РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 02.03.2015 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б.Парманов |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
| 16722 | 12902 | 3820 |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
| Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | ||
| Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық | Инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі ұйым |
| 18375,0 | 12122,4 | 45727,0 |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес) |
| 337,35 | 7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.
