“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2018 жылғы 17 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакция жазылсын:
“1. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.”.
3-тармақ мынадай редакция жазылсын:
“3. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
