Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің 04.02.2019 № 02-1/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 07 қыркүйектегі № 09-06-515 санды ұсынысына сәйкес Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданының Ақтоған ауылдық округі Досбол датқа ауылы "Мұхит" шаруа қожалығының уақ малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтоған ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Ахметов |
