Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 20.02.2020 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары М.Таңғатаровқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Т.Мұсаев |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Оңтүстік жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 143 | 1 | 1 |
2. | "Түркістан жарық тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 1 | 1 |
3. | "Ныш-Ер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 123 | 1 | 1 |
4. | "Нұр-строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 108 | 1 | 1 |
Барлығы: | 504 | 4 | ||
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Ақ жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1 | 2 |
2. | "Түркістан су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 247 | 1 | 2 |
3. | "Түркістан жарық тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 1 | 1 |
4. | "Оңтүстік жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 143 | 1 | 1 |
Барлығы: | 720 | 6 | ||
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 222 | 1 | 2 |
2. | "Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ататүрік атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 232 | 1 | 2 |
3. | "Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 9 Н.Некрасов атындағы жалпы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 285 | 1 | 2 |
4. | "Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 15 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 217 | 1 | 2 |
Барлығы: | 956 | 8 | ||
