Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық Кодексінің 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕДІ:
1. Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес мөлшерде белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 9 желтоқсандағы №20/155 "Ойын бизнесі субъектілері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылған деп табылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы, | |
| Аудандық мәслихат хатшысы Р.Шалбаев | |
"Келісілді"
Бейнеу аудандық салық
басқармасының бастығы
______________Ә.Әкімбаев
"____"____________2009 ж
| 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 13/91 шешімге қосымша |
Қызметін аудан аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары
| Рет саны | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен) |
| 1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
| 2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
| 3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
| 4. | Ойын жолы | 5 |
| 5. | Карт | 2 |
| 6. | Бильярд үстелі | 3 |
