Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 8/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 13/1 шешіміне (2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 болып тіркелді) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 31-тармағы, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) бас бостандығынан айыру түрiнде сот белгiлеген қылмыстық жазасын өтеу уақытына.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Е. Габдулин |
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Молдахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
міндетін атқарушы
________________ А. Сапаров
2017 жылғы "29" желтоқсан
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы "22" желтоқсандағы № 22/5 шешіміне қосымша |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданының | |
| әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына | |
| 2-қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Р/с | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санаты | Жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күн көріс деңгейіне еселік қатынасы | Әлеуметтік көмектің атауы | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері | Әлеуметтік көмек көрсету еселігі | Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1. | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен немесе мүліктік залал тартқан азаматтар (отбасылар) | Табысты есепке алмағанда | Төтенше жағдайларға байланысты | 75 айлық есептік көрсеткіш | Біржолғы | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей |
