Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 5С-13/5 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қалалық мәслихат сессиясының төрайымы |
Н.Лощинская |
|
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
30.03.2017 ж.
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
С.Қойшыбаев |
30.03.2017 ж.
| Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/5 шешіміне қосымша |
Степногорск қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
№ р/р | Салық салу объектісінің атауы | Айына бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 15 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |
