Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбында және 1 тармақта орыс тілінде "аульный" сөзі "сельский" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына , "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының Черноводск селолық округі Қарақұдық ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Әкімдіктің осы қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Е. САҒЫНДЫҚОВ |
|
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Н.САБДЫҚОВ |
