Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясына қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 1067 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2024 жылғы 24 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қабылдаған қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясының жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Төлегенұлы Әленовке Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясына қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 1067 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы;

ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасудахалықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясы

      Бас Ассамблея,

      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты қамтылған халықаралық конвенцияны әзірлеу үшін барлық өңірлерді білдіретін ашық құрамдағы сарапшылардың арнаулы үкіметаралық комитетін құрған өзінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 74/247 қарарына сілтеме жасай отырып, қолданыстағы халықаралық құжаттарды және ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде қабылданатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы күрестегі күш-жігерді, атап айтқанда, киберқылмыс проблемасына жан-жақты зерттеу жүргізу үшін Ашық құрам сарапшыларының үкіметаралық тобының жұмысын және жұмыс қорытындыларын толық көлемде ескере отырып,

      Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты қамтылған халықаралық конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнаулы комитеттің өз жұмысын Нью-Йорк пен Венада жүргізетіні және оны 2022 жылғы қаңтарда конвенция жобасын Бас Ассамблеяға оның жетпіс сегізінші сессиясында ұсыну үшін бастайтыны туралы қаулы еткен өзінің 2021 жылғы 26 мамырдағы 75/282 қарарына да сілтеме жасай отырып,

      киберқылмыстың алдын алуда және оған қарсы күресте оның теріс экономикалық және әлеуметтік салдарына және орнықты дамуға және құқық үстемдігін бекітуге кедергі келтіру қабілетіне байланысты халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың кідіріссіз қажеттігіне нық сенімде бола отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымының киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдаланып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға қатысты электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясы киберқылмыстардың алдын алуда және оларға қарсы күресте және ақшаны жылыстатуды, сыбайлас жемқорлықты, террористік актілерді, адам саудасын, көшіп-қонушыларды заңсыз әкелуді, атыс қаруы, оның құрамдас бөліктері, компоненттері мен оқ-дәрілерінің айналымын, есірткінің заңсыз айналымын және мәдени құндылықтардың заңсыз айналымын қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланыла отырып жасалуы мүмкін қылмыстардың кең ауқымына жататын электрондық нысандағы дәлелдемелерді уақтылы және занды түрде жинауды және бірлесіп пайдалануды қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастықтың тиімді құралы мен қажетті құқықтық негізі болатынына да нық сенімді бола отырып,

      Вьетнамда үкіметіне Конвенцияға қол қою рәсімін өзінде өткізу туралы ұсынысы үшін ризашылық білдіре отырып,

      1. Арнаулы комитет Бас Ассамблеяға Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланыла отырып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясы жобасының түпкілікті мәтінін оны қарау және шешім қабылдау үшін ұсынған Жан-жақты қамтылған халықаралық конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнаулы комитеттің ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы баяндамасын, оның қайта жалғастырылған қорытынды сессиясының жұмысы туралы назарға алады және Арнаулы комитеттің жұмысын жоғары бағалайды;

      2. осы қарарға қоса беріліп отырған Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланыла отырып жасалған белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жасалатын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясын қабылдайды және оны 2025 жылы Ханойда, ал одан кейін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Нью-Иоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының орталық мекемелерінде қол қою үшін ашады;

      3. барлық мемлекетті және құзыретті өңірлік экономикалық интеграция ұйымдарын Конвенцияның күшіне барынша жылдам енуін қамтамасыз ету оған мүмкіндігінше жылдам қол қоюға және оны ратификациялауға табандылықпен шақырады;

      4. Конвенцияға сәйкес құрылатын Қатысушы мемлекеттердің конференциясы өзгеше шешім қабылдағанға дейін Конвенцияның 56-бабында аталған шотқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы билік ететін болады деп қаулы етеді және мүше мемлекеттерді жоғарыда аталған шотқа Конвенцияны ратификациялауға және жүзеге асыруға дайындау үшін дамушы елдер мен экономикасы өтпелі елдерге қажет болуы мүмкін техникалық көмек көрсету мақсатында тиісті ерікті жарналар енгізуді бастауға шақырады;

      5. Арнаулы комитет Бас Ассамблеяның 74/247 және 75/282 қарарларына сәйкес Конвенцияны толықтыратын және атап айтқанда, тиісінше жағдайларда қосымша қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты хаттама жобасы бойынша келіссөздер жүргізу мақсатымен өз жұмысын mutatis mutandis жалғастырады және бұл үшін ұзақтығы 10 күн болатын екі сессия шақырылады, оның біріншісі Конвенцияны Бас Ассамблея қабылдағаннан кейін екі жыл өткеннен кейін, ал екіншісі келесі күнтізбелік жылы тиісінше Вена мен Нью-Йорк қалаларында өтеді; жұмыс қорытындыларын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің конференциясының назарына ұсыну мақсатымен Конвенцияның 57-бабы 5-тармағының (g) тармақшасы мен 61 және 62- баптарына сәйкес оны қарау және одан әрі шаралар қабылдау үшін деп қаулы етеді;

      6. бұдан әрі Арнаулы комитет 74/247 және 75/282 қарарларына сәйкес, Конвенция қабылданғаннан кейін бір жыл өткен соң Конференцияға өзінің бірінші сессиясында қарауы үшін ұсынылатын Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының рәсімі қағидаларының және Конвенцияның 57-бабында көрсетілген басқа да қағидалардың жобаларын дайындау үшін Венада ұзақтығы бес күн болатын mutatis mutandis сессиясын өткізуімен Конвенцияны әзірлеуге байланысты өз міндеттерін орындауды аяқтайды деп қаулы етеді;

      7. мүше мемлекеттерді дамушы елдер өкілдерінің, әсіресе Венада тұрақты өкілдігі жоқ елдердің, Арнайы комитеттің жұмысына қатысуын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін оның ішінде олардың жол жүру және тұру шығыстарын жабу арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы үшін ерікті жарналар енгізуге табандылықпен шақырады;

      8. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің конференциясынан киберқылмыс саласындағы технологиялық өзгерістерді қадағалауды, тиісті шаралар ұсынуды, қиындықтар мен практиканың табысты түрлері туралы тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін киберқылмыс мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің өңірлік және халықаралық кеңестерін өткізуге жәрдемдесуді және басқа да құзыретті үкіметаралық органдар жүргізіп жатқан тиісті жұмыспен өзара байланысты қамтамасыз етуді сұрайды;

      9. Бас хатшыдан Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасына Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының хатшылық функцияларын жүзеге асыруын және Конвенцияның 58-бабына сәйкес оның тапсырмаларын орындауын сұрайды;

      10. Бас хатшыдан Конвенцияның жедел күшіне енуіне тиімді ықпал етуі мен Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының хатшылық функцияларын атқаруы үшін, сондай-ақ жоғарыдағы 5 және 6-тармақтарға сәйкес Арнаулы комитеттің жұмысына қолдау көрсетуі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасына қажетті ресурстар бөлуін де сұрайды;

      11. бұдан әрі Бас хатшыдан Конвенцияның жедел күшіне енуіне жәрдемдесу үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндаманы Бас Ассамблеяның сексенінші сессиясына ұсыну үшін дайындауын сұрайды;

      12. киберқылмыс проблемасына және Конвенцияның оны болғызбаудағы және жолын кесудегі рөліне назар аудару үшін 24 желтоқсанды Халықаралық киберқылмысқа қарсы күрес күні деп жариялау керек екенін қаулы етеді.

  55-ші (қайта жалғастырылған)
  жалпы отырыс
  2024 жылғы 24 желтоқсан

Қосымша

Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясы

      Кіріспе

      Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған мақсаттар мен қағидаттарды назарға ала отырып,

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қоғамның дамуына жәрдемдесуге қабілетті орасан зор әлеуетке ие бола отырып, қылмыскерлерге жаңа мүмкіндіктер ашатынын, қылмыстық іс-әрекеттің ауқымы мен алуан түрлілігін ұлғайтуға ықпал ете алатынын және мемлекеттер, кәсіпорындар және жалпы алғанда адамдар мен қоғамның әл-ауқаты үшін теріс салдарға алып келетінін атап көрсете отырып,

      адам саудасы, көшіп-қонушыларды заңсыз әкелу, атыс қаруын, оның құрамдас бөліктерін, компоненттері мен оқ-дәрілерін заңсыз жасау және олардың айналымы, есірткінің заңсыз айналымы және мәдени құндылықтардың заңсыз айналымы сияқты терроризмге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа байланысты құқық бұзушылықтарды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану қылмыстық құқық бұзушылықтардың ауқымына, жасалу жылдамдығына және көлеміне елеулі түрде әсер ете алатынына алаңдаушылық білдіре отырып,

      қоғамды киберқылмыстан қорғауға бағытталған қылмыстық сот төрелігі саласындағы жаһандық саясатты, атап айтқанда, тиісті заңнаманы қабылдау, қылмыстардың жалпы құрамын және процестік өкілеттіктерді белгілеу және осындай әрекет неғұрлым тиімді алдын алу және оған ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде қарсы іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолымен бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асыру қажеттігіне сенімді бола отырып,

      киберқылмысқа қатысы бар адамдарды, олар қай жерде жасалса да, сол қылмыстары үшін қылмыстық қудалау арқылы оларды қауіпсіз пана іздеуден айыруға шешім қабылдай отырып,

      ішкі заңнаманы және құқықтық нормаларды жетілдіру және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл үшін ұлттық органдардың әлеуетін арттыру мақсатында елдерге, әсіресе дамушы елдерге олардың өтініші бойынша өзара келісілген шарттарда технологиялар беруді қоса алғанда, мемлекеттер арасында, атап айтқанда, техникалық көмек көрсету және әлеуетті нығайту арқылы киберқылмыстың барлық нысанында, оның ішінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл үшін ұлттық органдардың әлеуетін арттыру оның ішінде қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру және олар үшін қылмыстық қудалау арқылы, үйлестіру мен ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін баса көрсете отырып, осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін ерекше атап өте отырып,

      киберқылмыс құрбандары санының артып келе жатқанын, осы құрбандар үшін әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңыздылығын және осы Конвенцияда қамтылған қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес шараларын жүзеге асыру кезінде осал жағдайдағы адамдардың қажеттіліктерін ескеру қажеттілігін тани отырып,

      киберқылмыс нәтижесінде алынған мүліктің халықаралық аударымдарын неғұрлым тиімді етіп алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс деп танылған қылмыстардан түскен кірістерді алып қою және қайтару мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шешім қабылдай отырып,

      киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес барлық мемлекеттің міндеті екенін және осы саладағы өз күш-жігерінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін олар тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелер мен жеке сектор құбұрылымдарының қолдауымен және қатысуымен бір-бірімен ынтымақтасуға тиіс екенін назарға ала отырып,

      ішкі заңнамаға сәйкес осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша барлық тиісті әрекетте гендерлік факторларды ескерудің маңыздылығын тани отырып,

      құқық қолдану міндеттерінің шешімін табу және қолданыстағы халықаралық және өңірлік құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандығын құрметтеуді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып,

      адамдардың жеке өміріне еріксіз немесе заңсыз араласудан қорғалу құқығын және дербес деректерді қорғаудың маңыздылығын тани отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күрестегі жұмысын жоғары бағалай отырып,

      Бас Ассамблеяның 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 74/247 және 2021 жылғы 26 мамырдағы 75/282 қарарларына сілтеме жасай отырып,

      қылмыстық-құқықтық мәселелердегі ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық және өңірлік конвенциялар мен шарттарды, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер арасында қолданыстағы осыған ұқсас шарттарды назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

I тарау

Жалпы ережелер

1-бап

Мақсаттар

      Осы Конвенцияның мақсаттары:

      a) киберқылмыстың алдын алудың және оған қарсы күрестің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауға және нығайтуға жәрдемдесу;

      b) киберқылмыстың алдын алуда және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу, жеңілдету және нығайту;

      c) киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күресу мақсатында, әсіресе дамушы елдердің мүддесі үшін техникалық көмекті және әлеуетті қалыптастыруды көтермелеу, жеңілдету және қолдау.

2-бап

Терминдер

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      a) "ақпараттық-коммуникациялық жүйе" бір немесе бірнеше құрылғы бағдарлама командасы бойынша электрондық деректерді жинауды, сақтауды және автоматты түрде өңдеуді жүргізетін кез келген құрылғыны немесе біріктірілген немесе өзара байланысты құрылғылардың тобын білдіреді;

      b) "электрондық деректер" ақпараттық-коммуникациялық жүйенің жұмысы нәтижесінде қандай да бір функцияны орындайтын тиісті бағдарламаны қоса алғанда, фактілерді, ақпаратты немесе тұжырымдамаларды ақпараттық-коммуникациялық жүйеде өңдеуге жарамды нысанда кез келген ұсынуды білдіреді;

      c) "трафик туралы деректер" ақпараттық-коммуникациялық жүйе арқылы жүзеге асырылатын хабарға жататын, коммуникациялық тізбектің құрамдас бөлігі болып табылатын ақпараттық-коммуникациялық жүйемен генерацияланатын және хабардың көзін, адресатын, бағытын, уақытын, күнін, мөлшері мен ұзақтығын немесе базалық қызмет типін көрсететін кез келген электрондық деректерді білдіреді;

      d) "мазмұн туралы деректер" абоненттік деректер мен трафик туралы деректерден басқа, ақпараттық-коммуникациялық жүйе арқылы берілген деректердің мазмұнына қатысты кез келген электрондық деректерді, атап айтқанда бейнелерді, мәтіндік хабарларды, дауыстық хабарларды, аудиожазбаны және бейнежазба білдіреді;

      e) "көрсетілетін қызметтерді ұсынушы" мыналарды:

      I. өзі көрсететін қызметтерді пайдаланушыларға ақпараттық- коммуникациялық жүйені пайдалану арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін; немесе

      II. осындай коммуникациялық қызметтерді көрсетушінің немесе осындай қызметтерді пайдаланушылардың атынан электрондық деректерді өңдеуді немесе сақтауды жүзеге асыратын кез келген мемлекеттік немесе жеке құрылымды білдіреді;

      f) "абоненттік деректер" трафик немесе мазмұн туралы деректерден басқа, қызметтерді көрсетушіде болатын өз абоненттері туралы кез келген мәліметті білдіреді, олардың көмегімен мыналарды айқындауға болады:

      I. пайдаланылатын коммуникациялық қызметтің түрі, оған байланысты қабылданған техникалық қамтамасыз ету шаралары және қызмет көрсету кезеңі;

      II. абоненттің жеке басы, оның пошталық немесе географиялық мекенжайы, телефон нөмірі немесе басқа да байланыс құралы, қызмет көрсету туралы келісім немесе уағдаластық негізінде болатын есеп айырысу немесе төлем деректемелері;

      III. қызмет көрсету туралы келісім немесе уағдаластық негізінде болатын коммуникациялық жабдық орнатылатын жер туралы кез келген басқа да мәліметтер;

      g) "дербес деректер" айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты білдіреді;

      h) "елеулі қылмыс" кемінде торт жыл болатын ең жоғары мерзімге бас бостандығынан айырумен немесе неғұрлым қатаң жазамен жазаланатын қылмысты білдіреді;

      i) "мүлік" виртуалды активтерді қоса алғанда, зат немесе құқықтар түрінде болатын материалдық немесе материалдық емес, жылжымалы немесе жылжымайтын кез келген активтерді, сондай-ақ осындай активтерге құқықты немесе ондағы мүдделілікті растайтын занды құжаттарды немесе актілерді білдіреді;

      j) "қылмыстан түскен кірістер" қандай да бір қылмыс жасау салдарынан тікелей немесе жанама түрде иемденген немесе алынған кез келген мүлікті білдіреді;

      k) "тоқтатып қою" немесе "тыйым салу" мүлікті беруге, түрлендіруге, иеліктен шығаруға немесе жылжытуға уақытша тыйым салуды не соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оны сақтауды немесе бақылауды уақытша жүзеге асыруды білдіреді;

      l) "тәркілеу" соттың немесе басқа құзыретті органның қаулысы бойынша мүліктен түпкілікті айыруды білдіреді;

      m) "негізгі қылмыс" соның салдарынан осы Конвенцияның 17-бабында көрсетілген қылмыстар жасалуы мүмкін кірістер алынған кез келген қылмысты білдіреді;

      n) "экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы" қандай да бір өңірдің егеменді мемлекеттері құрған, оған мүше мемлекеттер осы Конвенцияда реттелетін мәселелер бойынша өкілеттіктер берген және оның ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, ратификациялауға, қабылдауға, бекітуге немесе оған қосылуға тиісті түрде уәкілеттік берілген ұйымды білдіреді; осы Конвенциядағы "Қатысушы мемлекеттер" деген сілтемелер өз құзыреті шегінде осындай ұйымдарға қатысты болады;

      o) "төтенше жағдай" кез келген жеке тұлғаның өміріне немесе қауіпсіздігіне айтарлықтай және болмай қоймайтын қауіп төнетін жағдайды білдіреді.

3-бап

Қолданылу аясы

      1. Осы Конвенция, егер онда өзгеше көрсетілмесе:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық деп танылған осындай қылмыстардың алдын алумен, тергеп-тексеруге және тоқтатып қоюды, тыйым салуды, тәркілеу мен осындай құқық бұзушылықтардан түскен кірістерді қайтаруды қоса алғанда, оларды қудалауға;

      b) осы Конвенцияның 23 и 35-баптарында көзделгендей қылмыстық тергеп-тексеру немесе сот ісін жүргізу мақсаты үшін дәлелдемелерді электрондық нысанда жинауға, алуға, сақтауға және беруге қолданылады.

4-бап

Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа конвенциялары мен хаттамаларына сәйкес танылған қылмыстар

      1. Қатысушы мемлекеттер қатысушылары болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да қолданылатын конвенциялары мен хаттамаларын жүзеге асыру кезінде олар осы конвенциялар мен хаттамаларға сәйкес танылған қылмыстық құқық бұзушылықтар, егер олар ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланыла отырып жасалса, ішкі заңнама бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар деп саналуын қамтамасыз етеді.

      2. Осы бапта ештеңе де осы Конвенцияға сәйкес іс-әрекеттерді қылмыстық жазаланатын деп тану ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

5-бап

Егемендікті қорғау

      1. Қатысушы мемлекеттер өз міндеттемелерін мемлекеттердің егемендік теңдігі мен аумақтың тұтастығы қағидаттарына және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидатына сәйкес осы Конвенцияға сай орындайды.

      2. Осы Конвенцияда ештеңе де Қатысушы мемлекетке басқа мемлекеттің аумағында оның ішкі заңнамасына сәйкес осы басқа мемлекет органдарының құзыретіне ғана жататын юрисдикцияны және функцияларды жүзеге асыруға құқық бермейді.

6-бап

Адам құқықтарын сақтау

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенциядан туындайтын өз міндеттемелерін орындау кезінде адам құқықтарының халықаралық құқығы бойынша өздерінің міндеттемелерін сақтауын қамтамасыз етеді.

      2. Осы Конвенцияда халықаралық адам құқықтары нормаларына сәйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды, сөз бостандығы, ар-ождан, пікір дін немесе наным-сенім бостандықтарын, бейбіт жиналыстар және бірлестіктер бостандықтарын қоса алғанда шектеуге жол береді деп түсіндірілмейді.

II тарау.

Криминалдану

7-бап

Заңсыз қол жеткізу

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес мұндай әрекет тұтастай алғанда немесе оның кез келген бөлігіне қасақана, заңсыз қол жеткізілген кезде қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет құқық бұзушылық қауіпсіздік шараларын бұзу арқылы, электрондық деректер алу ниетімен немесе өзге де адал емес немесе қылмыстық пиғылы не басқа ақпараттық-коммуникациялық жүйемен қосылған ақпараттық-коммуникациялық жүйеге қатысты жасалуы үшін талап қоя алады.

8-бап

Заңсыз қармау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осындай әрекет қасақана және құқыққа сыйымсыз етіп электрондық деректердің ақпараттық-коммуникациялық жүйеге, одан немесе оның ішінде жария берілмеуін, оның ішінде осындай электрондық деректерді тасымалдайтын ақпараттық-коммуникациялық жүйеден электромагниттік сәулеленуді техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет құқық бұзушылықты арам ниетпен немесе қылмыстық ниетпен не басқа ақпараттық-коммуникациялық жүйемен қосылған ақпараттық-коммуникациялық жүйеге қатысты жасалу талабын қоя алады.

9-бап

Электрондық деректерге әсер ету

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қасақана және заңсыз жасалған кезде, электрондық деректерді бұлдіру, жою, бұлдіру, өзгерту немесе бұғаттау ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында көзделген әрекет елеулі залалға алып келмейтіндей талап қоя алады.

10-бaп

Ақпараттық-коммуникациялық жүйеге әсер ету

      Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес мұндай әрекет қасақана және құқыққа сыйымсыз етіп жасалған кезде электрондық деректерді енгізу, беру, бұлдіру, жою, бұзу, өзгерту немесе бұғаттау арқылы ақпараттық-коммуникациялық жүйенің жұмыс істеуіне елеулі кедергі жасауды қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

11-бап

Құрылғыларды құқыққа сыйымсыз пайдалану

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осындай іс-әрекет қасақана және заңсыз жасалған кезде мыналарды:

      a) мыналарды:

      1) осы Конвенцияның 7 - 10-баптарына сәйкес қылмыстар деп танылған кез келген қылмысты жасау мақсатында ең алдымен әзірленген немесе соған бейімделген, бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, құрылғыларды; немесе іі) бүкіл ақпараттық-коммуникациялық жүйеге немесе оның кез келген бөлігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін құпия сөзді, қолжетімділік деректемелерін, электрондық қолтаңбаны немесе осыған ұқсас деректерді алу, өндіру, сату, пайдалану үшін иемдену, әкелу, тарату немесе өзгеше тәсілмен беру;

      бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, құрылғы немесе қүпия сөз, қолжетімділік деректемелері, электрондық қолтаңба немесе ұқсас деректер осы Конвенцияның 7 - 10-баптарына сәйкес қылмыстар деп танылған кез келген қылмысты жасау мақсатында пайдаланылу ниетімен жасалса; және

      b) осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасының (і) немесе (іі) тармақшаларында көрсетілген объектілерді осы Конвенцияның 7 - 10- баптарына сәйкес қылмыстар деп танылған кез келген қылмысты жасау мақсатында пайдаланылу ниетімен иеленуді қылмыстық құқық бұзушылықтар деп тану үшін қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Осы бап осы Конвенцияның 7 - 10-баптарына сәйкес қылмыстар деп танылған кез келген қылмысты жасау мақсатын көздемейтін және мысалы, ақпараттық-коммуникациялық жүйені pұқсатпен сынаумен немесе қорғаумен байланысты болса, 1-тармақта көрсетілген алу, өндіру, сату, пайдалану үшін иемдену, әкелу, тарату немесе өзге түрде беру немесе иелену жағдайларында қылмыстық жауаптылықты белгілейді деп түсіндірілмейді.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет мұндай ескертпе осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасының (іі) тармақшасында көрсетілген объектілерді сату, тарату немесе өзге түрде беруге қатысты қолданылмайды деген шартпен осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданбау қүқығын өзіне қалдыра алады.

12-бап

Ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдаланып жалған әрекет жасау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін, мұндай іс-әрекеттер қасақана және құқыққа сыйымсыз етіп жасалған кезде, электрондық деректерді енгізу, өзгерту, жою немесе бұғаттау, тең түпнұсқалы емес деректердің пайда болуына алып келетін, олардың телнұсқалық ретінде қаралуы немесе заңдық мақсаттарда пайдаланылуы ниетімен, бұл деректердің тікелей оқылуға жататынына және олардың түсінікті болып табылатынына қарамастан талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет алдау ниетінің немесе осыған ұқсас арсыз немесе қылмыстық жасырын ниетінің болуы қылмыстық жауаптылықтың басталу шарты болып табылуын талап ете алады.

13-бап

Ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдаланып жымқыру немесе алаяқтық

      Әрбір Қатысушы мемлекет:

      a) электрондық деректерді кез келген енгізу, өзгерту, жою немесе бұғаттау;

      b) ақпараттық-коммуникациялық жүйенің жұмыс істеуіне кез келген араласу;

      c) ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдаланып жасалған және адамды қандай да бір әрекетке немесе әрекетсіздікке итермелейтін, олай болмаған жағдайда бұл адам жасамайтын нақты мән-жайларға қатысты кез келген алдау;

      алаяқтықпен немесе өзі үшін немесе басқа адам үшін ақшалай немесе өзге де мүліктік пайданы заңсыз алу арсыз жасырын ниеті арқылы басқа адамды меншігінен айыру мұндай іс-әрекет қасақана және заңсыз жасалғанда өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

14-бап

Интернетке балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материалдарды орналастыруға байланысты қылмыстар

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес мынадай әрекеттерді:

      a) ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен жүзеге асырылатын балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материалдарды өндіруді, ұсынуды, сатуды, таратуды, беруді, трансляциялауды, көрсетуді, жариялауды немесе өзге де тәсілмен ұсынуды;

      b) балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материалдарды қолға түсіруді немесе сатып алуды не ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен осындай материалдарға қол жеткізуді;

      c) ақпараттық-коммуникациялық жүйеде немесе басқа ақпарат тасығышта сақталатын балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материалдарды иеленуді немесе осындай материалдарды бақылауды;

      d) Қатысушы мемлекеттер жекелеген қылмыс деп тануы мүмкін, осы тармақтың (а) - (с) тармақшаларына сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды қаржыландыруды мұндай іс-әрекеттер қасақана және заңсыз жасалғанда қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін "балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материалдар" термині көрнекі материалдарды қамтиды және:

      a) шынайы түрде сексуалдық әрекеттер жасаған немесе соны имитациялаған;

      b) сексуалдық әрекеттер жасаған адамның қасында болған;

      c) денесінің интимдік бөліктері негізінен сексуалдық мақсатта көрсетілген; немесе

      d) ол азаптауға немесе қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым- қатынасқа немесе жазалауға үшыраған, 18 жасқа толмаған кез келген адамды бейнелейтін, сипаттайтын немесе көрсететін жазбаша немесе аудиоматериалдарды қамтуы мүмкін және мұндай материалдар сексуалдық сипатта болады.

      3. Қатысушы мемлекет осы баптың 2-тармағында аталған материалдарға тек мынадай:

      нақты өмір сүретін адамды бейнелейтін, сипаттайтын немесе көрсететін материалдарды жатқызуды талап ете алады.

      4. Баланы сексуалдық қорлау актілерін немесе баланы сексуалдық қанауды көрнекі түрде бейнелейтін материалдар. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасына және қолданылатын халықаралық міндеттемелеріне сәйкес мынадай:

      a) балалардың өздерін бейнелейтін материалдарды өздері жасаған әрекеттерінің; немесе

      b) осы баптың 2-тармағының (а) - (с) тармақшаларында айтылған материалдарды, егер онда бейнеленген әрекеттер ішкі заңнамаға сәйкес заңды болып табылса және мұндай материалдарды өзара келісу бойынша тиісті адамдар жеке пайдалану үшін ғана сақталатын болса, өзара келісу бойынша өндіруінің немесе беруінің немесе оларды өзара келісу бойынша иеленуінің криминалдануы жоққа шығару үшін шаралар қабылдай алады.

      5. Осы Конвенцияда ештеңе баланың құқықтарын едәуір дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кез келген халықаралық міндеттемелерді қозғамайды.

15-бап

Балаға қатысты сексуалдық қылмыс жасау мақсатында тиісу немесе сеніміне кіру қарым-қатынасын жасау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет ішкі заңнамада анықталғандай қасақана қарым-қатынас жасауды, балаға қатысты сексуалдық қылмыс жасау мақсатында баламен қасақана сөйлесуді, оған тиісуді, сеніміне кіруді немесе ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен онымен қандай да бір уағдаластыққа түсуді, оның ішінде осы Конвенцияның 14-бабына сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың кез келгеніне қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін өзінің ішкі заңнамасына сәйкес талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыс құрамына оны жасауға бағытталған белгілі бір әрекеттерді енгізуді талап ете алады.

      3. Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында көзделген қылмыстық жауаптылықты бала деп қабылданатын адамға қатысты жасалған әрекеттер қолдану туралы мәселені қарастыра алады.

      4. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді балалар жасаған жағдайда олардың криминалдануын шығару үшін шаралар қабылдай алады.

16-бап

Интимдік бейнелерді келісуінсіз тарату

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет мұндай іс-әрекет қасақана және заңсыз жасалғанда адамның интимдік бейнесін сол бейнеде көрсетілген адамның келісуінсіз ақпараттық-коммуникациялық жүйе арқылы сату, тарату, беру, жариялау немесе өзге де тәсілмен ұсыну өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін "интимдік бейне" 18 жастан асқан адамның бейнесі бар, фотоға түсіру немесе бейнетаспаға жазуды қоса алғанда, кез келген тәсілмен жасалған сексуалдық сипаттағы көрнекі жазбаны білдіреді, онда адам денесінің интимдік бөліктері жалаңаш күйінде көрсетіледі немесе сексуалдық әрекеттер жасайды әрі бұл жазба жасалған сәтте құпия болған және қылмыс жасалған уақытта онда бейнеленген адамда немесе адамдарда оның құпия болып қалатынына ақылға қонымды негіз болған.

      3. Қатысушы мемлекет егер ішкі заңнама бойынша адамдар сексуалдық қатынасқа түсуге рұқсат етілген жасқа жеткен болса және бейнеде балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды қанау көріністері жоқ болса тиісті жағдайларда интимдік бейне анықтамасын 18 жасқа толмаған адамдардың бейнесіне қолдана алады.

      4. Осы баптың мақсаттары үшін интимдік бейнеде көрсетілген 18 жасқа толмаған адам осы Конвенцияның 14-бабына сәйкес балаларды сексуалдық қорлау немесе оларды сексуалдық қанау көріністері бар материал болатын интимдік бейнені таратуға келісім бере алмайды.

      5. Қатысушы мемлекет қылмыстық жауаптылықтың басталу шарты ретінде жасырын ниеті зиян келтіру болуын талап ете алады.

      6. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасына және қолданылатын халықаралық міндеттемелеріне сәйкес осы бапқа қатысты мәселелер бойынша басқа да шаралар қабылдай алады.

17-бап

Қылмыстардан түскен табыстарды жылыстату

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес мынадай іс-әрекеттерді:

      a) i) егер мүлік қылмыстан түскен табысты білдіретіні белгілі болса бұл мүліктің қылмыстық жолмен табылғанын жасыру немесе бүгіп қалу мақсатында немесе негізгі қылмысқа қатысқан кез келген адамға өзінің әрекеттерінің құқықтық салдарынан құтылып кетуге жәрдемдесу мақсатында мүліктің айырбасталуы немесе берілуі;

      ii) егер мүлік қылмыстан түскен табысты білдіретіні белгілі болса оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, билік ету тәсілін, орнын ауыстыруды, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе бүгіп қалу;

      b) өз құқықтық жүйесінің негізгі қағидаттарын сақтай отырып:

      i) егер мүлікті алу сәтінде мұндай мүлік қылмыстан түскен табысты білдіретіні белгілі болса, мүлікті сатып алу, иелену немесе пайдалану;

      ii) осы бапқа сәйкес қылмыс деп танылатын кез келген қылмысты жасау мақсатында қатысу, байланысу немесе сөз байласу, оны жасауға оқталу, сондай-ақ жәрдемдесу, айдап салу, көмектесу немесе кеңес беру жағдайында қасақана жасалса, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағын жүзеге асыру немесе қолдану мақсатында:

      a) әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 7 - 16-баптарына сәйкес қылмыс деп танылатын тиісті қылмыстарды негізгі қылмыстар қатарына енгізеді;

      b) Қатысушы мемлекеттердің заңнамасында нақты негізгі қылмыстардың тізбесі болған жағдайда, оған осы Конвенцияның 7 - 16-баптарына сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстардың ең кемінде барлығын қамтитын ауқымы енгізіледі;

      c) осы тармақтың (b) тармақшасының мақсаттары үшін негізгі қылмыстарға тиісті Қатысушы мемлекеттің юрисдикциясының шегінде де, одан тыс жерде де жасалған қылмыстар кіреді. Алайда қандай да бір Қатысушы мемлекеттің юрисдикциясынан тыс жерде жасалған қылмыстар тиісті іс-әрекет жасалған мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болған және осы бап жүзеге асырылатын немесе қолданылатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес сол іс-әрекет жасалған жағдайда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылған жағдайда негізгі қылмыс болып сараланады;

      d) әрбір Қатысушы мемлекет осы бап ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өз заңдарының мәтіндерін, сондай-ақ мұндай заңдарға енгізілетін кез келген кейінгі өзгерістердің мәтіндерін немесе олардың сипаттамасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына ұсынады;

      e) егер Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасының негіз қалаушы қағидаттарында талап етілсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстар негізгі қылмысты жасаған адамдарға қолданылмайды деп көзделуі мүмкін;

      f) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыс қүрамының элементтері ретіндегі түйсіну, жасырын ниет немесе мақсат істің объективті нақты мән-жайларынан белгіленуі мүмкін.

18-бап

Заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысқаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеу үшін өзінің құқықтық қағидаттарын ескере отырып, талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекеттің құқықтық қағидаттарына байланысты заңды тұлғалардың қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік жауапкершілігі болуы мүмкін.

      3. Мұндай жауапкершілік қылмыс жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығына нұқсан келтірмей қолданылады.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет, атап айтқанда, осы бапқа сәйкес жауапқа тартылатын заңды тұлғаларға тиімді, тепе-тең және тежемелі әсері бар, ақшалай санкцияларды қоса алғанда, қылмыстық немесе қылмыстық емес санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді.

19-бап

Қатысу және оқталу

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет мұндай іс-әрекет қасақана жасалған жағдайда осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға, мысалы сыбайлас, көмекші немесе айдап салушы ретінде кез келген түрде қатысуды мұндай іс-әрекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға кез келген оқталуды мұндай іс-әрекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қандай да бір қылмысты жасауға дайындықты мұндай іс-әрекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тану үшін қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады.

20-бап

Ескіру мерзімі

      Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес тиісті жағдайларда қылмыстың ауырлығын ескере отырып, осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған кез келген қылмысқа қатысты іс жүргізуді қозғау үшін ұзақ ескіру мерзімін белгілейді және болжам бойынша қылмыс жасаған адам сот төрелігінен жалтарған жағдайларда неғұрлым ұзақ ескіру мерзімін белгілейді немесе ескіру мерзімінің өтуін тоқтата тұру мүмкіндігін көздейді.

21-бап

Қылмыстық кудалау, сот шешімін шығару және санкциялар

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қандай да бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстың ауырлығын ескеретін тиімді, тепе-тең және тежеуші әсері бар санкцияларды көздейді.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған сыни ақпараттық инфрақұрылымды қозғайтын мән-жайларды қоса алғанда, қылмыстардың ауырлататын мән-жайларын белгілеу үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасында көзделген осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстар үшін адамдарды қылмыстық қудалауға қатысты кез келген дискрециялық құқықтық өкілеттіктерді осы қылмыстарға қатысты құқық қорғау шараларының барынша тиімділігіне қол жеткізу және мұндай қылмыстардың жасалуына жол бермеу қажеттілігін тиісінше ескере отырып пайдаланылуын қамтамасыз етуге ұмтылады.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына және Қатысушы мемлекет қолданатын халықаралық міндеттемелеріне сәйкес осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстар үшін қудаланатын кез келген адамның әділ сот талқылауына және қорғану құқықтарын қоса алғанда, барлық құқық пен кепілдікті пайдалануын қамтамасыз етеді.

      5. Осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысты әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес және қорғану құқықтарын тиісінше ескере отырып, сот талқылауына дейін босату туралы шешімдерге немесе шағым беруіне байланысты іс жүргізуді аяқтау туралы шешімдерге байланысты белгіленетін жағдайлар кейінгі қылмыстық іс жүргізу барысында айыпталушының қатысуын қамтамасыз ету қажеттілігін ескеретіндей етіп қамтамасыз ету мақсатында тиісті шараларды қабылдайды.

      6. Әрбір Қатысушы мемлекет мұндай қылмыстар үшін сотталған адамдарды мерзімінен бүрын немесе шартты түрде босату мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру кезінде тиісті қылмыстардың ауырлығын ескереді.

      7. Қатысушы мемлекеттер ішкі заңнамасында осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпталатын балаларды Бала құқықтары туралы конвенция мен оған қолданылатын хаттамалар және басқа да қолданылатын халықаралық немесе өңірлік қүжаттар бойынша міндеттемелерге сәйкес, қорғауға арналған тиісті шаралардың көзделуін қамтамасыз етеді.

      8. Осы Конвенцияда қамтылған ештеңе де осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарды және қолданылатын құқықтық қорғану құралдары немесе іс-әрекеттердің заңдылығын айқындайтын басқа құқықтық қағидаттарды қозғамайды әрбір Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына жатады, ал мұндай қылмыстар үшін қылмыстық қудалау және жазалау осы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

III таpay.

Юрисдикция

22-бan

Юрисдикция

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет мынадай жағдайларда:

      a) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің аумағында жасалған; немесе

      b) қылмыс жасалған сәтте осы Қатысушы мемлекеттің туы көтерілген кеменің бортында немесе осы Қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген әуе кемесінің бортында жасалған осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды.

      2. Осы Конвенцияның 5-бабын сақтай отырып, Қатысушы мемлекет мынадай:

      a) қылмыс осы Қатысушы мемлекеттің азаматына қарсы жасалған; немесе

      b) қылмысты осы Қатысушы мемлекеттің азаматы немесе оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасаған; немесе

      c) қылмыс осы Конвенцияның 17-бабының 1-тармағы (b) тармақшасының (іі) тармақшасына сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстың бірі болып табылып, осы Қатысушы мемлекеттің аумағында осы Конвенцияның 17- бабының 1-тармағының (а) тармақшасының (і) немесе (іі) тармақшасына не (b) тармақшасының (і) тармақшасына сәйкес қылмыс деп танылған қылмысты жасау мақсатында оның аумағынан тыс жерде жасалған; немесе

      d) қылмыс осы Қатысушы мемлекетке қарсы жасалған жағдайларда кез келген осындай қылмысқа қатысты өз юрисдикциясын белгілеуі мүмкін.

      3. Осы Конвенцияның 37-бабы 11-тармағының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп болжанатын адам өз аумағында болған және ол адамды тек оның өз азаматы болғаны үшін ғана бермейтін жағдайларда осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп болжанатын адам өз аумағында болған және ол адамды бермейтін жағдайларда осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысты өз юрисдикциясын белгілеу үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдай алады.

      5. Егер осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес өз юрисдикциясын жүзеге асыратын Қатысушы мемлекет белгілі бір іс-әрекетке байланысты басқа Қатысушы мемлекеттердің кез келгені тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды немесе сот талқылауын жүзеге асырып жатқанын туралы хабарлама алса немесе өзгеше түрде білсе, сол Қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары тиісті жағдайларда өз әрекеттерін үйлестіру мақсатында бір-бірімен консультациялар өткізеді.

      6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқық нормаларына нұқсан келтірмей Қатысушы мемлекеттің өзінің ішкі заңнамасына сәйкес белгіленген кез келген қылмыстық юрисдикциясының жүзеге асырылуын жоққа шығармайды.

IV таpay.

Процестік шаралар және құқық қолдану

23-бап

Процестік шаралардың қолданылу аясы

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет нақты қылмыстық тергеп-тексерулерді немесе сот талқылауын жүргізу мақсатында осы тарауда көзделген өкілеттіктер мен рәсімдерді белгілеу үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Осы Конвенцияда өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген өкілеттіктер мен рәсімдерді мыналарға:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтарға;

      b) ақпараттық-коммуникациялық жүйе көмегімен жасалған басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарға; және

      c) кез келген қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты электрондық нысандағы дәлелдемелерді жинауға қатысты қолданады.

      3. а) Әрбір Қатысушы мемлекет қылмыстардың немесе қылмыстар санаттарының ауқымы осы Конвенцияның 30-бабында көзделген шаралар қолданылатын қылмыстар ауқымына қарағанда артық шектелмеген жағдайда осы Конвенцияның 29-бабында көзделген шараларды тек осы ескертпеде көрсетілген қылмыстарға немесе қылмыстар санаттарына ғана қолдану құқығын өзіне сақтап қалатыны туралы ескертпе жасай алады. Әрбір Қатысушы мемлекет 29-бапта көрсетілген шараларды барынша кеңінен қолдану мақсатында мұндай ескертпенің қолданылу аясын шектеу мүмкіндігін қарастырады.

      b) Егер Қатысушы мемлекеттің осы Конвенция қабылданған сәтте қолданылатын ішкі заңнамасында көзделген шектеулерге байланысты, осы Конвенцияның 29 және 30-баптарында көзделген шараларды мынадай:

      i) жабық пайдаланушылар тобына қызмет көрсету үшін пайдаланылатын және

      ii) жалпыға бірдей пайдаланылатын коммуникациялық желілерді пайдаланбайтын және жалпыға қолжетімді немесе жеке болса да басқа ақпараттық-коммуникациялық жүйемен байланыспайтын көрсетілетін қызметті жеткізушінің ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің шеңберінде берілетін хабарламаларға қатысты қолдануға мүмкіндігі болмаса;

      бұл Қатысушы мемлекет мұндай хабарламаларға көрсетілген шараларды қолданбау құқығын өзіне сақтап қала алады. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 29 және 30-баптарында көрсетілген шараларды барынша кеңінен қолдану мақсатында мұндай ескертпенің қолданылу аясын шектеу мүмкіндігін қарастырады.

24-бaп

Шарттар мен кепілдіктер

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы тарауда көрсетілген өкілеттіктер мен рәсімдердің өзінің ішкі заңнамасында көзделген шарттар мен кепілдіктерге сәйкес белгіленуін, жүзеге асырылуын және қолданылуын қамтамасыз етеді, олар адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес адам құкықтарын қорғауды қамтамасыз етуге және өзіне тепе-тендік қағидатын қамтуға тиіс.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес мұндай шарттар мен кепілдіктер тиісті рәсімнің немесе өкілеттіктің сипаты ескеріле отырып, басқалармен қатар сот немесе өзге де тәуелсіз тексеруді, құқықтық қорғаудың тиімді құралына құқығын, мұндай өкілеттіктің немесе рәсімнің күшінің аясы мен мерзімін қолдану және шектеу заңдылығының негіздерін қамтиды.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет қоғамдық мүдделерге, атап айтқанда сот төрелігін тиісінше іске асыру мүдделеріне сәйкес келетін дәрежеде осы бапта көзделген өкілеттіктер мен рәсімдердің үшінші тұлғалардың құқықтарына, міндеттеріне және заңды мүдделеріне ықпалын қарастырады.

      4. Осы бапқа сәйкес белгіленген шарттар мен кепілдіктер ішкі қылмыстық тергеп-тексеру және талқылау мақсаттары үшін де, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет тарапынан халықаралық ынтымақтастық мақсаттары үшін де ұлттық деңгейде осы тарауда көзделген өкілеттіктер мен рәсімдер қолданылады.

      5. Осы баптың 2-тармағында аталған сот немесе өзге де тәуелсіз тексеру деп ұлттық деңгейдегі тексеру түсініледі.

25-бап

Сақталатын электрондық деректердің сақталуын жедел қамтамасыз ету

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің құзыретті органдары ақпараттық-коммуникациялық жүйе сақталатын атап айтқанда, электрондық деректер жоғалуға немесе өзгертуге ерекше сезімтал деп санауға негіз болған жағдайда, трафик туралы деректерді, мазмұны туралы деректерді және абоненттік деректерді қоса алғанда, нақты электрондық деректерді өкім беру арқылы немесе өзге ұқсас түрде жедел сақтауды қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге шараларды қабылдайды.

      2. Егер Қатысушы мемлекет осы адамның иелігіндегі немесе бақылауындағы нақты сақталатын электрондық дерекгердің сақталуын қамтамасыз ету туралы қандай да бір адамға өкім беру арқылы осы баптың 1-тармағының ережелерін іске асырса, бұл Қатысушы мемлекет құзыретті органдарға ақпаратты ашуға мүмкіндік беру үшін қажетті 90 күн аспай уақыт кезеңі ішінде осы электрондық деректерді және оның түтастығын сақтауды қамтамасыз етуге сол адамды міндеттеу үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге шараларды қабылдайды. Қатысушы мемлекет мұндай өкім күшінің мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыра алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет электрондық деректерді сақтаушыны немесе оның сақталуын қамтамасыз ету жүктелген басқа тұлғаны өзінің ішкі заңнамасында белгіленген мерзім ішінде мұндай рәсімдердің орындалуын құпия сақтауға міндеттеу үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

26-бап

Трафик туралы деректердің сақталуын жедел қамтамасыз ету және ішінара ашу

      Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 25-бабына сәйкес сақталуы талап етілетін трафик туралы деректерге қатысты:

      a) белгілі бір хабарламаны жіберуге тартылған көрсетілетін қызметті жеткізушілердің қанша болуына қарамастан, трафик туралы деректердің осындай жедел сақталуын қамтамасыз етуге; және

      b) осы Қатысушы мемлекеттің құзыретті органына немесе осы құзыретті орган тағайындаған тұлғаға Қатысушы мемлекетке көрсетілетін қызметті көрсетушілерді және хабарлама немесе көрсетілген ақпарат жіберілген жолды анықтауға мүмкіндік беретін трафик туралы деректердің жеткілікті санының жедел ашылуына кепілдік беру үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

27-бап

Аппарат беру туралы өкім

      Әрбір Қатысушы мемлекет өз құзыретті органдарына мынадай:

      a) өз аумағында жүрген тұлғаға оның иелігіндегі немесе бақылауындағы, ақпараттық-коммуникациялық жүйеде не электрондық деректер тасымалдаушысында сақталатын нақты электрондық деректер ұсыну; және

      b) Қатысушы мемлекеттің аумағында өз қызметтерін ұсынатын көрсетілетін қызметті жеткізушіге осы қызметтерге қатысты және оның иелігіндегі немесе бақылауындағы абоненттік деректерді ұсыну өкілдерін беру өкілеттіктерін беру үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

28-бап

Сақталатын электрондық деректерді тінту және алып қою

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өз құзыретті органдарына мыналарға:

      a) ақпараттық-коммуникациялық жүйеге, оның бөлігіне және онда сақталған электрондық деректерге; және

      b) іздестірілетін электрондық деректер сақталатын мүмкін электрондық деректер тасымалдаушысына осы Қатысушы мемлекеттің аумағында қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шараларды жүргізу өкілеттігін беру үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Егер құзыретті органдар 1-тармақтың (а) тармақшасына сәйкес нақты ақпараттық-коммуникациялық жүйеге немесе онын, бөлігіне тінту жүргізіп, ізделіп отырған электрондық деректер басқа ақпараттық-коммуникациялық жүйеде немесе оның бөлігіне сақталғанына негізді себептер бар болса, әрі ол деректерге бастапқы жүйеден заңды түрде қол жеткізу мүмкін болса, мұндай органдарға сол өзге ақпараттық-коммуникациялық жүйеге де жедел түрде қол жеткізу үшін тінту жүргізуге мүмкіндік беріледі.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет өз құзыретті органдарына осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес қол жеткізілген электрондық деректерді алып қою немесе олардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттігін беру үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды. Бұл шараларға мынадай өкілеттіктерді:

      a) ақпараттық-коммуникациялық жүйені немесе оның бір бөлігін немесе электрондық деректер тасымалдаушысын алып қою немесе олардың сақталуын қамтамасыз етуді;

      b) осындай электрондық деректердің көшірмелерін электрондық нысанда жасауды және сақтауды;

      c) тиісті сақталатын электрондық деректердің тұтастығын қамтамасыз етуді;

      d) қол жеткізілген ақпараттық-коммуникациялық жүйедегі электрондық деректерді қолжетімсіз етуді немесе жоюды беру кіреді.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет өз құзыретті органдарына осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін қажетті мәліметтерді ақылға қонымды шектерде беру мақсатында тиісті ақпараттық-коммуникациялық жүйенің, ақпараттық-телекоммуникациялық желінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жұмыс істеуі немесе ондағы электрондық деректерді қорғау үшін қолданылатын шаралар туралы білімі бар кез келген тұлғаны тарту, өкілеттігін беру үшін қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

29-бап

Трафик туралы деректерді нақты уақыт режимінде жинау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өз құзыретті органдарына мынадай өкілеттіктерді:

      a) сол Қатысушы мемлекет аумағында техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды; және

      b) өздерінің техникалық мүмкіндіктері шегінде міндеттеуді көрсетілетін қызметті жеткізушілерді:

      i) сол Қатысушы мемлекет аумағында техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды; немесе

      j) құзыретті органдармен ынтымақтасуға және оларға жинауға немесе жазуға көмектесуді өздерінің техникалық мүмкіндіктері шегінде міндеттеуді;

      нақты уақыт режимінде ақпараттық-коммуникациялық жүйе арқылы берілетін нақты хабарламаларға қатысты трафик туралы деректерді жинауды беру үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Егер қандай да бір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесінің қағидаттарына байланысты осы баптың 1-тармағын (а) тармақшасында көрсетілген шараларды қабылдай алмаса, онда ол өз аумағында нақты хабарламаларға қатысты трафик туралы деректерді нақты уақыт режимінде техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет қызметті жеткізушілерді осы байта көзделген кез келген өкілеттіктерді жүзеге асыру фактісі мен ол туралы кез келген ақпараттың құпиялығын сақтауын міндеттеу үшін көрсетілетін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

30-бап

Мазмұны туралы деректерді қолға түсіру

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасында айқындалатын бірқатар елеулі қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты өз құзыретті органдарына мынадай өкілеттіктерді:

      a) сол Қатысушы мемлекет аумағында техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды және

      b) көрсетілетін қызметті көрсетушілерді:

      i) сол Қатысушы мемлекеттің аумағында техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды немесе

      ii) құзыретті органдармен ынтымақтасуға және оларға жинауға немесе жазуға көмектесуді өздерінің техникалық мүмкіндіктері шегінде міндеттеуді;

      нақты уақыт режимінде ақпараттық-коммуникациялық жүйе арқылы берілетін нақты хабарламалардың мазмұны туралы деректерді жинау үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      2. Егер қандай да бір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық қағидаттарына байланысты осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасында көрсетілген шараларды қабылдай алмаса, онда ол өз аумағында нақты хабарламалардың мазмұны туралы деректерді нақты уақыт режимінде техникалық құралдарды пайдаланып жинауды немесе жазуды қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдай алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы бапта көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру фактісі мен оған қатысты кез келген ақпараттың қүпия сақталуын қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетушілерді міндеттеу жөніндегі қажетті заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды

31-бап

Қылмыстардан түскен табыстарды тоқтатып қою, оған тыйым салу және тәркілеу

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесінің аясында барынша дәрежеде мүмкіндігінше мыналарды:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстардан түскен табыстар деп танылған табыстарды немесе құны осындай табыстарға сәйкес келетін мүлікті;

      b) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстардан түскен табыстар деп танылған, қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты және басқа да құралдарды тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет кейіннен тәркілеу мақсатында осы баптың 1-тармағында тізбеленгендердің кез келгенін анықтауға, іздеуге, тоқтатып қоюға немесе тыйым салуға мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тоқтатып қойылған, тыйым салынған немесе тәркіленген мүлікті құзыретті органдардың басқаруын реттеу үшін талап етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды.

      4. Қылмыстардан түскен табыстар ішінара немесе толық басқа мүлікке айналдырылса немесе айырбасталса, онда осы банта көрсетілген шаралар табысқа емес, осындай мүлікке қолданылады.

      5. Қылмыстардан түскен табыстар заңды көздерден сатып алынған мүлікке қосылса, онда қылмыстардан түскен табыстардың бағаланған құнына сәйкес келетін мүліктің бөлігі тоқтатып қоюға немесе тыйым салуға қатысты кез келген өкілеттіктерге нұқсан келтірмей тәркіленуге жатады.

      6. Қылмыстардан түскен табыстардан қылмыстардан түскен табыстар айналдырылған немесе айырбасталған мүліктен не қылмыстардан түскен табыстар қосылған мүліктен алынған пайдаға немесе басқа да артықшылықтарға да қылмыстардан түскен табыстармен бірдей дәрежеде және соларға қатысты осы бапта көрсетілген шаралар қолданылады.

      7. Осы баптың және осы Конвенцияның 50-бабының мақсаттары үшін әрбір Қатысушы мемлекет өз соттарына немесе басқа құзыретті органдарын банктік, қаржылық немесе коммерциялық құжаттарды ұсыну немесе алып қою туралы қаулы шығаруға уәкілетті береді. Қатысушы мемлекет осы тармақтың ережелеріне сәйкес банк құпиясын сақтау қажеттілігіне сілтеме жасай отырып, шаралар қабылдаудан бас тартпайды.

      8. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының қағидаттарына және сот және басқа да талқылаудың сипатына сәйкес келетін дәрежеде қылмыс жасаған адам қылмыстардан түскен болжамды табыстардың немесе тәркіленуге жататын басқа мүліктің заңды шыққан жерін дәлелдеуді талап етуді қарастыра алады.

      9. Осы баптың ережелері адал үшінші тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретіндей етіп түсіндірілмейді.

      10. Осы бапта қамтылған ештеңе де Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасының ережелеріне сәйкес айтылған, айқындалатын және жүзеге асырылатын шаралар қағидатты қозғамайды.

32-бап

Соттылығы туралы мәліметтер

      Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмысқа байланысты қылмыстық іс жүргізу барысында осындай ақпаратты пайдалану үшін қылмыс жасады деп болжанған адамға қатысты басқа мемлекетте бұрын шығарылған кез келген айыптау үкімін тиісті деп санайтын жағдайларда және мақсаттарда есепке алу үшін қажет болуы мүмкін заңнамалық немесе өзге де шараларды қабылдай алады.

33-бап

Куәгерлерді қорғау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес деп танылған қылмыстар туралы немесе тергеу немесе сот органдарымен, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, олардың жақын туыстарымен және басқа да тұлғалармен өзге де түрде ынтымақтаса отырып, адал және ақылға қонымды негізде айғақтар берген немесе ақпарат берген куәларды ықтимал кек алудан немесе қорқытудан тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес және өз мүмкіндіктерінің шегінде тиісті шараларды қабылдайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шаралар айыпталушының құқықтарына, оның ішінде тиісінше талқылау құқығына нұқсан келтірмей, өзгелермен қатар:

      a) осындай адамдарды физикалық тұрғыдан қорғау үшін, мысалы, оларды басқа жерге көшіру үшін қажет және іс жүзінде жүзеге асырылатын шамада рәсімдерді белгілеуді және осындай адамдардың жеке басына және орналасқан жеріне қатысты ақпаратты тиісті жағдайларда жария етпеуге рұқсат ететін немесе осындай ақпаратты жария етуге шектеулер белгілейтін ережелерді қабылдауды;

      b) айғақтар беру кезінде куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дәлелдеу қағидаларын, мысалы, бейне байланыс немесе басқа да тиісті құралдар сияқты коммуникациялық технологиялар көмегімен айғақтар беруге рұқсат ететін қағидалар қабылдауды қамти алады.

      3. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарды көшіруге қатысты басқа мемлекеттермен келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу туралы мәселені қарастырады.

      4. Осы баптың ережелері куә болған шамада жәбірленушілерге де қолданылады.

34-бап

Жәбірленушілерге көмек және оларды қорғау

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстардан жәбірленушілерге, әсіресе кек алу немесе қорқыту қаупі төнген жағдайларда көмек пен қорғауды қамтамасыз ету үшін өз мүмкіндіктері шегінде тиісті шараларды қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасын сақтаған жағдайды ескере отырып, осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстардан жәбірленушілердің өтемақыға және шығынды өтеуге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тиісті рәсімдерді белгілейді.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасы сақталған жағдайда, қорғау құқықтарына нұқсан келтірмейтін тәртіпте құқық бұзушыларға қарсы қылмыстық сот ісін жүргізудің тиісті сатыларында жәбірленушілердің пікірлері мен аландаушылығын баяндауға және қарастыруға мүмкіндік береді.

      4. Осы Конвенцияның 14 - 16-баптарына сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға қатысты әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасын сақтаған жағдайды, тиісті халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа мүшелерімен ынтымақтасып, осындай қылмыстардан жәбірленушілерге көмек көрсету мақсатында, оның ішінде олардың физикалық және психологиялық тұрғыдан қалпына келуін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      5. Осы баптың 2 - 4-тармақтарының ережелерін қолдану кезінде әрбір Қатысушы мемлекет жәбірленушілердің жасын, жынысын және ерекше мән-жайлары мен қажеттіліктерін, оның ішінде балалардың ерекше жағдайлары мен қажеттіліктерін ескереді.

      6. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ұлттық нормативтік-құқықтық базасының талаптарына сәйкес дәрежеде осы Конвенцияның 14 және 16-баптарында көрсетілген материалдарды алып тастау немесе оларға қолжетімділіктің болмауын қамтамасыз ету туралы өтініштердің орындалуын қамтамасыз ету үшін тиімді шараларды қабылдайды.

V тарау.

Халықаралық ынтымақтастық

35-бап

Халықаралық ынтымақтастықтың жалпы қағидаттары

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның ережелеріне және қылмыстық-құқықтық мәселелердегі халықаралық ынтымақтастық туралы қолданылатын басқа да халықаралық қүжаттарға және ішкі заңнама нормаларына сәйкес мынадай мақсаттарда:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды және сот талқылауын жүзеге асыру, оның ішінде осындай құқық бұзушылықтардан түскен табыстарды тоқтатып қою, тыйым салу, тәркілеу және қайтару;

      b) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша дәлелдемелерді электрондық нысанда жинау, алу, олардың сақталуын қамтамасыз ету және беру;

      c) осы Конвенцияны қабылдау кезінде қолданыста болған Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да қолданылатын конвенциялары мен хаттамаларына сәйкес осындай деп танылған елеулі қылмыстарды қоса алғанда, кез келген елеулі қылмыс бойынша дәлелдемелерді электрондық нысанда жинау, алу, олардың сақталуын қамтамасыз ету және беру мақсаттарында бір-бірімен ынтымақтасады.

      2. Осы баптың 1-тармағының (b) және (с) тармақшаларында көзделген қылмыстар бойынша дәлелдемелерді электрондық нысанда жинау, алу, сақтау және беру мақсаттары үшін осы Конвенцияның 40-бабының және 41-46-баптарының тиісті тармақтары қолданылады.

      3. Халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты тиісті іс-әрекетті қылмыс деп тану қағидатын сақтау талап етілсе, сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің заңнамасында тиісті іс-әрекетті қылмыстардың сол санатына жатқызатынына немесе ол оны сұрау салушы Қатысушы мемлекет сияқты осындай терминдердің көмегімен сипаттайтынына қарамастан, егер көмек сүралатын қылмыс құрамын құрайтын әрекет екі Қатысушы мемлекеттің де заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын деп танылса, бұл қағидат сақталды деп саналады.

36-бап

Дербес деректерді қорғау

      1. а) Осы Конвенцияға сәйкес дербес деректерді беретін Қатысушы мемлекет мүны өзінің ішкі заңнамасына және халықаралық құқықтың қолданылатын нормалары бойынша беруші тараптың кез келген ықтимал міндеттемелеріне сәйкес жасайды. Қатысушы мемлекеттер, егер бұл деректерді беру дербес деректерді қорғауға қатысты олардың қолданылатын заңдарына сәйкес мүмкін болмаса, осы Конвенцияға сәйкес дербес деректерді беруге міндетті емес.

      b) Егер дербес деректерді беру осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасына қайшы келсе, Қатысушы мемлекеттер осындай қолданылатын заңдарға сәйкес дербес деректерді беру туралы өтінішті қанағаттандыру үшін қажетті талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті жағдайлар белгілеу шараларын қабылдауы мүмкін.

      c) Қатысушы мемлекеттерге дербес деректерді беруді жеңілдету үшін екіжақты немесе көпжақты уағдаластықтар жасасу ұсынылады.

      2. Осы Конвенцияға сәйкес дербес деректерді беру кезінде Қатысушы мемлекеттер алынған дербес деректерге Қатысушы мемлекеттердің тиісті нормативтік-құқықтық базасында көзделген тиімді және тиісті кепілдіктердің қолданылуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы Конвенцияға сәйкес алынған дербес деректерді үшінші елге немесе халықаралық ұйымға беру үшін Қатысушы мемлекет бірінші беретін Қатысушы мемлекетті өзінің ниеті туралы хабардар етеді және одан рұқсат сұрайды. Қатысушы мемлекет дербес деректерді рұқсаттың жазбаша нысанда берілуін талап ете алатын бірінші беретін Қатысушы мемлекеттің pұқсатымен ғана береді.

37-бап Ұстап беру

      1. Осы бап, егер Ұстап беру туралы Сұрау салу жіберілген адам Сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің аумағында болса, оған байланысты ұстап беру сұратылатын құқық бұзушылық Сұрау салатын Мемлекет ретінде ішкі заңнама бойынша қылмыстық жазаланатын болып табылған жағдайда, осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қолданылады. Ұстап беруге алып келетін құқық бұзушылық үшін тағайындалған түрмеге қамау түріндегі немесе күзетпен ұстаудың басқа да нысанындағы түпкілікті жазаны өтеу мақсатында Ұстап беру сұратылған кезде Сұрау салатын Қатысушы мемлекет ұстап беру туралы өтінішті ішкі заңнамаға сәйкес қанағаттандыра алады.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне қарамастан, заңнамасы pұқсат ететін Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасы бойынша қылмыстың жазаланбайтын осы Конвенцияға сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық деп танылған кез келген қылмыстық құқық бұзушылыққа байланысты қандай да бір адамды Ұстап беруге рұқсат бере алады.

      3. Егер ұстап беру туралы өтініш кемінде біреуі осы бапқа сәйкес ұстап беруге жататын, ал қалғандары бас бостандығынан айыру мерзімінің ұзақтығына байланысты ұстап беруге жатпайтын, бірақ осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға жататын бірнеше жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты болса, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет осы бапты сол қылмыстарға қатысты да қолдана алады.

      4. Осы бап қолданылатын қылмыстардың әрқайсысы Қатысушы мемлекеттер арасындағы Ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге алып келетін қылмыс ретінде қарастырылады. Қатысушы мемлекеттер мұндай қылмыстарды Ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде олардың арасында жасалатын ұстап беру туралы әрбір шартқа енгізуге міндеттенеді.

      5. Егер ұстап беруді шарттың болуымен негіздейтін Қатысушы мемлекет ұстап беру туралы шарты жоқ басқа Қатысушы мемлекеттен ұстап беру туралы сұрау салуды алса, ол осы Конвенцияны осы бап қолданылатын кез келген қылмысқа қатысты ұстап беру үшін құқықтық негіз ретінде қарастыра алады.

      6. Ұстап беруді шарттың болуымен негіздейтін қатысушы мемлекеттер:

      a) өздерінің ратификациялық грамоталарын немесе осы Конвенцияны тиісті қабылдау немесе бекіту оған қосылу туралы құжаттарды сақтауға тапсырған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына олар осы Конвенцияны осы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен ұстап беру мәселелері бойынша ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде қолдана алатыны туралы хабарлайды; және

      b) егер олар осы Конвенцияны ұстап беру мәселелері бойынша ынтымақтастық үшін құқықтық негіз ретінде қолданбаса, тиісті жағдайда осы бапты қолдану мақсатында осы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен Ұстап беру туралы шарттар жасасуға үмтылады.

      7. Ұстап беруді шарттың болуымен негіздемейтін Қатысушы мемлекеттер өз араларында осы бап қолданылатын қылмыстарды Ұстап беруге алып келетін қылмыстар деп таниды.

      8. Ұстап беру Сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында немесе ұстап беру туралы қолданылатын шарттарда, соның ішінде, басқалардың ішінде, ұстап беру үшін ең томен жаза талаптарына және Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет ұстап беруден бас тартуға болатын негіздерге қатысты шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қатысушы мемлекеттер осы бап қолданылатын кез келген қылмысқа қатысты өздерінің ішкі заңнамасын сақтай отырып, Ұстап беру рәсімдерін жеделдетуге және оларға қатысты дәлелдемелерді ұсыну туралы талаптарды жеңілдетуге барлық күш-жігерін жұмсайды.

      10. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасы мен Ұстап беру туралы шарттарының ережелерін сақтаған жағдайда, мән-жайлардың соншалықты негізді және шұғыл екендігіне көз жеткізгеннен кейін және сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша, оның ішінде өтініш Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қолданыстағы арналары бойынша жіберілген кезде, Ұстап беру сұралып жатқан адамды немесе оның аумағында болуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолдана алады немесе басқа шараларды қабылдай алады.

      11. Аумағында болжамды қылмыскер болған Қатысушы мемлекет, егер ол осы бап қолданылатын қылмысы үшін мұндай адамды тек оның азаматтарының бірі болғандықтан ұстап бермесе, ұстап беруге өтініш білдірген Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша сот ісін жүргізу мақсатында істі өзінің құзыретті органдарына негізсіз кідіріссіз беруге міндетті. Бұл органдар кез келген жағдайдағыдай өз шешімдерін қабылдайды және өз істерін жүргізеді.

      12. Қатысушы мемлекетке өзінің ішкі заңнамасы бойынша өз азаматтарының бірін Ұстап беруге немесе басқа жолмен беруге pұқсат етілген барлық жағдайда, ол адамды Ұстап беру немесе тапсыру сүралған сот талқылауы немесе іс жүргізу нәтижесінде тағайындалған жазаны өтеу үшін осы Қатысушы мемлекетке қайтарылатын жағдайда ғана, және осы Қатысушы мемлекет пен Қатысушы мемлекет осы адамды ұстап беру немесе Ұстап берудің тиісті шарттарымен келісе алады. Шартты түрде Ұстап беру немесе тапсыру осы баптың 11-тармағында көзделген міндеттемені орындау үшін жеткілікті.

      13. Егер үкімді орындау мақсатында сұратылып отырған ұстап беру Сұрау салынған Қатысушы мемлекеттің азаматы болғандықтан бас тартылса, сұрау салынған Қатысушы мемлекет, егер оның ішкі заңнамасы рұқсат етсе және осындай заңнама талаптарына сәйкес Сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша Сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес тағайындалған үкімді немесе үкімнің қалған бөлігін орындауды қарайды.

      14. Осы бап қолданылатын кез келген құқық бұзушылық бойынша сот ісі жүргізіліп жатқан кез келген адам сот ісін жүргізудің барлық кезеңінде, оның ішінде осы адам аумағында орналасқан Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген барлық құқық пен кепілдікті пайдалануға кепілдік беріледі.

      15. Осы Конвенцияда ештеңе де, егер Сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің Ұстап беру туралы өтінішінің жынысы, нәсілі, тілі, діни сенімі, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси сенімі себебінен қандай да бір адамды қылмыстық қудалау немесе жазалау мақсаты бар деп пайымдауға елеулі негіздері болса немесе осы өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша осы адамның жағдайына нұқсан келтірсе, ол Ұстап беру туралы міндеттемені белгілеу ретінде түсіндірілмейді.

      16. Қатысушы мемлекеттер қылмыстың салық мәселелеріне де қатысы бар деп есептелетін негізде ғана Ұстап беру туралы өтінішті орындаудан бас тарта алмайды.

      17. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет ұстап беруден бас тартпас бұрын, қажет болған жағдайда, сұрау салатын Қатысушы мемлекетке өз пікірін жазуға және оның өтінішінде айтылған айыптауларға қатысты ақпаратты ұсынуға жеткілікті мүмкіндік беру үшін консультациялар өткізеді.

      18. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет Сұрау салатын Қатысушы мемлекетке ұстап беруге қатысты өзінің шешімі туралы хабарлайды. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына немесе халықаралық құқық бойынша міндеттемелеріне сәйкес Сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке ұстап беруден бас тартудың кез келген себептері туралы сұрау салатын Қатысушы мемлекетке хабарлайды.

      19. Әрбір Қатысушы мемлекет қол қою кезінде немесе өзінің ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы қүжатын сақтауға тапсыру кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына Ұстап беру немесе уақытша қамауға алу туралы Сұрау салуларды жібереді немесе алуға жауапты органның атауы мен мекенжайы туралы хабарлайды. Бас хатшы осы мақсаттар үшін Қатысушы мемлекеттер тағайындаған органдардың тізілімін жасайды және жаңартады. Әрбір Қатысушы мемлекет тізілімдегі мәліметтердің анықтығын тұрақты түрде қамтамасыз етеді.

      20. Қатысушы мемлекеттер Ұстап беруді жүзеге асыру немесе оның тиімділігін арттыру мақсатында екіжақты және көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасуға үмтылады.

38-бап

Сотталған адамдарды беру

      Қатысушы мемлекеттер сотталған адамдардың құқықтарын назарға ала отырып, осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстар үшін түрмеге қамауға немесе бас бостандығынан айырудың басқа да түрлеріне сотталған адамдарды олардың аумағында жаза мерзімін өтей алуы үшін беру туралы екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін қарастыра алады. Қатысушы мемлекеттер сондай-ақ келісуге, оңалтуға және реинтеграциялауға қатысты мәселелерді назарға ала алады.

39-бап

Қылмыстық іс жүргізуді беру

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмысқа байланысты қылмыстық кудалау мақсатында, мұндай беру сот төрелігін тиісінше іске асыру мүдделеріне, атап айтқанда қылмыстық істерді біріктіруді қамтамасыз ету үшін бірнеше юрисдикция қозғалған жағдайларда сай келеді деп саналғанда, іс жүргізуді өзара беру мүмкіндігін қарайды.

      2. Егер қылмыстық іс жүргізуді беруді шарттың болуымен негіздейтін Қатысушы мемлекет өзімен осы мәселе бойынша шарт жасаспаған басқа Қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алса, ол осы Конвенцияны осы бап қолданылатын кез келген қылмысқа байланысты қылмыстық іс жүргізуді беру үшін құқықтық негіз ретінде қарай алады.

40-бап

Өзара құқықтық көмектің жалпы қағидаттары мен рәсімдері

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстарға байланысты тергеп-тексеруде, қылмыстық қудалауда және сот талқылауында, сондай-ақ осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қылмыстар туралы, сондай-ақ елеулі қылмыстар туралы электрондық нысанда дәлелдемелер жинауда бір-біріне барынша кең құқықтық көмек көрсетеді.

      2. Өзара құқықтық көмек сұрау салушы Қатысушы-мемлекетте жасалғаны үшін осы Конвенцияның 18-бабына сәйкес заңды тұлға жауапкершілікке тартылуы мүмкін қылмыстарға байланысты тергеуге, қылмыстық қудалауға және сот талқылауына қатысты сұрау салынатын Қатысушы-мемлекеттің тиісті заңдарына, халықаралық шарттарына, келісімдері мен уағдаластықтарына сәйкес барынша мүмкін көлемде ұсынылады.

      3. Осы бапқа сәйкес ұсынылатын өзара құқықтық көмек мынадай:

      a) адамдардан айғақтар немесе өтініштер алу;

      b) сот құжаттарын тапсыру;

      c) тінтуді, алып қоюды және тоқтатып қоюды жүргізу;

      d) осы Конвенцияның 44-бабына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық жүйеде сақталатын электрондық деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе ұқсас іс-шараларды жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды ашу үшін оларды алып қою немесе ұқсас іс-әрекеттер;

      e) осы Конвенцияның 45-бабына сәйкес трафик туралы деректерді нақты уақыт режимінде жинау;

      f) осы Конвенцияның 46-бабына сәйкес мазмұны туралы деректерді ұстап алу;

      g) жергілікті жердің объектілері мен учаскелерін қарау;

      h) ақпаратты, дәлелдемелерді және сарапшылардың қорытындыларын ұсыну;

      i) үкіметтік, банктік, қаржылық, корпоративтік немесе коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, тиісті құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшірмелерін ұсыну;

      j) дәлелдеу мақсаттары үшін қылмыстан түскен табыстарды, мүлікті, қылмыс жасау құралдарын немесе басқа да заттарды анықтау немесе қадағалау;

      k) сұрау салатын Қатысушы мемлекеттің органдарына тиісті адамдардың ерікті түрде келуіне жәрдемдесу;

      l) қылмыстардан түскен табыстарды қайтару;

      m) сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына қайшы келмейтін кез келген өзге де көмек түрлерін көрсету мақсаттарының кез келгені бойынша сұратылуы мүмкін.

      4. Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары ішкі заңнамаға нұқсан келтірмей, егер мұндай ақпарат басқа Қатысушы мемлекеттің органына тергеп-тексеруді немесе қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыруға не табысты аяқтауға көмектесе алса немесе осы Конвенцияға сәйкес өтініш беруге алып келуі мүмкін деп есептесе, қылмыстық-құқықтық мәселелер жөніндегі ақпаратты алдын ала өтінішсіз-ақ басқа Қатысушы мемлекеттің құзыретті органына бере алады.

      5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес ақпарат беру мемлекеттегі ақпаратты ұсынатын құзыретті органдарына тергеп-тексеруі мен қылмыстық іс жүргізуіне нұқсан келтірілмей жүзеге асырылады. Ақпарат алатын құзыретті органдар мұндай ақпараттың жасырын сипатының сақталуы туралы өтінішті, тіпті уақытша болса да орындайды немесе оны пайдалануға қойылған шектеулерді сақтайды. Алайда бұл ақпарат алатын Қатысушы мемлекеттің өзінде жүргізіліп жатқан іс жүргізуде айыпталушыны ақтайтын ақпаратты жария етуіне кедергі келтірмейді. Мұндай жағдайда ақпаратты жария етудің алдында ақпарат алушы Қатысушы мемлекет ақпаратты ұсынатын Қатысушы мемлекетті хабардар етеді және өтініш түскен кезде онымен консультациялар жүргізеді. Айрықша жағдайларда алдын ала хабарлау мүмкін болмаса, ақпарат алатын Қатысушы мемлекет мұндай жария ету туралы ақпаратты ұсынатын Қатысушы мемлекетке дереу хабарлайды.

      6. Осы баптың ережелері өзара құқықтық көмекті толықтай немесе ішінара реттейтін қандай да бір басқа екіжақты немесе көпжақты шарт бойынша міндеттемелерге әсер етпейді.

      7. Осы бапқа негізделген өтініштерге, егер тиісті Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек туралы қандай да бір шартпен байланыспаған болса, осы баптың 8 - 31-тармақтары қолданылады. Қатысушы мемлекеттер олардың орнына осы баптың 8 - 31-тармақтарын қолдануға келіспесе, егер осы Қатысушы мемлекеттер мұндай шартпен байланысты болса, онда осы шарттың тиісті ережелері қолданылады. Егер ол ынтымақтастықты жандандыратын болса, Қатысушы мемлекеттерге міндетті түрде осы тармақтардың ережелерін қолдану ұсынылады.

      8. Қатысушы мемлекеттер осы бапқа сэйкес көмек көрсетуден тиісті іс-әрекеттің қылмыс деп екіжақты танылмауына байланысты бас тартуы мүмкін. Дегенмен, сұрау салушы Қатысушы мемлекет, егер орынды деп тапса, тиісті іс-әрекет оның ішкі заңнамасы бойынша қылмыс болып табылатынына қарамастан, көмек көлемін өз қалауынша айқындай отырып, көмек көрсете алады. Көмек аз мәнді мәселелерге қатысты немесе сұратылған ынтымақтастық немесе осы Конвенцияның өзге ережелеріне сәйкес қамтамасыз етіле алатын мәселелерге қатысты болғанда көмек берілмеуі мүмкін.

      9. Қатысушы мемлекеттің бірінің аумағында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жатқан және осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтарға байланысты тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау немесе сот талқылауы үшін жеке басын анықтау, айғақ беру немесе дәлелдемелерді алу үшін өзге де көмек көрсету мақсатында басқа Қатысушы мемлекет аумағында қатысуы талап етілетін адам мынадай шарттар сақталғанда:

      a) бұл адам оған саналы түрде және ерікті түрде келісім берген;

      b) екі Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары олар орынды деп санайтын шарттар жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген жағдайда берілуі мүмкін.

      10. Осы баптың 9-тармағының мақсаттары үшін:

      a) адам берілетін Қатысушы мемлекет, егер оны берген Қатысушы мемлекет өзгеше сұрамаған немесе өзгеше санкцияламаған болса, берілген адамды күзетпен қамауда ұстауға құқылы әрі міндетті;

      b) адам берілетін Қатысушы мемлекет бұл адамды оны берген Қатысушы мемлекеттің қарауына алдын ала келісілген немесе екі Қатысушы мемлекеттің құзыретті органдары өзге түрде келіскен тәртіппен дереу қайтару жөніндегі өз міндеттемесін орындайды;

      c) адам берілетін Қатысушы мемлекет адамды берген Қатысушы мемлекеттен оны қайтару үшін ұстап беру рәсімін қозғауды талап етпейді;

      d) берілген адамның оны берген мемлекетте өтеліп жатқан жаза мерзіміне бұл адамның берілген Қатысушы мемлекет аумағында күзетпен қамауда болған уақыты есептеледі.

      11. Осы баптың 9 және 10-тармақтарына сәйкес қандай да бір адамды беруге тиіс Қатысушы мемлекеттің келісімінсіз, берілген адам, оның азаматтығына қарамастан, оны берген мемлекеттің аумағынан кеткенге дейінгі кезеңге қатысты әрекетке, әрекетсіздікке немесе соттылыққа байланысты, ол берілген мемлекеттің аумағында қылмыстық қудалауға, күзетпен қамауға алуға, жазаға немесе жеке бас бостандығын өзге түрде шектеуге ұшырамайды.

      12. а) Әрбір Қатысушы мемлекет өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді қабылдауға және оларды орындауға немесе орындау үшін құзыретті органдарға жолдауға жауапты және қажетті өкілеттіктерге ие орталық органды немесе органдарды тағайындайды. Егер Қатысушы мемлекетте өзара құқықтық көмек көрсетудің бөлек жүйесі бар арнаулы өңір немесе аумақ болса, ол осы өңірге немесе аумаққа қатысты дәл осындай функцияларды орындайтын ерекше орталық органды тағайындай алады.

      b) Орталық органдар келіп түскен өтініштердің жедел және тиісті орындалуын немесе жолдануын қамтамасыз етеді. Егер орталық орган өтінішті орындау үшін оны құзыретті органға жолдаса, ол осы өтінішті құзыретті органның жедел және тиісті орындауына жәрдемдеседі.

      c) Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ратификациялау грамотасын немесе осы Конвенцияны қабылдау не бекіту туралы құжатын немесе оған қосылу құжатын сақтауға тапсырған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына осы мақсат үшін тағайындалған орталық орган туралы хабарлайды және Бас хатшы Қатысушы мемлекеттер тағайындаған орталық органдардың тізілімін жасайды және жаңартып отырады. Әрбір Қатысушы мемлекет тізілімдегі мәліметтердің дүрыстығын үнемі қамтамасыз етеді.

      d) Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштер және оларға қатысты кез келген хабарламалар Қатысушы мемлекеттер тағайындаған орталық органдарға жолданады. Бұл талап Қатысушы мемлекеттің мұндай өтініштер мен хабарламаларды оған дипломатиялық арналар арқылы жолдауды талап ету құқығына нұқсан келтірмейді және төтенше жағдайларда және Қатысушы мемлекеттер бұл туралы келіскен кезде, мүмкін болған жағдайда, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы арқылы жолдануына кедергі келтірмейді.

      13. Өтініштер жазбаша нысанда немесе мүмкін болған жағдайда, оның төлнұсқалығын айқындауға мүмкіндік беретін жағдайларда сұратылған Қатысушы мемлекет үшін қабылдауға болатын тілде және жазба жасауға мүмкіндік беретін кез келген құрал арқылы жіберіледі. Әрбір Қатысушы мемлекет өз ратификациялау грамотасын немесе осы Конвенцияны қабылдау не бекіту туралы құжатын немесе оған қосылу қүжатын сақтауға тапсырған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына әрбір Қатысушы мемлекет үшін қабылдауға болатын тіл немесе тілдер туралы хабарлайды. Төтенше жағдайларда және Қатысушы мемлекеттер келіскен кезде өтініштер ауызша нысанда жіберілуі мүмкін, алайда олар дереу жазбаша түрде расталуға тиіс.

      14. Егер Қатысушы мемлекеттердің тиісті заңдары тыйым салмаса, олардың орталық органдарына өзара құқықтық көмек туралы өтініштер мен оларға байланысты хабарламаларды, сондай-ақ электрондық нысандағы дәлелдемелерді сұратылған Қатысушы мемлекетке олардың төлнұсқалығын айқындауға және хабарламалардың қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларда электрондық түрде жіберу және қабылдау ұсынылады.

      15. Өзара құқықтық көмек туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      a) өтінішпен жүгінген органның атауы;

      b) өтініш қатысты мәселенің мәні және тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау немесе сот талқылауының сипаты, сондай-ақ осы тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды немесе сот талқылауын жүзеге асыратын органның атауы мен функциялары;

      c) сот құжаттарын тапсыру туралы өтініштерді қоспағанда, тиісті фактілердің қысқаша мазмүны;

      d) сұралатын көмектің сипаттамасы және сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сақталуын қалайтын кез келген нақты рәсім туралы егжей-тегжейлі ақпарат;

      e) мүмкін және орынды болған жағдайда, тиісті кез келген адамның жеке басы, орналасқан жері және азаматтығы туралы деректер, сондай-ақ тиісті заттың немесе шоттардың шығарылған жері, сипаттамасы және орналасқан жері;

      f) тиісті жағдайларда - дәлелдемелер, ақпарат немесе өзге де көмек сұратылатын уақыт аралығы;

      g) дәлелдемелер, ақпарат немесе өзге де көмекті сұратудың мақсаты.

      16. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет, егер бұл ақпарат оның ішкі заңнамасына сәйкес өтінішті орындау үшін қажет деп танылса немесе мұндай өтінішті орындауды жеңілдетуі мүмкін болса, қосымша ақпарат сұрай алады.

      17. Өтініш сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес, сондай-ақ бұл оның ішкі заңнамасына қайшы келмеген жағдайда, мүмкіндігінше, өтініште көрсетілген рәсімдерге сәйкес орындалады.

      18. Мүмкін болған және ішкі заңнаманың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкес болған жағдайда, егер қандай да бір тұлға Қатысушы мемлекет аумағында болса және оны басқа Қатысушы мемлекеттің сот органдары куә, жәбірленуші немесе сарапшы ретінде жауап алуға тиіс болса, бірінші Қатысушы мемлекет, егер тиісті адамның сұрау салынатын Қатысушы мемлекет аумағында жеке қатысуы мүмкін болмаса немесе қалаулы болмаса, басқа Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша бейнеконференция байланысы арқылы жауап алуға pұқсат бере алады. Қатысушы мемлекеттер жауап алуды сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің сот органының сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сот органы қатысуымен жүргізуі туралы уағдаласа алады. Егер сұратылған Қатысушы мемлекеттің бейнеконференция байланысы сессиясын өткізуге арналған техникалық қүралдарға қолжетімділігі болмаса, мұндай құралдар өзара уағдаластық бойынша сұрау салынатын Қатысушы мемлекет тарапынан берілуі мүмкін.

      19. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің алдын ала келісімін алмайынша, өтініште көрсетілгеннен өзге тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау немесе сот талқылауын жүзеге асыру үшін сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ұсынған ақпаратын немесе дәлелдемелерін бермейді және пайдаланбайды. Алайда бұл тармақ сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің өзінде жүргізіліп жатқан іс жүргізуде айыпталушыны ақтайтын ақпаратты немесе дәлелдемелерді ашуына кедергі келтірмейді. Мұндай жағдайда ақпаратты немесе дәлелдемелерді ашудың алдында сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынатын Қатысушы мемлекетті хабардар етеді және ол туралы өтініш түскен кезде онымен консультациялар жүргізеді. Айрықша жағдайларда алдын ала хабарлау мүмкін болмаған ретте, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет мұндай ашу туралы сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке дереу хабарлайды.

      20. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттен өтініштің бар екендігі мен мәнін, өтініштің өзін орындау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, құпия сақтауды талап ете алады. Егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекет құпиялылық туралы талаптарды орындай алмаса, ол бұл туралы сұрау салушы Қатысушы мемлекетке дереу хабарлайды.

      21. Өзара құқықтық көмектен:

      a) егер өтініш осы баптың ережелеріне сәйкес берілмесе;

      b) егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өтінішті орындау оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де өмірлік маңызды мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін деп есептесе;

      c) егер сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасы оның органдарына өз юрисдикциясы шегінде тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау немесе сот талқылауы болған жағдайда кез келген ұқсас қылмысқа қатысты сұралатын шараларды жүзеге асыруға тыйым салса;

      d) егер өтінішті орындау өзара құқықтық көмекке қатысты бөлікте сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің құқықтық жүйесінің талаптарына қайшы келсе бас тартылуы мүмкін.

      22. Осы Конвенцияда ештеңе сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке, егер ол өтініштің қандай да бір адамды оның жынысына, нәсіліне, тіліне, дініне, азаматтығына, этникалық шығу тегіне немесе саяси нанымына байланысты қудалау немесе жазалау мақсатында жасалғанына немесе мұндай өтінішті қанағаттандыру осы адамға аталған себептердің кез келгені бойынша нұқсан келтіретініне сенуге елеулі негіздер болса, өзара құқықтық көмек көрсету жөніндегі міндеттемені айқындайды деп түсіндірілмейді.

      23. Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті қылмыс салық мәселелерімен де байланысты деп саналады деген негізде орындаудан бас тарта алмайды.

      24. Қатысушы мемлекеттер осы бапқа сәйкес өзара құқықтық көмек көрсетуден банктік құпия негізінде бас тартпайды.

      25. Өзара құқықтық көмек беруден кез келген бас тарту уәжді болады.

      26. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзара кұқықтық көмек көрсету туралы өтінішті мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындайды және мүмкін болған жағдайда сұрау салушы Қатысушы мемлекет ұсынған және өтініштің өзінде уәжделген кез келген шекті мерзімдерді толық ескереді. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің өтініштің мәртебесі мен орындалу барысы туралы орынды сұрауларына жауап береді. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сұрау салынатын Қатысушы мемлекетті сұратылған көмекке қажеттілік жойылғаны туралы жедел түрде хабарлайды.

      27. Өзара құқықтық көмек көрсету сұрау салынатын Қатысушы мемлекетпен оның тергеп-тексеруіне, қылмыстық қудалауына немесе сот талқылауына кедергі келтіреді деген негізде кейінге қалдырылуы мүмкін.

      28. Осы баптың 21-тармағына сәйкес өтінішті орындаудан бас тартуға немесе осы баптың 27-тармағына сәйкес оны кейінге қалдыруға дейін сұрау салынатын Қатысушы мемлекет көмек көрсетуді өзіне қажетті деп санайтын мерзімдер мен шарттарда қамтамасыз ету мүмкін бе соны айқындау үшін сұрау салушы Қатысушы мемлекетпен консультациялар жүргізеді. Егер сұрау салушы Қатысушы мемлекет осындай шарттарда көмекті қабылдаса, ол бұл шарттарды сақтайды.

      29. Осы баптың 11-тармағын қолдануға нұқсан келтірмей, сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің өтініші бойынша, оның аумағында тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау немесе сот талқылауына қатысу үшін айғақ беруге немесе көмек көрсетуге келісім берген куә, сарапшы немесе өзге адам, сұрау салушы Қатысушы мемлекет аумағынан кеткенге дейінгі кезеңге қатысты әрекетке, әрекетсіздікке немесе соттылыққа байланысты, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет аумағында қылмыстық қудалауға, қамауға, жазаға немесе жеке бас бостандығын өзге түріне ұшырамайды. Мұндай жеке қауіпсіздік кепілдігінің қолданылуы, егер куә, сарапшы немесе өзге адам сұрау салушы Қатысушы мемлекет сот органдарына өз қатысуының қажет еместігі туралы ресми түрде хабарланған күннен бастап қатарынан 15 күн ішінде немесе Қатысушы мемлекеттер арасында келісілген кез келген мерзім ішінде бұл аумақтан кету мүмкіндігі бола тура, өз еркімен осы аумақта қалса немесе одан кетіп, өз еркімен қайта оралса, тоқтатылады.

      30. Өтінішті орындауға байланысты әдеттегі шығындарды, егер мүдделі Қатысушы мемлекеттер өзгеше келіспесе, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өтейді. Егер өтінішті орындау елеулі немесе төтенше шығындарды талап етсе немесе етуі мүмкін болса, Қатысушы мемлекеттер өтініштің қандай шарттарда орындалатынын және шығыстарды жабу тәртібін айқындау үшін консультациялар жүргізеді.

      31. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет:

      a) өзінде бар және оның ішкі заңнамасына сәйкес көпшілік қолжетімділігінде болатын үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттың көшірмелерін сұрау салушы Қатысушы мемлекетке береді;

      b) өз қалауы бойынша, толықтай немесе ішінара не өзі орынды деп санайтын шарттармен, өзінде бар және оның ішкі заңнамасына сәйкес көпшілік қолжетімділігінде болмайтын кез келген үкіметтік материалдардың, құжаттардың немесе ақпараттардың көшірмелерін сұрау салушы Қатысушы мемлекетке бере алады.

      32. Қатысушы мемлекеттер қажет болуына қарай осы баптың мақсаттарына сай келетін, оның практикада қолданылуын қамтамасыз ететін немесе оның ережелерін нығайтатын екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін, қарастырады.

41-бап

24/7 желісі

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтарға байланысты нақты қылмыстық тергеп-тексерулерді, қылмыстық қудалауды немесе сот талқылауын жүзеге асыру мақсатында шұғыл көмек ұсынылуын немесе қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағының мақсаттары үшін және осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандар мен ауыр қылмыстарға орай электрондық нысандағы дәлелдемелерді жинау, алу және сақталуын қамтамасыз ету үшін тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейтін байланыс орталығын тағайындайды.

      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы мұндай байланыс орталығы туралы хабардар етіледі және ол осы бап мақсаттары үшін тағайындалған байланыс орталықтарының жаңартылып отыратын тізілімін жүргізеді әрі жыл сайын Қатысушы мемлекеттер арасында байланыс орталықтарының жаңартылған тізімін таратады.

      3. Мұндай көмек мынадай:

      a) техникалық консультациялық көмек көрсету;

      b) осы Конвенцияның 42 және 43-баптарына сәйкес сақталатын электрондық деректердің сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде қызметтерді жеткізушінің орналасқан жері туралы ақпаратты, егер ол сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке белгілі болса сұрау салушы Қатысушы мемлекетке сұрау салуды жасауға жәрдем көрсету үшін тиісті жағдайларда ұсыну;

      c) дәлелдемелерді жинау және құқықтық ақпарат беру;

      d) күдіктілердің орналасқан жерін айқындау; немесе

      e) төтенше жағдайдың алдын алу үшін электрондық деректерді ұсыну шараларын қолдануға жәрдемдесуді немесе егер бұған сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасымен және практикасымен жол берілсе тікелей қолдануды қамтиды.

      4. Қатысушы мемлекеттің байланыс орталығының басқа Қатысушы мемлекеттің байланыс орталығымен жедел байланысы үшін мүмкіндіктері болуы тиіс. Егер тағайындаған байланыс орталығы осы Қатысушы мемлекеттің өзара құқықтық көмек көрсетуге немесе Ұстап беруге жауапты органының немесе органдарының құрылымдық бөлімшесі болмаса, бұл байланыс орталығы осындай органмен немесе органдармен өзінің жедел өзара іс-қимыл мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      5. Әрбір Қатысушы мемлекет 24/7 желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін даярланған және жарақтандырылған персоналдың болуын қамтамасыз етеді.

      6. Қатысушы мемлекеттер қолданылатын және өздерінің ішкі заңнамасы шеңберінде қолданыстағы уәкілетті байланыс орталықтары желілерінде Қатысушы мемлекет компьютерлік қылмыстар жөніндегі Халықаралық қылмыстық полиция Ұйымының 24/7 желісін қоса алғанда, полиция органдары арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықтың басқа да әдістерін қолдану үшін пайдалануы және нығайтуы мүмкін.

42-бап

Сақталатын электрондық деректердің сақталуын жедел қамтамасыз ету мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Қатысушы мемлекет басқа Қатысушы мемлекетке осы Конвенцияның 25-бабына сәйкес жедел түрде қамтамасыз ету туралы тиісті қаулы шығару немесе оларға байланысты сұрау салушы Қатысушы мемлекет осы электрондық деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шаралар жүргізуде, оларды алып қоюды немесе олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ұқсас іс-әрекеттерді жүзеге асыруда немесе оларды ашуда өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті жолдауға ниеттеу осы басқа Қатысушы мемлекеттің аумағындағы ақпараттық-коммуникациялық жүйеде сақталатын электрондық деректердің сақталуын өзге тәсілмен қамтамасыз ету өтінішімен жүгіне алады.

      2. Сұрау салушы Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 41-бабында көзделген 24/7 желісін ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен сақталатын электрондық деректердің орналасқан жері туралы ақпарат және тиісті жағдайларда қызметтерді жеткізушінің орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін пайдалана алады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жолданатын деректердің сақталуын қамтамасыз ету туралы өтініште:

      a) сақталуын қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінетін орган;

      b) қылмыстық тергеп-тексеру, қудалау немесе сот талқылауы жүргізілетін қылмыс және оған қатысты фактілердің қысқаша мазмұны;

      c) сақталуын қамтамасыз ету талап етілетін сақталатын электрондық деректер және олардың қылмысқа қатыстылығы;

      d) сақталатын электрондық деректерді сақтаушыны немесе ақпараттық- коммуникациялық жүйенің орналасқан жерін сәйкестендіретін кез келген қолда бар ақпарат;

      e) деректердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігі;

      f) сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің сақталатын электрондық деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шаралар жүргізуде, оларды алып қоюды немесе олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ұқсас әрекеттерді жүзеге асыруда немесе оларды ашуда өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жолдау ниеті жөніндегі мәліметтер;

      g) тиісті жағдайларда - сақталуын қамтамасыз ету туралы өтініштің құпиялылығын сақталу және пайдаланушыны хабардар етпеу қажеттігі.

      4. Басқа Қатысушы мемлекеттен өтініш түскеннен кейін, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасына сәйкес өтініште көрсетілген деректердің сақталуын жедел қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараны қабылдайды. Өтінішті қанағаттандыру мақсатында мұндай сақтауды қамтамасыз ету шарты ретінде тиісті іс-әрекеттің қылмыс болып екіжақты танылуы талап етілмейді.

      5. Сақталатын электрондық деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шаралар жүргізуде, оларды алып қоюды немесе олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ұқсас әрекеттерді жүзеге асыруда немесе оларды ашу өзара құқықтық көмек туралы өтінішті қанағаттандыру үшін шарт ретінде тиісті іс-әрекеттің қылмыс болып екіжақты танылуын талап ететін Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылмаған қылмыстарға деректер ашылған сәтте тиісті іс-әрекеттің қылмыс болып екіжақты танылуы туралы шарттың орындалмай қалуы мүмкін деп санауға негіздері болған жағдайларда осы бапқа сәйкес сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі өтінішті қабылдамау құқығын өзіне қалдыра алады.

      6. Бұдан басқа сақталуын қамтамасыз ету туралы өтінішті тек осы Конвенцияның 40-бабының 21-тармағының (b) және (с) тармақшаларында және 22-тармағында көрсетілген негіздер бойынша ғана қабылдамауға болады.

      7. Егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сақталуын қамтамасыз ету деректердің болашақта қолжетімді болуын қамтамасыз етпейді немесе құпиялылыққа қатер төндіреді немесе сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің жүргізіп отырған тергеп-тексеруіне өзгеше түрде залал келтіреді деп есептесе, ол бұл туралы сұрау салушы Қатысушы мемлекетті жедел хабардар етеді, осы жағдайда сұрау салушы Қатысушы мемлекет аталған өтінішті орындаудың қажет екенін не қажет емес екенін айқындайды.

      8. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілген өтінішке жауап ретінде сақталуын қамтамасыз ету бойынша кез келген шаралар сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шаралар жүргізу, оларды алып қоюды немесе олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ұқсас әрекеттерді жүзеге асыру немесе оларды ашу туралы өтініш жолдауына мүмкіндігі болуы үшін кемінде 60 күн бойы қолданылады. Мұндай өтініш алынғаннан кейін осы деректердің сақталуы сол өтінішке қатысты шешім қабылданғанға дейін қамтамасыз етіледі.

      9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген сақтауды қамтамасыз ету мерзімі аяқталғанға дейін сұрау салушы Қатысушы мемлекет осы мерзімді ұзартуды сүрата алады.

43-бап

Трафик туралы сақталған деректерді жедел ұсыну мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Егер осы Конвенцияның 42-бабына сәйкес жолданған нақты хабарламаға қатысты трафик жөніндегі деректердің сақталуын қамтамасыз ету туралы жолданған өтінішті орындау барысында сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке хабарламаны беруде басқа Қатысушы мемлекеттегі қызметтерді жеткізуші қатысқаны белгілі болса, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сұрау салушы Қатысушы мемлекетке осы қызметтерді жеткізушіні сәйкестендіру және осы хабарламаның берілу бағытын айқындау үшін жеткілікті көлемде трафик жөніндегі деректерді жедел ашады.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес трафик жөніндегі деректерді ашу туралы өтінішті тек осы Конвенцияның 40-бабының 21-тармағының (b) және (с) тармақшаларында және 22-тармағында көрсетілген негіздерде ғана қабылдамауға болады.

4-бап

Сақталатын электрондық деректерге қол жеткізудегі өзара құқықтық көмек

      1. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 42-бабына сәйкес сақталуы қамтамасыз етілген электрондық деректерді қоса алғанда, электрондық деректерге қол жеткізу үшін тінту немесе соған ұқсас іс-шаралар жүргізу, алып қоюды немесе сақталуын қамтамасыз ету үшін ұқсас әрекеттерді жүзеге асыру немесе сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің аумағындағы ақпараттық-коммуникациялық жүйеде сақталатын деректерді ашу туралы өтінішпен басқа Қатысушы мемлекетке жүгіне алады.

      2. Сұрау салынатын Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 35-бабында көрсетілген тиісті халықаралық қүжаттар мен заңдарды басшылыққа ала отырып және осы тараудың басқа да тиісті ережелеріне сәйкес бұл өтінішке жауап береді.

      3. Егер:

      a) тиісті деректердің жоғалуға немесе өзгеріске ұшырауға айрықша бейім екен деп санауға негіздер; немесе

      b) осы баптың 2-тармағында көрсетілген қүжаттар мен заңдар жеделдетілген тәртіппен өзге ынтымақтастықты көздесе, өтінішке жауап жеделдетілген тәртіппен беріледі.

45-бап

Трафик туралы деректерді нақты уақыт режимінде жинаудағы өзара құқықтық көмек

      1. Қатысушы мемлекеттер өз аумақтарында ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен берілетін нақты хабарламаларға қатысты трафик туралы деректерді нақты уақыт режимінде жинауда біріне-бірі өзара құқықтық көмек көрсетуге ұмтылады. Осы баптың 2-тармағының ережелерін ескере отырып, мұндай көмек ішкі заңнамада көзделген шарттар мен рәсімдерге сәйкес көрсетіледі.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет кемінде ұқсас ішкі іс шеңберінде нақты уақыт режимінде трафик туралы деректерді жинау мүмкін болатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға орай, оларға қатысты осындай көмек көрсетуге ұмтылады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жолданатын өтініште:

      a) сұрау салушы органның атауы;

      b) өтініштің қатысы бар және негізгі фактілердің қысқаша мазмұны тергеп-тексерудің, қудалаудың немесе сот талқылауының сипаты;

      c) трафик туралы деректерді жинау талап етілетін электрондық деректер және олардың қылмысқа қатыстылығы жөніндегі мәліметтер;

      d) деректердің иесін немесе пайдаланушысын немесе ақпараттық-коммуникациялық жүйенің орналасқан жерін сәйкестендіретін кез келген қолда бар деректер;

      e) трафик туралы деректердің жинау қажеттілігінің негіздемесі;

      f) трафик туралы деректердің жинау талап етілетін кезең және оның ұзақтығының тиісті негіздемесі көрсетіледі.

46-бап

Мазмұн туралы деректердің қолға түсірудегі өзара құқықтық көмек

      Қатысушы мемлекеттер өздеріне қолданылатын шарттармен немесе ішкі заңнамамен жол берілетін шекте ақпараттық-коммуникациялық жүйенің көмегімен берілетін нақты хабарламаларға қатысты мазмұн туралы деректердің нақты уақыт режимінде жинауда немесе жазып алуда біріне-бірі өзара құқықтық көмек көрсетуге ұмтылады.

47-бап

Құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандарға қарсы іс-қимыл үшін құқық қолдану шараларының тиімділігін арттыру мақсатында өздерінің ішкі құқықтық және әкімшілік жүйелеріне сәйкес әрекет ете отырып, бірімен-бірі тығыз ынтымақтасады. Қатысушы мемлекеттер, атап айтқанда, мыналарға:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандардың барлық аспектісі туралы, егер мүдделі Қатысушы мемлекеттер мұны тиісті деп таныса, қылмыстық қызметтің басқа да түрлерімен байланыстарды қоса алғанда қорғалған және жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының арналарын қоса алғанда, қолданыстағы арналарды ескере отырып, олардың құзыретті органдары;

      b) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандарға байланысты тергеп-тексерулер жүргізуде, мыналарды:

      i) осындай қылмыстарды жасауға қатысы бар деп күдікке ілінген адамдардың жеке басын, орналасқан жерін және қызметін немесе басқа да тиісті адамдардың орналасқан жерін;

      ii) қылмыстардан түскен кірістердің немесе осындай қылмыстарды жасаудың нәтижесінде алынған мүліктің қозғалысын;

      iii) осындай қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүліктің, жабдықтың немесе басқа да құралдардың қозғалысын анықтау мақсатында басқа Қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастыққа;

      c) тиісті жағдайларда талдау немесе тергеп-тексеру мақсатында қажетті заттарды немесе деректерді ұсынуға;

      d) тиісті жағдайларда осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандарды жасау үшін қолданылатын нақты құралдар мен әдістер туралы, жалған сәйкестендіру деректерін, жалған, өзгертілген немесе қолдан жасалған құжаттарды және қызметті жасырудың басқа да құралдарын пайдалану, сондай-ақ киберқылмыстың тактикасы, әдістері мен рәсімдері туралы басқа Қатысушы мемлекеттермен ақпарат алмасуға;

      e) олардың құзыретті органдары, мекемелері мен қызметтері арасында тиімді үйлестіруге жәрдемдесуге және қызметкерлермен және басқа да сарапшылармен алмасуды ынталандыруға, мүдделі Қатысушы мемлекеттер арасындағы екіжақты келісімдерге немесе уағдаластықтарға сәйкес байланыс қызметкерлерін жіберуді қоса алғанда;

      f) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандарды алдын ала анықтау мақсатында ақпарат алмасуға және тиісті жағдайларда қабылданатын әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіруге бағытталған тиімді шараларды қабылдайды.

      2. Осы Конвенцияны практикалық қолдану мақсаттары үшін Қатысушы мемлекеттер өздерінің құқық қорғау органдары арасында тікелей ынтымақтастық туралы екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін, ал мұндай келісімдер немесе уағдаластықтар бар болған жағдайлар оларға түзетулер енгізуді қарастырады. Мүдделі Қатысушы мемлекеттер арасында мұндай келісімдер немесе уағдаластықтар болмаған кезде осы Конвенцияны қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандарға қатысты құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық үшін негіз ретінде қарауы мүмкін. Тиісті жағдайларда Қатысушы мемлекеттер өз қүкық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін келісімдерді немесе уағдаластықтарды оның ішінде халықаралық немесе өңірлік ұйымдардың тетіктерін барынша пайдаланады.

48-бап

Бірлескен тергеп-тексерулер

      Қатысушы мемлекеттер екіжақты немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін қарастырады олардың негізінде осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған және бір немесе бірнеше мемлекетте қылмыстық тергеп-тексерудің, қудалаудың немесе сот талқылауының нысанасы болатын құқық бұзушылықтарға байланысты мүдделі құзыретті органдар бірлескен тергеп-тексерулерді жүргізу жөніндегі органдарды құра алады. Мұндай келісімдер немесе уағдаластықтар болмаған кезде бірлескен тергеп-тексерулер әрбір жекелеген жағдайда келісім бойынша жүргізілуі мүмкін. Тиісті Қатысушы мемлекеттер мұндай тергеп-тексерулер жүргізу жоспарланатын аумақта Қатысушы мемлекеттің егемендігіне толық құрмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

49-бап

Тәркілеу ісіндегі халықаралық ынтымақтастық арқылы мүлікті қайтару тетіктері

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандардың қандай да бірін жасау нәтижесінде алынған немесе осындай қылмыстармен байланысты мүлікке қатысты осы Конвенцияның 50-бабына сәйкес өзара құқықтық көмек беру мақсатында, өз ішкі заңнамасына сәйкес:

      a) басқа Қатысушы мемлекеттің соттары шығарған тәркілеу туралы қаулыны орындауға өз құзыретті органдарына мүмкіндік беру үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды;

      b) өз құзыреті шегінде, ақша қаражатын жылыстату туралы істер немесе оның юрисдикциясына жатуы мүмкін осындай басқа да қылмыстар бойынша сот шешімдерін шығару кезінде немесе оның ішкі заңнамасымен рұқсат етілген басқа да рәсімдерді пайдалану кезінде шетелдік шығу тегі бар мұндай мүлікті тәркілеу туралы қаулыларды шығаруға өзінің құзыретті органдарына олардың юрисдикциясы шегінде мүмкіндік беру үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды және

      c) қылмыскер қайтыс болуына байланысты, қашып кетуіне немесе болмауына орай не басқа да тиісті жағдайларда қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін болмаған істер бойынша қылмыстық іс жүргізу шеңберінде үкім шығарылмай-ақ мұндай мүлікті тәркілеуге мүмкіндік жасау үшін талап етілуі мүмкін шаралар қабылдау туралы мәселені қарайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 50-бабының 2-тармағына сәйкес жіберілген өтініш бойынша өзара құқықтық көмек беру мақсатында, өз ішкі заңнамасына сәйкес:

      a) сұрау салушы Қатысушы мемлекеттің соты немесе құзыретті органы шығарған уәждер және сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке осындай шараларды қабылдауға жеткілікті және бұл мүлікке қатысты сайып келгенде осы баптың 1-тармағы (а) тармақшасының мақсаттар үшін тәркілеу туралы қаулы шығарылады деп пайымдауға мүмкіндік беретін ақылға қонымды негіздер баяндалатын тоқтатып қою немесе тыйым салу туралы қаулыға сәйкес мүлікті тоқтатып қоюға немесе оған тыйым салуға өз құзыретті органдарына мүмкіндік беру үшін талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды;

      b) сұрау салынатын Қатысушы мемлекетке осындай шараларды қабылдауға жеткілікті уәждер бар және бұл мүлікке қатысты сайып келгенде осы баптың 1-тармағы (а) тармақшасының мақсаттар үшін тәркілеу туралы қаулы шығарылады деп пайымдауға мүмкіндік беретін ақылға қонымды негіздер баяндалатын өтінішке жауап ретінде мүлікті тоқтатып қоюға немесе оған тыйым салуға өз құзыретті органдарына мүмкіндік беру үшін шараларды қабылдайды; және

      c) өз құзыретті органдарына мүлікті тәркілеу мақсаттары үшін оның сақталуын қамтамасыз етуге, мысалы, осындай мүлікті иеленуге байланысты тыйым салу туралы шетелдік қаулы немесе қылмыстық айып тагу негізінде мүмкіндік беру үшін қосымша шаралар қабылдау туралы мәселені қарайды.

50-бап

Тәркілеу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық

      1. Осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған қандай да бір құқық бұзушылық юрисдикциясына жататын басқа Қатысушы мемлекеттен осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағында көрсетілген оның аумағындағы қылмыстардан түскен кірістерді, мүлікті, жабдықты немесе қылмыстар жасаудың басқа тәркілеу туралы өтініш алған Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесі шеңберінде мүмкін болатын барынша жоғары дәрежеде:

      a) осы өтінішті тәркілеу туралы қаулы алу мақсатында өз құзыретті органдарына және мұндай қаулы шығарылған жағдайда оны орындайды; немесе

      b) сұрау салушы Қатысушы мемлекет аумағындағы сот осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағына сәйкес шығарған тәркілеу туралы қаулыны өтініште көрсетілген көлемде және сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің аумағындағы қылмыстардан түскен кірістерге, мүлікке, жабдыққа немесе қылмыстар жасаудың басқа да құралдарына қатысты шамада орындау мақсатында өз құзыретті органдарына жолдайды.

      2. Қылмыс деп танылған қандай да бір құқық бұзушылық осы Конвенцияға сәйкес юрисдикциясына жататын басқа Қатысушы мемлекет жолдаған өтініш түскеннен кейін сұрау салынатын Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 31-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыстардан түскен кірістерді, мүлікті, жабдықты немесе қылмыстар жасаудың басқа да қүралдарын кейіннен тәркілеу мақсатында анықтау, айқындау, қадағалау, тоқтатып қою немесе оларға тыйым салу үшін шараларды қабылдайды, ол туралы қаулыны не сұрау салушы Қатысушы мемлекет, не осы баптың 1-тармағына сәйкес өтінішке орай, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет шығарады.

      3. Осы Конвенцияның 40-бабының ережелері осы бапқа (mutatis mutandis) қолданылады. Осы Конвенцияның 40-бабының 15-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша, осы бап негізінде жолданатын өтініштерде:

      a) осы баптың 1-тармағының (а) тармақшасында көзделген өтінішке қатысты - тәркілеуге жататын мүліктің сипаттамасы, оның ішінде мүмкіндігінше оның орналасқан жері және егер орынды болса мүліктің бағалау қүны туралы мәліметтер мен сұрау салушы Қатысушы мемлекет сілтеме жасайтын және сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өз ішкі заңнамасына сәйкес қаулы шығару үшін шаралар қабылдауына жеткілікті фактілер баяндалған мәлімдеме;

      b) осы баптың 1-тармағының (b) тармақшасында көзделген өтінішке қатысты - өтініш негізделетін тәркілеу туралы қаулының сұрау салушы Қатысушы мемлекет берген құқықтық тұрғыдан жол берілетін көшірмесі, фактілер баяндалған мәлімдеме мен орындалуына сұрау салынатын қаулының көлеміне қатысты ақпарат, сұрау салушы Қатысушы мемлекет адал үшінші тараптарды тиісті хабардар етуді қамтамасыз ету және тиісті құқықтық рәсімдерді сақтау үшін қабылдаған шараларды көрсететін мәлімдеме мен тәркілеу туралы қаулының түпкілікті болатыны мәлімдеме;

      c) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішке қатысты - сұрау салушы Қатысушы мемлекет сілтеме жасайтын фактілер баяндалған мәлімдеме және сұрау салынатын шаралардың сипаттамасы, сондай-ақ бар болған жағдайда өтініш негізделетін қаулының құқықтық тұрғыдан жол берілетін көшірмесі.

      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шешімдерді немесе шараларды сұрау салынатын Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының ережелері мен процестік нормаларына немесе ол сұрау салушы Қатысушы мемлекетпен қарым-қатынастарында байланысатын кез келген екіжақты немесе көпжақты шарттарға, келісімдерге немесе уағдаластықтарға сәйкес және олардың сақталуы шартында қабылдайды.

      5. Әрбір Қатысушы мемлекет осы баптың ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өз заңдары мен қағидаларының мәтіндерін, сондай-ақ мұндай заңдар мен қағидаларға кез келген кейінгі өзгерістердің мәтіндерін немесе олардың сипаттамасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына ұсынады.

      6. Егер қандай да бір Қатысушы мемлекет осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қабылдауды тиісті шарттың болуымен негіздемесі келсе, онда бұл Қатысушы мемлекет осы Конвенцияны қажетті және жеткілікті шарттық-құқықтық негіз ретінде қарайды.

      7. Егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекет жеткілікті дәлелдемелерді уақтылы алмаса немесе мүліктің құны аз болса, осы бапқа сәйкес ынтымақтастықтан бас тартылуы немесе қамтамасыз ету шаралары алып тасталуы мүмкін.

      8. Осы бапқа сәйкес қабылданған кез келген қамтамасыз ету шарасы алып тасталғанға дейін мүмкін болған жағдайда, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет сұрау салушы Қатысушы мемлекетке осындай шараны жүзеге асыруды жалғастырудың пайдасына өз уәждерін баяндауға мүмкіндік береді.

      9. Осы баптың ережелері адал үшінші тараптардың құқықтарына залал келтіретіндей сипатта түсіндірілмейді.

      10. Қатысушы мемлекеттер осы бапқа сәйкес жүзеге асырылатын халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін екіжақты немесе көпжақты шарттар, келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу мүмкіндігін қарайды.

51-бап

Арнаулы ынтымақтастық

      Өзінің ішкі заңнамасына залал келтірмей, әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылғандардан түскен кірістер туралы ақпаратты, ол мұндай ақпаратты ашу оны алушы Қатысушы мемлекетке қылмыстық тергеп-тексеруді қозғауда, қудалауды немесе сот талқылауын жүргізуде ықпал ету мүмкін немесе осы Конвенцияның 50-бабына сәйкес осы Қатысушы мемлекеттің өтініш жолдауын алып келуі мүмкін деп есептесе, алдын ала өтінішсіз-ақ басқа Қатысушы мемлекетке өзінің қылмыстық тергеп-тексеруі, қудалауы немесе сот талқылауы үшін залалсыз жіберуге оған мүмкіндік беретін шараларды қабылдауға ұмтылады.

52-бап

Қылмыстардан немесе мүліктен алынған тәркіленген кірістерді қайтару және оларға билік ету

      1. Осы Конвенцияның 31 немесе 50-баптарының негізінде Қатысушы мемлекет тәркілеген қылмыстардан түскен кірістерге немесе мүлікке осы Қатысушы мемлекет өз ішкі заңнамасы мен әкімшілік рәсімдеріне сәйкес билік етеді.

      2. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның 50-бабына сәйкес басқа Қатысушы мемлекет жолдаған өтініш бойынша, ішкі заңнамада жол берілген pұқсат етілетін шамада әрекет ете отырып және тиісті өтініш алынған жағдайда, pұқсат етілетін шамада қылмыстан жәбірленушілерге өтемақы қылмыстардан түскен, тәркіленген немесе мүліктен алынған кірістерді төлеу немесе осындай қылмыстардан түскен кірістерді немесе мүлікті бұрынғы заңды иелеріне қайтару үшін сұрау салушы Қатысушы мемлекетке қайтару туралы мәселені қарайды.

      3. Қатысушы мемлекет осы Конвенцияның 31 және 50-баптарына сәйкес басқа Қатысушы мемлекет жолдаған өтініш бойынша әрекет ете отырып, жәбірленушілерге өтемақы төлеу туралы мәселені тиісті түрде қарағаннан кейін мынадай:

      a) қылмыстардан немесе мүліктен алынған кірістердің соманы немесе осындай кірістерді немесе мүлікті өткізудің нәтижесінде қаражатты немесе олардың бір бөлігін осы Конвенцияның 56-бабы 2-тармағының (с) тармақшасына сәйкес осы мақсатқа арналған шотқа және киберқылмыспен күреске маманданған үкіметаралық органдарға аудару туралы;

      b) өз ішкі заңнамасына немесе әкімшілік рәсімдерге сәйкес басқа Қатысушы мемлекеттерге тұрақты немесе біржолғы негізде қылмыстардан түскен кірістердің немесе мүліктің немесе қылмыстардан түскен осындай кірістерді немесе мүлікті өткізу нәтижесінде алынған қаражаттың бір бөлігін беру туралы келісімдер немесе уағдаластық жасасу мүмкіндігін ерекше қарай алады.

      4. Тиіс жағдайларда, егер тек Қатысушы мемлекеттер өзгеше шешім қабылдамаса, сұрау салынатын Қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес тәркіленген мүлікті қайтаруға немесе оған билік етуге алып келген тергеп-тексеру, қудалау немесе сот талқылауы барысында жұмсалған ақылға қонымды шығыстарды шегере алады.

VI тарау.

Алдын алу шаралары

53-бaп

Алдын алу шаралары

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өз құқықтық жүйесінің іргелі қағидаттарына сәйкес тиісті заңнамалық, әкімшілік немесе өзге де шараларды қабылдау арқылы киберқылмыстар жасауға қолданыстағы немесе болашақтағы мүмкіндіктерді қысқарту үшін тиімді және үйлестірілген саясат пен озық тәжірибені әзірлеуге және жүзеге асыруға не оларды жалғастыруға ұмтылады.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің мүмкіндіктері шегінде және ішкі заңнамасының іргелі қағидаттарына сәйкес, қоғамдық сектордан тыс тиісті тұлғалар мен құрылымдардың - үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелердің және жеке сектор құрылымдарының, сондай-ақ жалпы жұртшылықтың - осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиісті аспектілеріне белсенді қатысуына жәрдемдесу жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды.

      3. Алдын алу:

      a) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың алдын алудың және оларға қарсы күрестің тиісті мәселелерін шешуде құқық қорғау органдары немесе прокурорлар мен қоғамдық сектордан тыс тиісті тұлғалар мен құрылымдар - үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, ғылыми мекемелер және жеке сектор құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

      b) қоғамның мұндай қылмыстардың алдын алуға және оларға қарсы күреске қатысуын ынталандыратын қоғамның осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың бар екенін, себептері мен қатерінің қауіпті сипаты туралы түсінігін терендетуді ақпараттық жұмыстарын жүргізу және халықты оқыту мен медиалық және ақпараттық сауаттылықты арттыру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыру жолымен қамтамасыз етеді;

      c) ұлттық қылмыстық құқық төрелігі жүйелерінің әлеуетін нығайту, оның ішінде осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұлттық стратегиялар шеңберінде қылмыстық құқық төрелігі жүйесі қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және олардың сарапшылық білімдерін кеңейту;

      d) қызмет көрсетушілерді өз өнімдерінің, қызметтерінің және клиенттерінің қауіпсіздігін күшейту үшін тиімді шаралар қабылдауын ұлттық жағдайларды және ішкі заңнамада рұқсат етілген шамада ескере отырып, ынталандыру;

      e) қызмет көрсетушілердің өнімдері мен қызметтерінің және олардың клиенттерінің қауіпсіздігін күшейту мен арттыруға ғана бағытталған және ішкі заңнамада рұқсат етілген әрі ондағы талаптар сақталған жағдайда қауіпсіздік саласындағы занды зерттеу қызметінің үлесін мойындау;

      f) киберқылмысқа тартылу қатеріне үшырауы мүмкін адамдарды қылмыс жасаудан тежеп, олардың дағдыларын заңды арнаға бағыттау мақсатын көздейтін бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу, іске асыруға жәрдемдесу және қолдау;

      g) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамдарды қоғамға қайта кіріктіруге жәрдемдесуге ұмтылу;

      һ) ішкі заңнамаға сәйкес ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдалану арқылы жасалатын гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мен оны жою стратегиялары мен саясатын әзірлеу, сондай-ақ алдын алу шараларын әзірлеу кезінде осал жағдайдағы адамдардың ерекше мән-жайлары мен қажеттіліктерін ескеру;

      i) балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты және нысаналы шараларды, соның ішінде балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық немесе балаларды сексуалдық пайдалану туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған ағарту, кадр даярлау және түсіндіру шараларын қабылдау, оларды болғызбау мақсатымен ұлттық нормативтік құқықтық базаны қайта қарау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық көріністері мен балаларды сексуалдық пайдалану материалдарын мүмкіндігінше жедел жою жөніндегі шараларды қабылдау;

      j) шешім қабылдау процестерінің ашықтығын күшейту, халықтың шешім қабылдауға тартылуына жәрдемдесу және ақпараттың жұртшылық үшін барабар қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      k) киберқылмысқа қатысты жария ақпаратты іздеу, алу және тарату бостандығын құрметтеу, ілгерілету және қорғау;

      l) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың құрбандарын қолдау бағдарламаларын әзірлеу немесе жетілдіру;

      m) осы Конвенцияға сәйкес қылмыстарға байланысты қылмыстық кірістер мен мүліктің аударымдарын болғызбау және анықтау шараларын қамтуы мүмкін.

      4. Осы Конвенцияда қамтылған қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы мүмкін кез келген оқыс оқиғалар туралы тиісті жағдайларда оларға хабарламалар, оның ішінде анонимді хабарламалар жіберу үшін киберқылмыстың алдын алуға және оған қарсы күреске жауапты тиісті құзыретті орган немесе органдар халыққа белгілі және қолжетімді болуы үшін әрбір Қатысушы мемлекет тиісті шаралар қабылдайды.

      5. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияға сәйкес қылмыстық құкық бұзушылықтар төндіретін өзгермелі қатерлер жағдайында ұлттық қолданыстағы заңнама мен әкімшілік практиканы үнемі өзекті күйде ұстау, олқылықтар мен осал түстарды айқындау мақсатымен оларға кезең-кезеңінен бағалау жүргізуге үмтылады.

      6. Қатысушы мемлекеттер осы бапта көзделген шараларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу үшін бірімен-бірі, сондай-ақ тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтаса алады. Бұған киберқылмыстың алдын алуға бағытталған халықаралық жобаларға қатысу да кіреді.

      7. Әрбір Қатысушы мемлекет киберқылмыстың алдын алуға арналған нақты шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға басқа Қатысушы мемлекеттерге жәрдем корсете алатын органның немесе органдардың атауы мен мекенжайын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды.

VII таpay.

Техникалық көмек және ақпарат алмасу

54-бап

Техникалық көмек және әлеуетті арттыру

      1. Қатысушы мемлекеттер өз мүмкіндіктерін ескере отырып, дамушы Қатысушы мемлекеттердің мүдделері мен қажеттіліктерін ерекше ескеріп, кадрлар даярлау және көмектің өзге де түрлері, тиісті тәжірибе мен арнайы біліммен өзара алмасу және келісілген шарттармен технологияларды беруді қоса алғанда, осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру, сондай-ақ олар үшін қылмыстық қудалау жүргізуге жәрдемдесу мақсатында неғұрлым ауқымды техникалық көмек көрсету және әлеуетті нығайтуға жәрдемдесу туралы мәселені қарастырады.

      2. Қатысушы мемлекеттер қажетіне қарай осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру және олар бойынша қылмыстық қудалау жүргізу үшін жауапты персоналды даярлаудың нақты бағдарламаларын бастайды, әзірлейді, іске асырады немесе жетілдіреді.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлері ішкі заңнамада pұқсат етілген шамада мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін

      a) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру және олар бойынша қылмыстық қудалау барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдер;

      b) киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес үшін стратегиялық саясат пен заңнаманы әзірлеу және жоспарлау саласындағы әлеуетті нығайту;

      c) дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету тізбегін сақтауды және сот сараптамасын жүргізуді қоса алғанда, дәлелдемелерді, әсіресе электрондық нысанда, жинау, сақталуын қамтамасыз ету және беру саласында әлеуетті арттыру;

      d) құқық қорғау органдарына арналған заманауи жабдық және оны пайд алану;

      e) осы Конвенция талаптарын, әсіресе электрондық нысанда дәлелдемелерді жинау, сақталуын қамтамасыз ету және беру бөлігінде, қанағаттандыратын өзара құқықтық көмек туралы өтініштерді жасау және ынтымақтастықтың өзге түрлерін пайдалану мәселелері бойынша құзыретті органдар қызметкерлерін оқыту;

      f) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстар нәтижесінде алынған кірістердің, мүліктің, жабдықтың немесе басқа да құралдардың қозғалысының алдын алу, анықтау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ мұндай кірістерді, мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды аудару, жасыру немесе бүркемелеу үшін қолданылатын әдістер;

      g) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан түскен кірістерге тыйым белгілеуге, оларды тәркілеу мен қайтаруға жәрдемдесетін тиісті және пәрменді құқықтық және әкімшілік тетіктер мен әдістер;

      һ) сот органдарымен ынтымақтасатын жәбірленушілер мен куәгерлерді қорғау әдістері;

      i) материалдық және процесс құқығының тиісті нормалары, тергеп-тексеру жүргізу кезіндегі құқық қорғау органдарының өкілеттіктері, сондай-ақ ұлттық және халықаралық қағидалар бойынша қызметкерлерді даярлау және тілдерді үйрету.

      4. Қатысушы мемлекеттер, өз ішкі заңнамасын сақтай отырып, осы Конвенцияны жүзеге асыру тиімділігін арттыру мақсатында басқа Қатысушы мемлекеттердің және тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелердің және жеке сектор құрылымдарының сарапшылық білімдерін пайдалануға және олармен тығыз ынтымақтасуға ұмтылады.

      5. Қатысушы мемлекеттер осы баптың 3-тармағында көрсетілген салаларда сарапшылық біліммен алмасуды қамтамасыз ету үшін зерттеу және кадрлар даярлау бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыруда бір-біріне жәрдемдеседі және осы мақсатпен тиісінше жағдайларда өңірлік және халықаралық конференциялар мен семинарларды ынтымақтастықты дамыту және өзара қызығушылық тудыратын проблемаларды талқылау үшін пайдаланады.

      6. Қатысушы мемлекеттер киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес стратегиялары мен іс-қимыл жоспарларын құзыретті органдар мен тиісті үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, ғылыми мекемелер және жеке сектор құрылымдары қатысуымен әзірлеу мақсатында өз аумақтарында жасалған осы Конвенциямен қамтылатын қылмыстардың түрлері, себептері және салдарлары бойынша бағалау, зерттеу және әзірлемелер жүргізуге бір- біріне өтініш бойынша жәрдемдесу мүмкіндігін қарастырады.

      7. Қатысушы мемлекеттер кадрлар даярлау мен техникалық көмекке жәрдемдеседі, бұл уақтылы экстрадиция және өзара құқықтық көмек көрсетуді жеңілдетеді. Кадр даярлау мен техникалық көмек тіл үйретіп даярлауды, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді дайындау мен өндеуге жәрдемдесуді, сондай-ақ орталық органдардың немесе тиісті функцияларды орындайтын мекемелердің қызметкерлерін жіберуді және олармен алмасуды қамтуы мүмкін.

      8. Қатысушы мемлекеттер халықаралық және өңірлік ұйымдарда, сондай-ақ тиісті екіжақты және көпжақты келісімдер немесе уағдаластық шеңберінде техникалық көмек пен әлеуетті нығайтудың тиімділігін барынша арттыруға бағытталған күш-жігерді қажетінше күшейтеді.

      9. Қатысушы мемлекеттер әлеуетті нығайтуға бағытталған техникалық көмек бағдарламалары мен жобаларын іске асыру арқылы осы Конвенцияны орындау жөніндегі дамушы елдердің күш-жігерін қаржылай қолдауға арналған ерікті тетіктер құру мүмкіндігін қарастырады.

      10. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияны жүзеге асыру мүддесінде техникалық көмек көрсету және әлеуетті нығайту арқылы бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасына ерікті жарналар енгізуге тырысады.

55-бап

Аппарат алмасу

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет тиісінше жағдайларда, тиісті сарапшылардың оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, ғылыми мекемелер және жеке сектор құрылымдары сарапшыларының қатысуымен, өз аумағында жасалатын осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды сипаттайтын үрдістерді, сондай-ақ мұндай қылмыстар жасалатын мән-жайларды талдау мүмкіндігін қарастырады.

      2. Қатысушы мемлекеттер мұндай киберқылмыстың алдын алу және оларға қарсы күрес саласында мүмкін болғанша ортақ анықтамалар, стандарттар, әдістемелер және үздік практикаларды әзірлеу мақсатында қылмыстар туралы статистикалық деректерді, талдамалық білімдер мен ақпаратты жинақтау және өзара және халықаралық әрі өңірлік ұйымдар арқылы олармен алмасу мүмкіндігін қарастырады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы өз саясаты мен практикалық шараларын мониторингтеуді және олардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауды жүзеге асыруды қарастырады.

      4. Қатысушы мемлекеттер киберқылмысқа және электрондық нысандағы дәлелдемелерді жинауға қатысты құқықтық, саяси және технологиялық өзгерістер туралы ақпарат алмасу мүмкіндігін қарастырады.

56-бап

Конвенцияны экономикалық даму және техникалық көмек арқылы жүзеге асыру

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың қоғамға тұтастай және атап айтқанда, орнықты дамуға теріс әсерін ескере отырып, мүмкіндігінше халықаралық ынтымақтастық арқылы осы Конвенцияны оңтайлы іске асыруға жәрдемдесетін шараларды қабылдайды.

      2. Қатысушы мемлекеттерге бір-бірімен, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдармен бірлесіп, мүмкіндігінше мыналарды табанды түрде іске асыру ұсынылады:

      a) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласында өз мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында басқа Қатысушы мемлекеттермен, әсіресе дамушы елдермен, әртүрлі деңгейдегі ынтымақтастықты жандандыру;

      b) осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алуға және оларға тиімді қарсы күреске бағытталған және басқа да Қатысушы мемлекеттердің, әсіресе дамушы елдердің осы Конвенцияны жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған күш-жігерін қолдау үшін қаржылық және материалдық көмекті кеңейту;

      c) осы Конвенцияны жүзеге асырумен байланысты қажеттіліктерін өтеуге жәрдемдесу мақсатында басқа Қатысушы мемлекеттерге, әсіресе дамушы елдерге, техникалық көмек көрсету. Бұл үшін Қатысушы мемлекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған қаржыландыру тетігіндегі осы мақсатқа тікелей арналған шотқа мерзімдік негізде жеткілікті ерікті жарналар енгізуге ұмтылады;

      d) тиісті жағдайларда, осы Конвенция мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін дамушы елдерге арналған кадр даярлау бағдарламаларының санын арттыру және оларға заманауи жабдық беру арқылы үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелердің және жеке сектор құрылымдарының, сондай-ақ қаржы институттарының Қатысушы мемлекеттер күш-жігерін (оның ішінде осы бапқа сәйкес) қолдау жөніндегі қызметін ынталандыру;

      e) ашықтықты арттыру, күш-жігердің қайталануын болғызбау және кез келген үйренген сабақты барынша оңтайлы пайдалану мақсатында озық практикалармен және өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратпен алмасу үшін нақты күш-жігер жұмсау.

      3. Қатысушы мемлекеттер ынтымақтастық пен техникалық көмекке жәрдемдесу және өзара қызығушылық тудыратын проблемаларды, оның ішінде дамушы елдердің ерекше проблемалары мен қажеттіліктерін талқылау үшін конференциялар мен семинарларды қоса алғанда, қолданыстағы субөңірлік, өңірлік және халықаралық бағдарламаларды пайдалануды да қарастырады.

      4. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстарды жазасыз жасауға мүмкіндік беретін жағдайларды болдырмау және киберқылмыспен күресті күшейту мақсатында Қатысушы мемлекеттер арасында ортақ ең төменгі стандарттарды белгілеу үшін мүмкіндігінше стандарттар, дағдылар, әлеует, сараптамалық білімдер және техникалық мүмкіндіктерді үйлестіруге жәрдемдесетін ресурстар мен күш-жігерді белу мен бағыттауды қамтамасыз етеді.

      5. Осы бапқа сәйкес қабылданған шаралар мүмкіндігінше екіжақты, өңірлік немесе халықаралық деңгейдегі қолданыстағы сыртқы көмек жөніндегі міндеттемелерге немесе өзге қаржылық ынтымақтастық жөніндегі уағдаластыққа әсер етпейді.

      6. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда қамтылған халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін, сондай-ақ осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру және олар үшін қылмыстық қудалау жүргізу мақсатымен қажетті қаржылық уағдаластықты ескере отырып, материалдық-техникалық көмек туралы екіжақты, өңірлік немесе көпжақты келісімдер немесе уағдаластық жасасуы мүмкін.

VIII тарау.

Жүзеге асыру тетігі

57-бап

Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің Конференциясы

      1. Осымен бұл Конвенцияда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қатысушы мемлекеттердің мүмкіндіктерін және олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ осы Конвенцияны жүзеге асыруға жәрдемдесу және оны жүзеге асыру барысына шолу жасау мақсатында Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің Конференциясы құрылады.

      2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конференция күшіне енгеннен кейін бір жылдан кешіктірмей Қатысушы мемлекеттердің Конференциясын шақырады. Кейіннен Конференция қабылдайтын іс жүргізу ережелеріне сәйкес Конференцияның кезекті отырыстары өткізіледі.

      3. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы рәсім қағидаларын және осы бапта аталған қызмет түрлерін жүзеге асыруды реттейтін қағидаларды, соның ішінде бақылаушыларды қабылдау мен олардың қатысуына және осы қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жұмсалған шығыстарды өтеуге қатысты қағидаларды қабылдайды. Бұл қағидалар мен тиісті қызметте тиімділік, баршаны қамту, ашықтық, нәтижелілік және ұлттық жауапкершілік сияқты қағидаттар ескеріледі.

      4. Өзінің кезекті отырыстарын тағайындау кезінде қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осыған ұқсас мәселелер бойынша басқа тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдар мен тетіктердің, соның ішінде олардың шарттық қосалқы органдарының, отырыстарының уақыты мен орнын осы баптың 3-тармағында айқындалған қағидаттарға сәйкес назарға алады.

      5. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы осы баптың 1-тармағында баяндалған мақсаттарға қол жеткізу үшін қызмет түрлерін, рәсімдер мен жұмыс әдістерін келіседі, онда мыналар:

      a) ерікті жарналар енгізуді жұмылдыруға ынталандыруды қоса алғанда, осы Конвенцияны тиімді пайдалануға және жүзеге асыруға және оған байланысты кез келген проблемаларды, сондай-ақ осы Конвенция шеңберінде Қатысушы мемлекеттер жүзеге асыратын қызметті анықтауға жәрдемдесу;

      b) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтар мен электрондық нысандағы дәлелдемелерді жинауға қатысты құқықтық, саяси және технологиялық өзгерістер туралы ақпаратпен Қатысушы мемлекеттердің және тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелердің және жеке сектор құрылымдарының алмасуына жәрдемдесу, сондай-ақ киберқылмыстың заңдылықтары мен үрдістері және аталған қылмыстардың алдын алудың және оларға қарсы күрестің табысты әдістері туралы ақпарат алмасу;

      c) тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық қоғам ұйымдарымен, ғылыми мекемелермен және жеке сектор құрылымдарымен ынтымақтастық жасасу;

      d) осы Конвенцияға сәйкес қылмыс деп танылған құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы күрес мақсатында өзге халықаралық және өңірлік ұйымдар мен тетіктер дайындаған тиісті ақпаратты артық қайталауды болғызбау үшін тиісінше пайдалану;

      e) Қатысушы мемлекеттердің осы Конвенцияны іске асыру мәселесін кезең-кезеңімен қарау;

      f) осы Конвенцияны және оның жүзеге асырылуын жетілдіруге қатысты ұсынымдар қабылдау, сондай-ақ Конвенцияға болуы ықтимал толықтырулар немесе түзетулерді қарау;

      g) осы Конвенцияның 61 және 62-баптарына сәйкес осы Конвенцияға қосымша хаттамаларды әзірлеу және қабылдау;

      һ) осы Конвенцияны жүзеге асыруға байланысты Қатысушы мемлекеттердің техникалық көмек пен әлеуетті нығайту қажеттіліктерін ескеру және осыған байланысты қажетті деп санайтын кез келген іс-қимыл бойынша ұсынымдар енгізу қамтылады.

      6. Конференцияның талап етуі бойынша әрбір Қатысушы мемлекет осы Конференцияны жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық, әкімшілік және өзге де шаралар туралы, сондай-ақ өз бағдарламалары, жоспарлары мен практикасы туралы Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына ақпарат береді. Конференция басқалармен қатар, Қатысушы мемлекеттерден және құзыретті халықаралық және өңірлік ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда мұндай ақпаратты алудың және оның негізінде тиісті шешімдер қабылдаудың ең тиімді жолдарын зерделейді. Конференция шешімімен айқындалатын рәсімдерге сәйкес тиісті үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, ғылыми мекемелердің және жеке сектор құрылымдарының өкілдерінен алынған материалдар да қаралуы мүмкін.

      7. Осы баптың 5-тармағында көзделген мақсаттар үшін Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы өзіне қажетті деп санайтын шолу тетіктерін құра алады және оларды басқара алады.

      8. Осы баптың 5-7-тармақтарына сәйкес қатысушы мемлекеттердің Конференциясы қажет деп тапса, Конвенцияның тиімді жүзеге асырылуына жәрдемдесетін кез келген тиісті тетіктерді немесе қосалқы органдарды құрады.

58-бап

Хатшылық

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына қажетті хатшылық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      2. Хатшылық:

      a) осы Конвенцияда баяндалған қызметті жүзеге асыруда Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына жәрдемдеседі, осы Конвенцияға қатысты Конференция сессияларын ұйымдастырады және оларға қажетті қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      b) осы Конвенцияда көзделгендей, Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына ақпарат ұсыну мәселесінде Қатысушы мемлекеттерге олардың өтініші бойынша жәрдемдеседі және

      c) тиісті халықаралық және өңірлік ұйымдардың хатшылықтарымен қажетті үйлестіруді қамтамасыз етеді.

IX таpay.

Қорытынды ережелер

59-бап

Конвенцияны жүзеге асыру

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңнамасының негізін қалаушы қағидаттарына сәйкес, заң шығару және әкімшілік шараларын қоса алғанда, осы Конвенцияға сәйкес өздерінің міндеттемелерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес үшін осы Конвенцияда көзделген шаралардан барынша қатаң немесе қатал шаралар қабылдай алады.

60-бап

Конвенцияның қолданылуы

      1. Егер екі немесе одан да көп Қатысушы мемлекет осы Конвенцияда қаралатын мәселелер бойынша келісім немесе шарт жасаса немесе осындай мәселелер бойынша өз қатынастарын өзгеше түрде орнатса не егер олар мұны болашақта жасайтын болса, олардың да осы келісімді немесе шартты қолдануға не осы қатынастарды тиісті түрде реттеуге құқығы бар.

      2. Осы Конвенция халықаралық құқыққа сәйкес Қатысушы мемлекеттің басқа да құқықтарын, шектеулерін, міндеттемелері мен міндеттерін қозғамайды.

61-бап

Хаттамалармен өзара байланысы

      1. Осы Конвенция бір немесе бірнеше хаттамамен толықтырылуы мүмкін.

      2. Хаттаманың қатысушысы болу үшін мемлекет немесе экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы Конвенцияның қатысушысы болуға тиіс.

      3. Осы Конвенцияға қатысушы мемлекет, егер ол оның ережелеріне сәйкес Хаттамаға қатысушы болмаса, хаттамамен байланысты болмайды.

      4. Осы Конвенцияны толықтыратын кез келген хаттама осы хаттаманың мақсатын ескере отырып, осы Конвенциямен бірлесе түсіндіріледі.

62-бап

Қосымша хаттамаларды қабылдау

      1. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы кез келген қосымша хаттаманы қабылдау тұрғысынан мәні жағынан қарастыру үшін кемінде 60 Қатысушы мемлекет қажет етіледі. Конференция кез келген қосымша хаттамаға қатысты ымыраға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады. Егер ымыраға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндік жасалса және келісімге қол жеткізілмесе, онда қосымша хаттаманы қабылдау үшін соңғы құрал ретінде Конференция мәжілісіне қатысып отырған және дауыс беруге қатысушы мемлекеттердің кемінде үштен екісін құрайтын көпшілік дауысы туралы талап белгіленеді.

      2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдарының құзыреті аясына кіретін мәселелерде олар осы Конвенцияның қатысушылары болатын өздерінің мүше мемлекеттерінің санына тең дауыс санына ие бола отырып, осы бапқа сәйкес өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдарға мүше мемлекеттер өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырса, олар өздерінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды және керісінше.

63-бап

Дауларды реттеу

      1. Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дауларды келіссөздер арқылы немесе өз таңдауы бойынша кез келген өзге де бейбіт тәсілмен реттеуге ұмтылады.

      2. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан да көп Қатысушы мемлекет арасындағы келіссөздер арқылы немесе ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде өзге де бейбіт құралдармен реттелмейтін кез келген дау осы Қатысушы мемлекеттердің біреуінің өтініші бойынша төрелік талқылауға беріледі. Егер төрелік туралы өтініш жасалған күннен бастап алты ай ішінде осы Қатысушы мемлекеттер оны ұйымдастыру туралы келісе алмаса, осы Қатысушы мемлекеттердің кез келгені Сот Мәртебесіне сай өтінішпен жүгіне отырып, дауды Халықаралық Сотка бере алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау, қабылдау немесе бекіту кезінде немесе оған қосылу кезінде өзін осы баптың 2-тармағының ережелерімен байланысты деп есептемейтіні туралы мәлімдей алады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осындай ескерту жасаған кез келген Қатысушы мемлекетке қатысты осы баптың 2-тармағының ережелерімен байланысты болмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ескертпе жасаған кез келген Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта осы ескертпені алып тастай алады.

64-бап

Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу

      1. Осы Конвенция 2025 жылы Ханой қаласында барлық мемлекеттердің қол қоюына, содан кейін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде ашық болады.

      2. Осы Конвенция, сондай-ақ осындай ұйымға мүше мемлекеттердің кемінде біреуі осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенцияға қол қойған жағдайда экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдарының қол қоюы үшін ашық болады.

      3. Осы Конвенция ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады. Ратификациялық грамоталар немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы егер оның мүше мемлекеттерінің кемінде біреуі осындай жолмен әрекет етсе, өзінің ратификациялау грамотасын немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатын сақтауға тапсыра алады. Осы бекіту грамотасында немесе қабылдау немесе бекіту туралы құжатта мұндай ұйым осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы мәлімдейді. Мұндай ұйым сондай-ақ депозитарийге өз құзыреті аясындағы кез келген тиісті өзгеріс туралы хабарлайды.

      4. Осы Конвенция кез келген мемлекеттің немесе бұл Конвенцияға Қатысушы болатын мүше мемлекеттердің кемінде біреуі оның мүшесі болатын экономикалық интеграцияның кез келген өңірлік ұйымының қосылуы үшін ашық болады. Қосылу туралы құжаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады. Қосылу кезінде экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге қатысты өз құзыретінің саласы туралы мәлімдейді. Мұндай ұйым сондай-ақ депозитарийге өз құзыреті аясындағы кез келген тиісті өзгерістер туралы хабарлайды.

65-бап

Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция қырқыншы бекіту грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді. Осы тармақтың мақсаты үшін өңірлік экономикалық интеграция ұйымы сақтауға тапсырған кез келген осындай грамота немесе құжат осы ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған грамоталарға немесе құжаттарға қосымша ретінде қарастырылмайды.

      2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын, бекітетін немесе оған қосылатын әрбір мемлекет немесе өңірлік экономикалық интеграция ұйымы үшін қырқыншы ратификациялау грамотасын немесе осындай эрекет туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін, осы Конвенция осындай мемлекет немесе ұйым тиісті грамотаны немесе құжатты сақтауға тапсырған күннен кейін отызыншы күні немесе осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенция күшіне енген күні, қайсысы кешірек басталатынына қарай күшіне енеді.

66-бап

Түзетулер

      1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бес жыл өткен соң Қатысушы мемлекет түзету ұсынуы және оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберуі мүмкін, ол содан соң ұсынылған түзетуді осы ұсынысты қарастыру және ол бойынша шешім қабылдау мақсатында одан әрі Қатысушы мемлекеттерге және Конвенцияға Қатысушы мемлекеттердің Конференциясына жөнелтеді. Қатысушы мемлекеттердің Конференциясы әрбір түзетуге қатысты келісімге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Егер келісімге қол жеткізу жөніндегі барлық күш-жігері сарқылатын болса және келісімге қол жеткізілмесе, онда түзетуді қабылдау үшін ең соңғы шара ретінде Қатысушы мемлекеттердің Конференциясының мәжілісінде дауыс беруге қатысқан немесе қатысатын Қатысушы мемлекеттердің үштен екі көпшілік дауысы қажет болады.

      2. Экономикалық ықпалдасудың өңірлік ұйымдары өз қүзыреті кіретін салаға жататын мәселелерде осы Конвенцияға Қатысушылар болатын оған мүше мемлекеттердің санына тең дауыс санына ие бола отырып, осы бапқа сәйкес өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Мұндай ұйымдарға мүше мемлекеттер өзінің дауысын жүзеге асырса, ұйымдар өзінің дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды және керісінше.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекеттің ратификациялауына, қабылдауына немесе бекітуіне жатады.

      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған түзету Қатысушы мемлекетке қатысты ол ратификациялау грамотасын немесе осы түзетуді қабылдау немесе бекіту туралы құжатты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырған күннен кейін тоқсан күн өткен соң күшіне енеді.

      5. Түзету күшіне енген кезде ол оған байланысты болуға келісімін білдірген Қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болады. Басқа Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияның, олар бүрын ратификациялаған, қабылдаған немесе бекіткен ережелерімен және кез келген түзетулермен одан әрі байланысты болып қала береді.

67-бап

Күшін жою

      1. Қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Конвенцияның күшін жоя алады. Мұндай күшін жою Бас хатшы хабарламаны алған күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.

      2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы оның барлық мүше мемлекеттері осы Конвенцияның күшін жойған кезде осы Конвенцияға Қатысушы болмайды.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Конвенцияның күшін жою оған қатысты кез келген хаттаманың күшін жоюға алып келеді.

68-бап

Депозитарий және тілдер

      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның депозитариі болып тағайындалады.

      2. Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері бірдей тең мағыналы болатын түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН осыған өздерінің үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қойған өкілетті өкілдер осы Конвенцияға қолдарын қойды1.

  Қосымша

Біріккен Ұлттар Ұйымының Киберқылмысқа қарсы; ақпараттық-коммуникациялық жүйелер пайдаланылып жасалатын белгілі бір қылмыстарға қарсы күресте және елеулі қылмыстарға жататын электрондық нысандағы дәлелдемелермен алмасуда халықаралық ынтымақтастықты нығайту конвенциясының нақты баптарын түсіндіруге арналған ескертпелер

      2-бап

      1. 2-баптың (е) (іі) тармақшасындағы "көрсетілетін қызметтерді жеткізуші" терминінің анықтамасына (і) тармақшасында аталған көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың атынан электрондық деректерді сақтайтын немесе өзгеше түрде өңдейтін ұйымдар енгізілген. Мысалы, осы анықтамаға сәйкес қызмет көрсетушілерге хостинг пен кэштеуді қамтамасыз ететін құрылымдар да, желіге қосылуды қамтамасыз ететін құрылымдар да жатады. Бұл ретте өз сайттарын орналастыру үшін хостингтік компанияның қызметтерін пайдаланатын тұлғалар осы анықтамаға жатпайды.

      2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ішкі заңнамасында конвенцияның 2-бабында анықтамалары берілген терминдерді олардың заңнамасы бұл ұғымдарды конвенцияның қағидаттары мен мақсаттарына сәйкес келетіндей етіп қамтыған және оны жүзеге асыру үшін эквивалентті шектерді қамтамасыз еткен жағдайда сөзбе-сөз қайталауға міндетті емес.

      17-бап

      3. Конвенция аясында құқық бұзушылық, егер негізгі құқық бұзушылық конвенцияның 7-16-баптарына сәйкес осындай деп танылған құқық бұзушылық болып табылған жағдайда ғана 17-бапқа сәйкес құқық бұзушылық болып есептеледі.

      23 және 35-баптар — "тергеп-тексеру" терминіне қатысты

      4. "Қылмыстық тергеп-тексерулер" деп нақты мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық жасалды немесе жасалып жатыр деп пайымдауға ақылға қонымды негіздер беретін (конвенцияның 19-бабында көзделген құқық бұзушылықты қоса алғанда), оның ішінде тергеп-тексеру тиісті қылмысты тоқтатуға немесе оны жасауға кедергі келтіруге бағытталған жағдайлар түсініледі.

      35-бап

      5. Конвенция аясынан тыс Қатысушы мемлекеттер сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің ішкі заңнамасында, қолданылатын өзара құқықтық көмек туралы шарттарда немесе эквивалентті уағдаластықта жол берілетін кез келген басқа нысандарда өздерінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес бір-бірімен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра алады.

      ______________________

      1 Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсатта пайдалануына қарсы кешенді халықаралық конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы комитет 2024 жылғы 29 шілде — 9 тамыз аралығында Нью-Йоркте өткен өзінің жаңартылған қорытынды сессиясының жұмысы туралы есепке қоса, Конвенцияның 2, 17,23 және 35-баптарына түсініктеме беру үшін ескертпелер ұсынды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады