Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының м.а. 2017 жылғы 19 шілдедегі № 16-07/163 ұсынысы негізінде Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нұра ауылдық округінің Байдалы мал қыстағындағы "Айбек" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин алынсын.
2. Ырғыз ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5511 тіркелген, 2017 жылдың 7 маусымда "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Нұра ауылдық округінің әкімі: | Ж.ТӨЛЕБАЙ |
