РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылдың 17 сәуіріндегі № 156 ұсынысы негізінде Барқытбел ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Барқытбел ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К.Кебиспаевқа шектеу іс-шараларынан туындайтын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның "Үржар Вет" мал дәрігері А.Чалабаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Барқытбел ауылдық | |
| округінің әкімі | Н. А. Ануарбеков |
| Келісілді: | |
| Қазақстан Республикасы ауыл | |
| шаруашылық Министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Үржар | |
| аудандық аумақтық инспекциясының | |
| мемлекеттік ветеринариялық | |
| санитарлық инспекторы | К.Кебиспаев |
"16" шілде 2014 ж.
| Мемлекеттік коммуналдық | |
| кәсіпорынның "Үржар Вет" | |
| мал дәрігері | А.Чалабаев |
"16" шілде 2014 ж.
