Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы аумағында тұратын тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) 50 жастан асқан тұлғалар;
2) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
3) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
4) дәрігерлік–кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулі тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | В. Дубовицкий |
