Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 487-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су Кодексінің" 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2017 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Рғайбек |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |
Павлодар облысы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 85/11 шешіміне қосымша |
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2017
жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері
Р/с № | Арнайы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер |
теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 113,91 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) | 1000 текше метр | 654,54 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 184,42 |
4 | Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 184,42 |
5 | Су көлігі | 1000 текше шақырым | 25,31 |