Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 14.09.2017 № 192 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Дәрібаев |
| Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы №36 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
№ | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы (аудан, қала) | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны | Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi (теңге) | Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге) | ||||||||||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндiк шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндiк шағын-орталықтар | Дербес толық күндiк шағын-орталықтар | Дербес жарты күндiк шағын-орталықтар | ||
1 | Жалағаш ауданы | 945 | 300 | 0 | 0 | 0 | 24240 | 19187 | 0 | 0 | 0 | 22690 | 13614 | 0 | 0 | 0 |
