РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Бұланды аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Кезектен тыс 19 – сессияның | |
|
төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Бұланды ауданы әкімінің м.а. |
Ә.Рақымжанов |
5 ақпан 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы", республиқалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Есполов |
5 ақпан 2018 жыл
| Бұланды аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 ақпан № 6С-19/6 шешіміне қосымша |
Бұланды аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 5С-37/1 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бұланды ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4793 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Бұланды таңы" және "Вести Бұланды жаршысы" газеттерде жарияланған") шешімі;
2. Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 6С-2/3 "Бұланды аудандық маслихаттың 2015 жылғы 10 сәурдегі № 5С-37/1 "Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5305 тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Бұлаңды Ақпарат" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 6С-7/8 "Бұланды аудандық маслихаттың 2015 жылғы 10 сәурдегі № 5С-37/1 "Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығын және салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5658 тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда "Бұлаңды Ақпарат" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/3 "Қызметін Бұланды ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6022 тіркелген, 2017 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі;
5. Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/4 "Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6028 тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі.
