Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 03.05.2019 № 1-03/74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңы 28-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жүргізу науқанын өткізу мақсатында, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
3. Лебяжі ауданы әкімдігінің мына қаулылары күші жойылды деп танылсын:
2011 жылғы 25 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіт баспасөз материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы" N 31/1 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 25 ақпанда № 12-9-127 тіркелген, 2011 жылғы 26 ақпанда аудандық "Аққу үні" газетінің № 21 санында жарияланған);
2011 жылғы 29 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар белгілеу туралы" N 345/26 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 12-9-149 тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Аққу үні" газетінің № 78 санында жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.А. Мұқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Құрманова |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Лебяжі аумақтық сайлау | |
| комиссиясының төрайымы | Г. Қалиева |
| 2014 жылғы "21" сәуір |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
N р/с | Елді мекеннің атауы | Стендтер саны | Стендтерді орналастыру орны |
1. | Аққу ауылы | 5 | орталық аудандық аурухана ғимаратының жанында стенд |
орталық аудандық кітапхана ғимаратының жанында стенд | |||
мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ғимаратының жанында стенд | |||
"Айналайын" балабақшасы ғимаратының жанында стенд | |||
халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының жанында стенд | |||
2. | Жамбыл ауылы | 2 | ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратының жанында стенд |
балабақша ғимаратының жанында стенд | |||
3. | Жанатан ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
4. | Әйтей ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
5. | Майкарағай ауылы | 2 | мәдениет үйі ғимаратының жанында стенд |
Майқарағай жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының жанында стенд | |||
6. | Мерғалым ауылы | 1 | Уахатов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының жанында стенд |
7. | Бескарағай ауылы | 2 | фельдшерлік пункт жанында стенд |
сауда орталығына қарама қарсы стенд | |||
8. | Шарбақты ауылы | 2 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында стенд | |||
9. | Төсағаш ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
10. | Жабағлы ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
11. | Черное ауылы | 3 | ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында стенд |
ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының жанында стенд | |||
Потанин жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының жанында стенд | |||
12. | Шәмші ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
13. | Шабар ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
14. | Ямышев ауылы | 2 | ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының жанында стенд |
"Болашақ" балабақшасы ғимаратының жанында стенд | |||
15. | Тілектес ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
16. | Қызылқоғам ауылы | 1 | Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының жанында стенд |
17. | Қазы ауылы | 2 | ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында стенд |
Қазы жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратының жанында стенд | |||
18. | Баймолдин ауылы | 2 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының жанында стенд | |||
19. | Тақыр ауылы | 1 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
20. | Теренкөл ауылы | 1 | ауылдық кітапхана ғимаратының жанында стенд |
21. | Малыбай ауылы | 1 | ауылдық кітапхана ғимаратының жанында стенд |
22. | Қазантай ауылы | 2 | ауылдық клуб ғимаратының жанында стенд |
"Ертіс орманы" МОТР" ММ Көкжал орман шаруашылығы ғимаратының жанында стенд | |||
23. | Шақа ауылы | 1 | "Ертіс орманы" МОТР" ММ Бесқарағай филиалы ғимаратының жанында стенд |
24. | Шоқтал ауылы | 1 | ауылдық кітапхана ғимаратының жанында стенд |
Сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар
N р/с | Елді мекеннің атауы | Кездесу орны |
1 | Аққу ауылы | Ж. Кенжеғалиев атындағы спорт кешені |
2 | Жамбыл ауылы | Мәдениет үйі |
3 | Жанатан ауылы | Ауылдық клуб |
4 | Әйтей ауылы | Ауылдық клуб |
5 | Майкарағай ауылы | Мәдениет үйі |
6 | Мерғалым ауылы | Уахатов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залы |
7 | Бесқарағай ауылы | Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залы |
8 | Шарбақты ауылы | Ауылдық клуб |
9 | Төсағаш ауылы | Ауылдық клуб |
10 | Жабағлы ауылы | Ауылдық клуб |
11 | Черное ауылы | Мәдениет үйі |
12 | Шәмші ауылы | Ауылдық клуб |
13 | Шабар ауылы | Ауылдық клуб |
14 | Ямышев ауылы | Ямышев жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залы |
15 | Тілектес ауылы | Ауылдық клуб |
16 | Қызылқоғам ауылы | Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі |
17 | Қазы ауылы | Мәдениет үйі |
18 | Баймолдин ауылы | Баймолдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі |
19 | Тақыр ауылы | Ауылдық клуб |
20 | Тереңкөл ауылы | Ауылдық кітапхана |
21 | Малыбай ауылы | Ауылдық клуб |
22 | Қазантай ауылы | Ауылдық клуб |
23 | Шақа ауылы | Мәдениет үйі |
24 | Шоқтал ауылы | Ауылдық клуб |
