Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қарғалы ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І. Тынымгеревке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Сыдықов |
| 2018 жылғы 2 шілдедегі № 236 негізгі нормативтік құқықтын актісімен бекітілген |
Қарғалы ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарының ата-ананың айына төлемақы мөлшері (теңге) |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | ||
1 | Қарғалы ауданы Қосестек ауылы "Балауса" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 96 | 34930 | 350 теңге |
2 | Қарғалы ауданы Степной ауылы "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 47 | 34930 | 350 теңге |
3 |
Қарғалы ауданы | 185 | 34930 | 350 теңге |
4 |
Қарғалы ауданың Бадамша ауылы "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" |
85 |
34930 | 350 теңге |
5 |
Қарғалы ауданы Петропавл ауылы "Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Байтерек" | 120 | 34930 | 350 теңге |
6 | Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяков ауылы "Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 96 | 34930 | 350 теңге |
