Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 07.09.2017 № 22 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 190 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 4 "Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс, Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3955 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 шілдеде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1.Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долинный, Төңкеріс ауылдары аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Шөптікөл, Қоныссай ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
3. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б.Рахматуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Долин ауылдық округінің әкімі |
Б.Митанов |
