Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 29.11.2018 № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Құркөл ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Селолық округі әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Б. Сукер |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Ақсу қалалық қоғамдық | |
| денсаулық сақтау басқармасы" | |
| республикалық мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | А. Жалелов |
| 2017 жылғы "21" қыркүйек | |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" | |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы | К. Амренов |
| 2017 жылғы "21" қыркүйек | |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Қазақстан Республикасы | |
| Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
| ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
| Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық | |
| инспекциясы" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Г. Батаев |
| 2017 жылғы "21" қыркүйек |
