Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттiк бас ветеринариялық инспекторының ұсынысы негiзiнде Қызыләскер ауылдық округi әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:
1. Малдардың құтыру ауруының анықталуына байланысты Қызыләскер ауылдық округiнiң Черное ауылындағы Абай көшесiнде шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Қызыләскер ауылдық | |
| округінің әкімі | Б. Пұсырханов |
| КЕЛІСІЛДІ | |
| "Қазақстан Республикасы Ауыл | |
| шаруашылығы министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық | |
| аумақтық инспекциясы" | Г. Сагалов |
