"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашадағы "Наше время" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"16-1) Балалардың және жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету";
"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіп орындар тізбесі мынадай мазмұндағы 34) тармақшасымен толықтырылсын:
"34) Денисов ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Денисов ауданының психологиялық–педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";
28), 30), 31), 32), 33) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"28) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
30) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
31) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Солнечный" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
32) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
33) "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Б. Сикироваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Жаманов |
