Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 04.07.2017 № 230 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13717 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 306 қаулысымен бекітілді |
Субсидияланатын өсімдік қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың шекті нормалары
Ескерту. Тізбесіне өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 13.10.2016 № 445 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидияланатын гербицидтердің түрлері | Өлшем бірлігі | 1 литр/килограмм гербицидтің құнын арзандату пайызы | Сатып алынған гербицидтердің 1 литр/килограмм субсидиялар нормалары, теңге |
1. | Торнадо 500, сулы ерітінді (глифосат 500 г/л) | литр | 50 | 1620 |
2. | Гранстар ПРО, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (трибенурон-метил, 750 г/кг) | килограмм | 50 | 52380 |
3. | Дианат, 48% сулы ерітінді (дикамба, 480 г/л) | литр | 50 | 3000 |
4. | Октиген, 40% эмульсия концентраты (хлорсульфурон + аз ұшатын эфир 2.4-Д) | литр | 50 | 1017,5 |
5. | Эстерон 600, эмульсия концентраты (2,4-Д қышқыл түріндегі 2-этилгексил эфирі, 905 г/л) | литр | 50 | 1804,5 |
6. | Ланс, сулы ерітінді (аминопиралид, 240 г/л) | литр | 50 | 17594 |
7. | Пума-супер 7,5%, майлы- сулы эмульсиясы, (феноксапроп-п-этил, 69 г/л + мефенпир-диэтил (антидот), 75 г/л) | литр | 50 | 2935,8 |
8. | Пума Супер 100, 10% эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 100 г/л + мефенпир-диэтил (антидот), 27 г/л) | литр | 50 | 3199,7 |
9. | Ураган форте 500, сулы ерітінді (глифосат калий тұзы түрінде, 500 г/л) | литр | 50 | 1444 |
10. | Сонраунд, 48% сулы ерітінді (глифосат, 360 г/л) | литр | 50 | 1296 |
11. | Эстет, эмульсия концентраты (2,4-Д қышқыл түріндегі 2-этилгексил эфирі, 905 г/л) | литр | 50 | 1710 |
12. | Раундап Экстра, 54% сулы ерітінді (глифосат, 540 г/л) | литр | 50 | 1800 |
13. | Зерномакс, эмульсия концентраты (2,4-Д қышқыл түріндегі 2-этилгексил эфирі 2,4-Д, 500 г/л). | литр | 50 | 1950 |
14. | Экспресс, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (трибенурон-метил, 750 г/кг) | килограмм | 50 | 66060 |
15. | Балерина, эмульсия суспензиясы (2,4-Д күрделі қышқыл түріндегі 2-этилгексил эфирі, 410 г/л) | литр | 50 | 3240 |
16. | Эллай лайт, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (метсульфурон-метил, 391 г/кг + трибенурон-метил, 261 г/кг) | килограмм | 50 | 66780 |
17. | Секатор Турбо, майлы дисперсия (иодосульфурон-метил-натрия, 25 г/л + амидосульфурон, 100 г/л + мефенпир-диэтил (антидот) 250 г/л) | литр | 50 | 11446,4 |
18. | Жойкын Дара, 75% сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (глифосат, 747 г/кг) | килограмм | 50 | 2300 |
19. | Вулкан, 60% сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (метсульфурон-метил, 600 г/кг) | килограмм | 50 | 20000 |
20. | Эскадрон, 70, эмульсия концентраты (2,4-Д қышқыл түріндегі 2-этилгексил эфирі, 850 г/л) | литр | 50 | 1500 |
21. | Майстер Пауэр, майлы дисперсия (форамсульфурон, 31,5 г/л + иодосульфурон-метил-натрия, 1,0 г/л + тиенкарбазон-метил, 10 г/л + ципросульфид (антидот), 15 г/л) | литр | 50 | 5112,9 |
22. | Пума Турбо, эмульсия концентраты (феноксапроп-п-этил, 120 г/л+ мефенпир-диэтил (антидот) 33 г/л) | литр | 50 | 3892,4 |
23. | Стомп, 33% эмульсия концентраты (пендиметалин, 330 г/л) | литр | 50 | 1620 |
24. | Гезагард 500, суспензиялы концентрат (прометрин, 500 г/л) | литр | 50 | 2520 |
26. | Титус, 25% құрғақ ағатын суспензия (римсульфурон, 250 г/кг) | килограмм | 50 | 135000 |
27. | Бицепс гарант, эмульсия концентраты (этофумезат, 110 г/л + десмедифам, 70 г/л + фенмедифам, 90 г/л) | литр | 50 | 4680 |
28. | Зенкор ультра, суспензия концентраты (метрибузин, 600 г/л) | литр | 50 | 7257,1 |
29. | Пирамин-Турбо, 52% суспензия концентраты (хлоридазон, 520 г/л) | литр | 50 | 4637,5 |
30. | Дикамин Д, 72% сулы ерітінді (2,4-Д аминді тұз) | литр | 50 | 1500 |
31. | Смерч, сулы ерітінді (глифосат 540 г/л) | литр | 50 | 1443,5 |
32. | Спрут экстра, сулы ерітінді (глифосат, 540 г/л) | литр | 50 | 1665 |
33. | Гранат, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (трибенурон-метил, 750 г/кг) | килограмм | 50 | 46250 |
34. | Зенит, коллоидтік ерітінді концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4-Д қышқылы, 950 г/л) | литр | 50 | 1785 |
35. | Монитор, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (метсульфурон-метил 600 г/кг) | килограмм | 50 | 22860 |
36. | Прогресс, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4-Д қышқылы, 905 г/л | литр | 50 | 1512 |
37 | Стратос ультра, 10% эмульсия концентраты (циклоксидим, 100 г/л) | литр | 50 | 3000 |
38 | Рестрикт, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (тифенсульфурон-метил, 545 г/кг + метсульфурон-метила, 164 г/кг) | килограмм | 50 | 64260 |
39 | Пантера, 4% эмульсия концентраты (хизалофоп-п-тефурил, 40 г/л) | литр | 50 | 3100 |
40 | Ланцелот, 450, сулы -диспергирлендірілген түйіршіктер (аминопиралид, 300 г/кг + флорасулам, 150 г/кг) | килограмм | 50 | 52240 |
41. | Видмастер 480, сулы ерітінді (дикамба, 124 г/л + 2,4 Д, 357 г/л) | литр | 50 | 2 100 |
42. | Гроза 60%, эмульсия концентраты (2-этилгексил эфирі 2,4 дихлорфеноксиуксус Қышқылы 600 г/л | литр | 50 | 1 807 |
43. | Триумф, 48% сулы ерітінді (глифосат, 360 г/л) | литр | 50 | 1 500 |
44. | Фенизан, сулы ерітінді (дикамба, 360 г/л + хлорсульфурон 22,2 г/л) | килограмм | 50 | 4 680 |
