Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы N 25/158-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-2-84 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанында "Арыс ақиқаты" газетінің 52 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бірінші тармағындағы "1 (бір) мың теңге" деген сөздер "2 (екі) айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қалалық мәслихат | |
| сессия төрағасы: | С.Файзуллаев |
| Қалалық мәслихат хатшысы: | Ө.Керiмқұлов |
