"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 5067 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5472 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №35, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №18, "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 15 ақпандағы №10448 қаулысына қосымша | |
| Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 наурыздағы №5067 қаулысына қосымша |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерi
№ | Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң (коммуналдық тұрғын үй қорындағы) мекенжайы | Пайдалануға берілген жылы | Айына бiр шаршы метр үшiн төлемақы мөлшерлерi (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасым хан көшесі, №3б үй | 2012 | 60 теңге |
2 | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 8 үйлер | 2012 | 60 теңге |
3 | Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, №10 үй | 2013 | 61 теңге 7 тиын |
4 | Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасым хан көшесі, №1б үй | 2013 | 58 теңге 3 тиын |
5 | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №6, 7, 9, 10, 11, 12 үйлер | 2014 | 60 теңге |
6 | Қызылорда қаласы, Әбу-Насыр Әл-Фараби көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 үйлер | 2015 | 46 теңге 66 тиын |
7 | Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №4, 5, 6 үйлер | 2015 | 60 теңге |
8 | Қызылорда қаласы, Ә.Қашаубаев көшесі, №17б үй | 2015 | 60 теңге |
9 | Қызылорда қаласы, Есім хан көшесі, №17а, 19а, 23б үйлер | 2015 | 60 теңге |
10 | Қызылорда қаласы, Арай тұрғын ауданы, Арай-15 көшесі, №110, 112, 114, 116, 118 үйлер | 2015 | 66 теңге 70 тиын |
11 | Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №1, 2 үйлер | 2016 | 60 теңге |
12 | Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №13 үй | 2016 | 60 теңге |
13 | Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №2, 3, 7, 8 үйлер | 2017 | 91 теңге |
14 | Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №10 үй | 2017 | 93 теңге 3 тиын |
15 | Қызылорда қаласы, Ә.Қашаубаев көшесі, №1, 2 үйлер | 2017 | 92 теңге 7 тиын |
