1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына:
бюджет кірістерінің сыныптамасы:
"107102 Жергілікті бюджетке берешектердің түсімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"107103 Жергілікті бюджетке әлеуметтік салық бойынша берешектердің түсімі";
"201208 Жер учаскелерін жалға беруден түсімдер" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"201209 Қарыз алу лимитінің шегінде аймақтық инвестициялық
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың осы
мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебінен жергілікті бюджеттен
бөлінетін несиелер бойынша сыйақылар";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы:
"3.4 Заңды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі" деген
жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"3.4.101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
3.4.101.33 Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралар";
"12.5.273.30.30 Теміржол көлігіне арналған көпірлер" деген жолдан
кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"12.5.273.30.31 Теміржолдардың құрылысы және оларды қайта құру";
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы:
"1.1.150.152 Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды ұстау және
ағымдағы жөндеу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен
толықтырылсын:
"1.1.153.153 Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығыстары".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Оқығандар:
Бағарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.
