“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Жалағаш аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 29-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4620 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жалағаш аудандық мәслихатының Регламетінде:
7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
“7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi”.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жалағаш аудандық | Жалағаш аудандық |
| мәслихатының XLIVсессиясының | мәслихатының |
| төрағасы | хатшысы |
| М. ЕСПАНОВ | К. СҮЛЕЙМЕНОВ |
