"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 446-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Құрманғазы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3308 санымен тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда аудандық "Серпер" үнжариясында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
"базалық" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың ХХХХІV сессиясының төрағасы |
Б. Жүгінісов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Сұлтанияев |
