Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 08.05.2019 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiленсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң міндетін атқарушы |
Р. Ғаббасов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Мамлют аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
___________________В. Целуйко
2018 жылғы "__" ____________
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "__" _____ № __ қаулысына 1-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын |
1 | Мамлютка қаласы | Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағы |
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "__" _____ № __ қаулысына 2-қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында ауылдық округтер мен Мамлютка қаласы әкімдеріне кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Кездесуі үшін үй-жай |
1 | Мамлютка қаласы | Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Сәбит Мұқанов көшесі 11 мекенжайы бойынша орналасқан "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют № 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы |
