"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №1 "Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6797 тіркелген, 2017 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысы бойынша | |
| тексеру комиссиясы төрағасы | Ә. Асанов |
