Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2024 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.06.2026 № 443 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.05.2024 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Персоналды басқару департаменті (Б.Т. Айқымбаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет төрағалары осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің барлық ведомстволарының аумақтық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 114 бұйрығымен бекітілген |
Міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізімі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.06.2026 № 443 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Міндеттер, оның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттемелердің атауы | Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары | Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы | Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру; | "Е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИАЦЖ) "Қаржы және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру" және "Аналитикалық орталық" кіші жүйелері арқылы бюджеттердің атқарылуы, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайы, қаржы қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайының өзгерістері туралы толық және анық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру |
Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса ) (бұдан әрі – Т.А.Ә.); |
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығы, "Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну нысандары мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығы, |
2 | Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет шығыстарын жоспарлау; республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру | Пайдаланушыны тіркеу және авторизациялау, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, мемлекеттік органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстары бойынша бюджеттік сұранымды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджетін нақтылау, түзету мақсатында мемлекеттік жоспарлаудың (бюджеттік жоспарлаудың) цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ЦЖ) құжаттарға қол қою | ЖСН; Т.А.Ә.; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; пайдаланушының ЭЦҚ деректері. | Бюджет кодексі, "Бюджеттік өтінімді дайындау, ұсыну және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығы |
3 | Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастыру, бюджет қаражатын пайдалану бойынша мониторинг рәсімдерін жүйелеу; | Т.А.Ә.; "e-Қаржымині" ИАЦЖ пайдаланушысының логині | Бюджет кодексі, № 275 бұйрық |
"е-Қаржымині" ИАЦЖ-ның "Мемлекеттік органдардың бухгалтерлік операциялары деректерінің бірыңғай қоймасы" ЦЖ-сын және "Онлайн бюджеттік мониторинг" ЦЖ-сын пайдалана отырып, бюджеттік процесті оның барлық кезеңдерінде (жоспарлау, сатып алу, орындау және аудит) қадағалау арқылы мемлекеттік шығыстардың тиімділігіне бақылауды күшейту мақсатында бюджеттік мониторингті онлайн режимде жүргізу | Қызметкердің табель нөмірі; ЖСН; Т.А.Ә.; лауазымы; жұмысқа қабылданған күні; жұмыстан босатылған күні (бар болса); қызметкердің санаты; мәртебелері: зейнеткер, мүгедектігі бар адам; штатта болуы; жалақы бойынша деректер; банк деректері; салық туралы ақпарат; медициналық ақпарат; байланыс деректері; сондай-ақ "е-Қаржымині" ИАЦЖ-ның "Мемлекеттік органдардың бухгалтерлік операцияларының бірыңғай деректер қоймасы" және "Онлайн бюджеттік мониторинг" ішкі жүйелері үшін пайдаланушылардың логиндері | "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығы | ||
4 |
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; | ЭЦҚ көмегімен электрондық форматта құжаттарға қол қою кезінде деректерді толтыру және "е-Қаржымині" ИАЦЖ-ның "Бухгалтерлік есеп" кіші жүйесі арқылы "Қазынашылық-клиент" ЦЖ-ге жіберу үшін төлем шоттарын қалыптастыру |
Т.А.Ә.; ЖСН; | "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы Заң), "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығы, "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығы (бұдан әрі - № 328 бұйрық) |
5 |
Республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу; | Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және "е-Қаржымині" ИАЦЖ арқылы бюджеттің шығыс бөлігін орындау мақсатында оларға өзгерістер енгізу. Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау) ЦЖ-ның "Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау" модулінде де пайдаланушыларды тіркеу және авторизациялау, құжаттарға қол қою | ЖСН; Т.А.Ә.; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; пайдаланушының логині; пайдаланушының ЭЦҚ деректері | Бюджет кодексі, № 328 бұйрық |
6 | Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету | Есептерді қалыптастыру және жалақы есептеу мүмкіндігін беретін қызметкерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің персоналды басқару, оның ішінде кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік органда еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету |
Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер; туған күні, туған жері; ұлты; жынысы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы; нөмірі; берілген күні; қолданылу мерзімі; | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14456 болып тіркелді), "Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелді), Қазақстан Республикасының Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) |
7 | Мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету | Пайдаланушыны сотта белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру үшін "е-Қаржымині" ИАЦЖ "Заңмен қамтамасыз ету" кіші жүйесінде тіркеу |
Т.А.Ә., ЖСН, туған күні; пайдаланушының логині; | "Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысы |
8 |
Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш пен мемлекет алдындағы борышты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету мониторингі; | "е-Қаржымині" ИАЦЖ "Мемлекеттік қарыз алу және кредиттеу бөлігінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы" кіші жүйесінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау |
Т.А.Ә., ЖСН; пайдаланушының логині; | Бюджет кодексі |
9 | Кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру |
"АСТАНА-1" ЦЖ-да мынадай құжаттарды қалыптастыра отырып, кедендік операцияларды жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру: | Т.А.Ә.; дара кәсіпкердің (бұдан әрі – ДК) атауы; туған күні; ЖСН; ДК бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН); тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың деректері | "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кеден кодексі), "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ратификациялау туралы заң) |
10 | Салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуды және реинжинирингті жүзеге асыру | Салық есептілігі нысандарын (бұдан әрі – СЕН) қабылдау және өңдеу процесін автоматтандыру, есептеулер тізілімін қалыптастыру, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі ( бұдан әрі – ҚҚС), "Салық есептілігін өңдеу сервистері" ЦЖ арқылы ҚҚС өтелуін бақылау | Т.А.Ә.; ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; ҚҚС бойынша мәліметтер; ұсынылған ҚҚС және салықтық өтініштер туралы мәліметтер; кеден одағы бойынша есептілік (СЕН 328.00); жазылған ілеспе жүкқұжаттар бойынша мәліметтер | Салық кодексі |
СЕН ұсыну процесін автоматтандыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорына қол жеткізуді ұсыну, "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымша" ЦЖ арқылы электрондық салық қызметтерін ұсыну | Т.А.Ә.; ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; электрондық пошта мекенжайы; ҚҚС бойынша мәліметтер; ұсынылған СЕН; салықтық өтініштер және жазылған ілеспе жүкқұжаттар туралы мәліметтер | |||
Нысандар мен әдістерді жетілдіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды автоматтандыру | Т.А.Ә.; туған күні; ЖСН; ДК БСН; тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; жынысы; ұлты; туған жері; туған күні; азаматтығы, оның ішінде азаматтығы (бұрынғы Қазақстан Республикасының азаматтығында қалпына келтіру күні; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; ДК тіркеу (тіркеуден шығару) күні; қызмет түрі; салық төлеушінің тіркеу есебі жөніндегі салық органының коды; банктік шот; фискалдық деректер операторы | Салық кодексі, "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 975 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы | ||
11 | Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл | Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық-импорттық операцияларын жүзеге асыру үшін "Экспорттық-импорттық операциялар жөніндегі бірыңғай терезе" ЦЖ порталы арқылы бірыңғай кіру нүктесін қамтамасыз ету, кеден саласындағы экспорттық-импорттық операцияларды және мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру кезінде рұқсат құжаттарын беруге байланысты процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, мысалы: сертификаттар мен растау туралы декларациялар беру тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының үлгілерін әкелуге арналған қорытындылар, балалар тағамы өнімдерін және өнімдер мен заттардың басқа да жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің белгілі бір түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге арналған рұқсаттар, мемлекеттік бақылау актілері, қауіпсіздік туралы куәліктер мен мақұлдаулар; әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша тауарды жіктеу туралы, тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешімдер беру; кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттердің, кеден дела саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЗТ және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу; заңды тұлғаларды кедендік тізілімдерге енгізу | Т.А.Ә.; туған күні; ЖСН; ДК БСН; тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы | Кеден кодексі, Ратификациялау туралы заңы, "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" ұлттық механизмі эталондық моделінің сипаттамасы туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 6 шешімі |
12 | ЕАЭО бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу | "Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі цифрлық жүйе" ЦЖ (бұдан әрі –ЭШФ ЦЖ) және шот-фактуралардың құжат айналымына байланысты операцияларды автоматтандыру арқылы электрондық шот-фактураларды жіберу және алу бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесін автоматтандыру | Т.А.Ә.; ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; ҚҚС сомасы туралы мәліметтер; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; тұруға ықтиярхаттың нөмірі; телефон нөмірі; биометриялық сәйкестендірудің деректері | "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы, Салық кодексі, "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 589 қаулысы, "Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37241 болып тіркелді) |
13 | Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына, сапасына және мұнай өнімдері мен биоотын айналымы саласында мемлекеттік реттеу саясатын іске асыру және мемлекеттік бақылауды іске асыру | "Акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау" ЦЖ-да акцизделетін өнімнің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру арқылы акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау | ЖСН; ДК БСН; ДК атауы; ДК заңды мекенжайы; салық төлеушіні тіркеу есебі бойынша салық органының коды | "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелді), "Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелді) |
14 |
Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету; | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы азаматтарды хабардар ету, телеконференцияларға қатысу мүмкіндігін беру, ақпараттық таратулар алу, өзге де мемлекеттік сервистер мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Web-порталы" ЦЖ-да салық төлеуші және оның салық міндеттемелері, алдағы төлемдері туралы мәліметтерді жинау, салық төлеушіні, салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерін іздеуді жүзеге асыру | Т.А.Ә.; ЖСН; ДК БСН | Салық кодексі |
15 |
Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден саласындағы саясатын іске асыру, | Салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу, есептеулерді есепке алу және есептік нысандарын алу, төлемдерді қабылдау және өңдеу, өтініштер, есепке жатқызуға арналған өкімдер, аналитикалық ЦЖ үшін жинақталған деректерді құрылымдау және ұсыну; "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" ЦЖ арқылы басқа мемлекеттік органдардың ЦЖ-мен және цифрлық үкіметтің компоненттерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қоса алғанда | Т.А.Ә.; ЖСН; ДК БСН; төленген салық сомалары туралы ақпарат; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды | Салық кодексі |
"Интеграцияланған деректер базасы" ЦЖ және "Бірыңғай деректер қоймасы" ЦЖ (бұдан әрі – БДҚ ЦЖ) арқылы келесі процестерді автоматтандыру: | Т.А.Ә.; ЖСН; ДК БСН; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды | Салық кодексі | ||
16 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу | Бұзушылықтарды анықтау мақсатында "Тәуекелдерді басқару жүйесі" ЦЖ-да салық операцияларын жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру | Т.А.Ә.; ЖСН; ДК БСН; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды; салықтардың төленген сомалары бойынша ақпарат | Салық кодексі |
17 |
Кедендік әкімшілендіруді және кедендік бақылауды жүзеге асыру; | Тауарларды алдын ала ақпараттандырумен, кедендік шекара арқылы өткізумен, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастырумен, тауарларды шығарумен және кедендік бақылауды, оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауды, жүргізумен байланысты "Деректердің интеграцияланған қоймасы" ЦЖ, "Тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі" ЦЖ, "Кедендік автоматтандырылған және цифрлық жүйе" ЦЖ арқылы кедендік операцияларын жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру | Т.А.Ә.; туған күні; ЖСН; БСН ; тұрғылықты мекенжайы; заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері | Кеден кодексі, Ратификациялау туралы заң |
18 | Республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, жекешелендіру саласында басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру | Мемлекеттік мүлік тізілімінің техникалық және бағдарламалық құралдарының жұмыс істеуі, жаңғыртылуы және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын сүйемелдеу; пайдаланушыларға мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, ЦЖ қолдана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсету; есепке алуды жүзеге асыру және есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын электрондық нысанда пайдалана отырып, сауда-саттықты өткізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін ақша төлемдері мен аударымдары бойынша тұлғалар | Т.А.Ә.; ЖСН; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; мүліктің мекенжайы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; туған күні; жалға алушының деректері; тұрғын үй; деректемелер, шарттың қолданылу мерзімі (нөмірі, күні), өтініш берушінің мекенжайы; құжаттың берілген күні; жалдау төлемі; кадастрлық нөмірі |
"Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысы, "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелді), |
19 | Бағалау қызметі саласындағы аудиторлық және кәсіптік ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру; ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыру | Ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық есептерін жинау; жосықсыз бағалаушылар мен бағалаушылар палаталарының тізілімін, бухгалтерлердің кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдары мен бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының тізімдерін, аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізімдерін жүргізу; қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде тәуекелдерді басқару | Т.А.Ә.; ЖСН; телефон нөмірі; пайдаланушының логині; электрондық пошта мекенжайы; пайдаланушының ЭЦҚ деректері; мекенжай деректері | Бухгалтерлiк есеп туралы заң, "Аудиторлық қызмет туралы" және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, "Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 қаулысы, "Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26686 болып тіркелді), "Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16905 болып тіркелді), "Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16906 болып тіркелді), "Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15614 болып тіркелді); "Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14818 болып тіркелді); "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелді) |
20 | Сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін, қаржылық бақылауды, камералдық бақылауды жүзеге асыру | Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді жүргізу, аудиторлық іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешім қабылдау және құжаттар жасау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қаржылық бақылау шеңберінде құзыреті шегінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) есепке алу бойынша көрсету, нұсқамалардың орындалуы және кінәлі адамдарды жауапқа тарту, жүзеге асыру жолымен анықталған бұзушылықтар сомасы бюджетке өтеуді, қалпына келтіруді қамтамасыз ету; камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру |
Т.А.Ә.; ЖСН; | "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16677 болып тіркелді), "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелді); "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелді) |
21 | Бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, оларға кассалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік қазынашылық органдары қызмет көрсететін ұйымдар пайдаланушыларын "Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да аутентификациялау және тіркеу | Т.А.Ә.; ЖСН; логин; электрондық пошта мекенжайы | Бюджет кодексі, № 328 бұйрық |
Мемлекеттік қазынашылық органдары қызмет көрсететін ұйымдардың төлемдерін жүргізу (зейнетақы жарналары бойынша, әлеуметтік аударымдар бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша және сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша, жалақыны, стипендияларды және банкте ашылған ағымдағы немесе жинақ шоттарына басқа да ақшалай төлемдерді аудару) | Т.А.Ә.; ЖСН; жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК); туған күні | |||
22 | Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу | Порталда шарт жасасу кезінде және порталда шартта пайдаланушының таңдауы үшін банктік деректемелер мен мекенжайларды алу және көрсету; порталда шартта көрсетілетін пайдаланушының байланыс телефонын пайдаланушымен шартта көрсетуі; "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ЦЖ арқылы сатып алуға қатысушылардың тізілімін қалыптастыру | ДК БСН, ЖСК, телефон нөмірі, басшының ЖСН, электрондық пошта мекенжайы | "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) |
