Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)"
K010209_
Кодексiнiң 470 бабы 1
тармағы 5) тармақшасына және 473 бабына сәйкес облыстық мәслихат шешiм
еттi:
Маңғыстау облысы бойынша 2002 жылы орманды жанама пайдаланғаны үшiн
төлем мөлшерi облыстағы орманды пайдаланудағы өкiлеттi орган - орман және
биоресурстар жөнiндегi Маңғыстау облыстық аймақтық басқармасы жасаған
есептеулер негiзiнде бекiтiлсiн (тiркеледi).
Сессия төрайымы Облыстық
маслихаттың хатшысы
Р.Баданова Б.Чельпеков
Облыстық мәслихаттың
2001 жылғы 25 желтоқсандағы
N 16/151 шешiмiне жалғама
Маңғыстау облысы бойынша 2002 жылы орманды жанама
пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерi
___________________________________________________________________________
NN Орман қоры Өлшем Бағасы теңгемен
бiрлiгi әр бiрлiк үшiн
___________________________________________________________________________
1. Шабындық:
а) түсiмдiлiгi 5 ц.га дейiн га 5
б) түсiмдiлiгi 5,1 ден 8 ц.га дейiн га 10
в) түсiмдiлiгi 8,1 ц.га және одан жоғары га 15
2. Жайылым:
а) құнарлы га 10
б) орта құнарлы га 5
в) құнарсыз га 2
3. Орман - тоғай өспеген жерлер:
Бос алаңқайлар мен ормансыз жерлер га 5
Ескерту:
I. Участоктердiң өнiмдi пайдалану пункттерiнен қашықтығына байланысты
белгiленген төлемге мынадай үстеме алынады:
- 10 км дейiн - 1,5
- 10,1-ден 25 км дейiн - 1,2
- 25,1-ден 40 км дейiн - 1,0
- 40,1-ден 60 км дейiн - 0,8
- 60,1-ден 80 км дейiн - 0,6
- 80 км аса - 0,3
II. Ұзақ мерзiмге (10 жылға дейiн) берiлген шабындықтар мен жайылымдарға және ауылшаруашылық мақсаты үшiн емес уақытша пайдалануға берiлген ормансыз жерлерге төлем екi еселенген жер көлемi категориясы бойынша алынады.
