РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Айыртау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. 2016 жылғы 22 қарашадағы № 5 "Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 4774 болып тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 48 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Айыртау ауылдық округі әкімінің | |
| міндетін атқарушы | С. Бекетова |
