін бағалау нәтижелері | жыл сайын | 1 қыркүйекке | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
23. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметіне қатысу | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО |
ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
24. | Мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, оның ішінде шетелде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
25. | Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау нәтижелері | тоқсан сайын | есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті |
26. | Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау нәтижелері туралы ақпарат | жарты жылда бір рет | есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті |
27. | Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі | жыл сайын | 20 ақпанға | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
28 | ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер туралы статистикалық деректер | жыл сайын | 30 қыркүйекке дейін | Ашық деректер интернет-порталының АЖО | ҚР Президентінің жанындағы МБА, ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
ҚР Президенті жанындағы МБА – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
AЖО – ашық деректердің жиынын орналастыру үшін интернет-порталда мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны;
API – (application programming interface) – сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітіапхана, сервис) ұсынылатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, дайын бағдарламалар жиыны.
