1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ойыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы: |
Б. Бисекенов |
| Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешіміне қосымша |
Ойыл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 113 "Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-57 болып тіркелген, 2009 жылдың 12 наурызында аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);2. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 148 "29 қаңтар 2009 жылғы № 113 "Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-67 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
3. Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 144 "Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу сұлбасы (схемасы) және жер салығының базалық ставкаларының түзету коэффициенттері туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-11-68 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
4. Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 болып тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
5. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 148 "Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3823 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірдегі аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
6. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 254 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4479 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
7. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 149 "Ойыл аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 сәуірінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
8. Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 191 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 140 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4017 болып тіркелген, 2014 жылдың 9 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
9. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 тамыздағы № 255 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 156 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған);
10. Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 282 "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4722 болып тіркелген, 2016 жылдың 25 ақпанында аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған).
