"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының Қарағанды және Саран қалаларындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы VІ сессиясының "Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекараларын бекіту туралы" № 122 шешімінің (нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1846 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымдағы № 95-96 (20480) "Орталық Қазақстан", 2008 жылғы 21 маусымдағы № 77 (20623) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алып тасталды - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Б. Базарбаев |
| Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
| Қарағанды облыстық мәслихатының | |
| 2018 жылғы 5 қазандағы | |
| XVIII сессиясының № 338 шешіміне | |
| 1-қосымша |
Қарағанды облысының Қарағанды қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

| Қарағанды облыстық мәслихатының | |
| 2018 жылғы 5 қазан | |
| XVIII сессиясының № 338 шешіміне | |
| 2- қосымша |
Қарағанды қаласы
| Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы XVIII сессиясының № 338 шешіміне 3-қосымша |
Қарағанды облысының Саран қаласында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

| Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы XVIII сессиясының № 338 шешіміне 4- қосымша |
Саран қаласы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бағалау аймақтарының № | Бағалау аймақтарының сипаттауы | Түзету коэффициенттері |
I |
003, 004, 005, 007 есептік кварталдар - қаланың орталық бөлігі; | 2,00 |
II | 027, 028, 029 Ақтас кенті. | 1,70 |
III |
001 - индустриялық аймақ, Шығыс өнеркәсіптік аймағы, | 1,40 |
IV |
002, 006, 008, 012, 013 Финский тұрғын алабы, 016, 017, 055; | 1,30 |
V |
ішінара 001 - резервтік және өзге де қала құрылысы қызметіне тартылмаған; | 1,00 |
