"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чапаев ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Чапаев ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) Чапаев ауылының орталығында орналасқан "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;
2) Чапаев ауылының солтүстігінде орналасқан "Юбилейная" көшесі "Жерұйық" көшесіне;
3) Чапаев ауылының орталығында орналасқан "Чапаев" көшесі "Өркениет" көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Чапаев ауылдық округінің әкімі | Б. Жумабаев |
