"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асыловқа Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Реепубликасы Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 972 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара қүқықтық көмек туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы
екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды басшылыққа ала отырып,
екі ел арасында қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық пен өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстың алдын алуда және жолын кесуде неғұрлым тиімді ынтымақтастық орнатуға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:
1-бап Көмектің көлемі
1. Тараптар осы Келісімнің және өзінің ұлттық заңнамасының ережелеріне сәйкес бір-біріне қылмыстық істер бойынша барынша кең өзара құқықтық көмекті көрсетеді.
2. Көмек мыналарды:
a) ақпарат пен дәлелдемелер алуды;
b) адамдардың дәлелдемелер беру немесе көмек көрсету үшін, оның ішінде орынды болған кезде бейнеконференция арқылы қатысуын;
c) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде пайдаланылған немесе алынған ақша қаражатын қоса алғанда, мүлікке тыйым салуды, сондай-ақ оны тәркілеуді немесе меншік құқығынан айыруды;
б) тінту мен алып қоюды жүргізуді;
е) адамдардың тұрған жерін анықтауды және оларды сәйкестендірудІ; және
і) процестік құжаттарды табыс етуді қамтиды.
3. Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына және Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес келетін көмектің кез келген басқа түрін ұсыну туралы уағдаласа алады.
4. Көмек мыналарды:
a) адамды ұстап беру мақсатында оны қамаққа алуды немесе ұстап алуды;
b) осы Келісімде көзделген және Сұрау салынатын Тараптың заңнамасында рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, Сұрау салушы Тараптың қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін орындауды немесе сот үкімдерін орындауды;
c) сотталған адамдарды жазасын өтеу үшін беруді; немесе
d) қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді беруді қамтымайды.
5. Осы Келісім Тараптар арасында тек қана өзара құқықтық көмек көрсетуге ғана арналған және қандай да бір жеке тұлғаға қандай да бір дәлелдемелерді алуға, жасыруға, алып қоюға немесе жоюға, көмек туралы кез келген сұрау салудың орындалуына кедергі келтіруге немесе осы Келісімге сәйкес сұрау салулар жіберуге құқық бермейді.
2-бап
Сұрау салуларды орындаудан бас тарту
1. Егер Сұрау салынатын Тарап:
a) сұрау салу, егер әрекеттер немесе әрекетсіздік Сұрау салынатын Тарапта жасалса, Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес осы Тараптың әдеттегі қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын әскери қылмыстық құқық бұзушылықты білдіретін болса, адамды осындай әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін тергеп-тексеруге, қылмыстық қудалауға немесе жазалауға қатысты;
b) сұрау салу адамды саяси сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылық үшін тергеп-тексеруге, қылмыстық қудалауға немесе жазалауға байланысты;
c) сұрау салуды орындау оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе қоғамдық мүдделеріне нұқсан келтіре алады;
d) сұрау салу адамды нәсіліне, дініне, жынысына, этностық шығу тегіне, ұлтына немесе саяси нанымына байланысты тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау, жазалау немесе оған өзге де нұқсан келтіру мақсатында жіберілді деп пайымдауға дәлелді негіз бар;
e) сұрау салу адамды қылмыстық құқық бұзушылығы үшін немесе нақ сол әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіретін басқаша аталатын немесе сараланатын осындай қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін:
i) бұрын Сұрау салынатын немесе Сұрау салушы Тараптың құзыретті соты немесе басқа да органы соттаған, ақтаған немесе кешірген;
іі) бұрын Сұрау салынатын немесе Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген жазаны өтеген тергеп-тексерумен, қылмыстық қудалаумен немесе жазалаумен байланысты;
f) сұрау салу мәжбүрлеу шараларын қолдануға байланысты көмек көрсетуге қатысты және егер болжамды әрекеттер немесе әрекетсіздік Сұрау салынатын Тараптың юрисдикциясы шегінде орын алса, Сұрау салынатын Тараптың, егер бұл оның ұлттық заңнамасында рұқсат етілсе, іс-әрекетті қылмыстық құқық бұзушылық деп өзара танылмаған кезде көмек көрсете алуын қоспағанда, Сұрау салынатын Тарапта қылмыстық құқық бұзушылықты білдірмейді;
g) сұрау салу осы Келісімге сәйкес келмейді;
һ) сұрау салуды орындау Сұрау салынатын Тарапта жүргізіліп жатқан қылмыстық іске нұқсан келтіруі мүмкін; немесе
і) сұрау салуды орындау Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп есептесе, ол көмек көрсетуден бас тартады.
2. Егер Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды немесе оның кез келген бөлігін орындау жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге немесе оның соттарындағы талқылауға кедергі келтіруі мүмкін деп есептесе, ол Сұрау салушы Тараппен консультациялардан кейін айқындалатын шарттарға сәйкес оны орындауды кейінге қалдыра алады немесе орындай алады. Егер Сұрау салушы Тарап осындай шарттарға сәйкес көмекті қабылдаса, ол оларды сақтауға тиіс.
3. Егер Сұрау салынатын Тарап:
a) көмек көрсету қандай да бір адамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді немесе нұқсан келтіруі мүмкін; немесе
b) көмек көрсету Сұрау салынатын Тараптан айтарлықтай шығындарды талап етуі мүмкін деп есептесе, көмек көрсетуден бас тарта алады.
4. Сұрау салынатын Тарап көмек көрсетуден тек қана банк құпиясы негізінде бас тартуға құқылы емес.
5. Егер Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа көмектесуден бас тартса, ол Сұрау салушы Тарапты мұндай бас тартудың себептері туралы хабардар етуге міндетті.
3-бап
Орталық органдар
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін әрбір Тарап сұрау салуларды жіберу және алу үшін Орталық органын айқындауға тиіс. Орталық органдар бір-бірімен тікелей байланыста болуға тиіс.
2. Мыналар Орталық органдар болып табылады:
a) Қазақстан Республикасы үшін - соттардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сұрау салуларға қатысты Жоғарғы Сот және барлық басқа да сұрау салуға қатысты Бас прокуратура; және
b) Сингапур Республикасы үшін - Бас прокурор немесе Бас прокурор тиісті түрде уәкілеттік берген тұлға.
3. Орталық органдармен байланысты кез келген өзгерістер туралы екінші Тарап дипломатиялық арналар арқылы хабардар етілуге тиіс.
4-бап
Көмек туралы сұрау салудың нысаны мен мазмұны
1. Барлық сұрау салу жазбаша нысанда жасалуға тиіс, түпнұсқа Сұрау салынатын Тарапқа жіберілуге тиіс. Көмек туралы сұрау салудың 4 цифрлық көшірмесі электрондық байланыс арналары арқылы бір мезгілде берілуі мүмкін.
2. Шұғыл жағдайларда, егер Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасында тыйым салынбаса, сұрау салу осы бапта жазылған барлық ақпаратты қамтымауы мүмкін. Шұғыл сұрау салу келіп түскен жағдайда, егер Сұрау салынатын Тарап жазбаша нысанда неғұрлым ұзақ мерзімге келіспесе, Орталық орган 10 (он) күн ішінде осы бапта көрсетілген барлық ақпарат қамтылуға тиіс сұрау салуды ұсынуға тиіс.
3. Көмек туралы сұрау салуда:
a) сұратылатын көмектің мақсаты мен сипаты;
b) сұрау салуға бастамашы болған органның атауы;
c) сұрау салу қылмыстық іске байланысты жіберілгені туралы ақпарат;
d) қылмыстық істің ағымдағы мәртебесінің сипаттамасы, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың тиісті фактілері, мән-жайлары және ұлттық заңнамасы қысқаша жазылған ақпарат;
e) Сұрау салушы Тараптың қылмыстық құқық бұзушылықты және ол үшін қолданылатын жазаны сипаттайтын тиісті ұлттық заңнамасының мәтіні;
f) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысы бар деп күдік келтірілген адамдарды қоса алғанда, барынша мүмкін болуына қарай сұрау салуда көрсетілген адамдардың жеке басы, азаматтығы және тұрған жері туралы ақпарат;
g) кез келген ақпарат, дәлелдеме, құжат немесе зат Сұрау салушы Тарапқа берілуге тиіс тәсіл немесе нысан туралы мәліметтерді қоса алғанда, Сұрау салушы Тараптың сұрау салуды орындау кезінде мүмкіндігінше сақталуға тиіс кез келген нақты рәсімдері немесе талаптары туралы егжей- тегжейлі мәліметтер;
h) сұрау салудың құпиялылығы себептерін көрсете отырып, құпиялылықты сақтау туралы талаптар;
i) сұрау салу мүмкіндігінше орындалуға тиіс мерзім;
j) сұрау салуды орындауға көмектесуі мүмкін кез келген басқа ақпарат қамтылуға тиіс.
4. Көмек туралы сұрау салуларда барынша рұқсат етілуіне және барынша мүмкін болуына қарай:
a) көмек өтініштерді немесе дәлелдемелерді алу үшін сұратылатын кезде:
i) Сұрау салушы Тараптың негіздемелері жазылатын, өтініштері немесе дәлелдемелері сұратылып отырған адамның қылмыстық іске қатысы бар екені туралы ақпарат; және
ii) осы адамға қойылуға тиіс сұрақтардың тізбесі;
b) егер сұрау салу тінтуге және құжатты немесе затты алып қоюға қатысты болса:
і) егер белгілі болса, құжаттың немесе заттың тұрған жері мен сипаттамасы; және
іі) Сұрау салушы Тараптың алып қою талап етілетін құжат немесе зат Сұрау салынатын Тарапта болуы мүмкін екені, сондай-ақ қылмыстық іс үшін қатысы және елеулі маңызы бар екені туралы негіздемелері жазылатын ақпарат;
с) егер сұрау салу құжатты немесе затты алуға қатысты болса:
i) алу қажет болатын құжаттың немесе заттың толық сипаттамасы және оны алуға болатын тиісті адамдар туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі мәліметтер; және
ii) Сұрау салушы Тараптың құжаттың немесе заттың қылмыстық іске қатысы бар және, мүмкін, елеулі маңызы бар екені туралы негіздемесі жазылатын ақпарат;
d) егер сұрау салу Сұрау салушы Тарапқа сұрау салуға сәйкес жіберілетін адам қатысатын көмекке қатысты болса, осы адамның құқығы болатын төлемдер туралы және адамды Сұрау салушы Тарапта орналастыру тәртібі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер;
е) егер сұрау салу қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылатын немесе оны жасау нәтижесінде алынған мүлікке байланысты көмекке қатысты болса:
i) Сұрау салушы Тараптың осы мүлік Сұрау салынатын Тарапта болуы мүмкін және қылмыстық іске қатысы бар екені туралы негіздемелері жазылатын ақпарат;
ii) бұл қолданылатын болса, орындалуға жататын сот қаулысы және осы қаулының ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат; және
iii) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылған немесе оны жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу туралы сот шешімін алу мақсатында сот талқылауы Сұрау салушы Тарапта басталмаса, оның қашан қозғалуы мүмкін екені көрсетілетігі ақпарат; және
f) егер Сұрау салушы Тараптың уәкілетті өкілдері Сұрау салынатын Тарапқа сұрау салуға байланысты келуге ниет білдірсе, уәкілетті өкілдердің аты-жөні мен өкілеттіктері, сондай-ақ сапардың мақсаты және ұсынылатын мерзімдер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
5. Егер Сұрау салынатын Тарап сұрау салуда қамтылған ақпарат сұрау салуды осы Келісімге сәйкес қарауға жеткіліксіз деп есептесе, ол қосымша ақпаратты сұрата алады.
5-бап
Комек туралы сұрау салуларды орындау
1. Көмек туралы сұрау салулар Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады.
2. Сұрау салушы Тарап Сұрау салынатын Тараптың сұрау салуы бойынша сұрау салуға қатысты қылмыстық іс аяқталғаннан кейін Сұрау салушы Тарапқа берілген кез келген құжатты немесе затты Сұрау салынатын Тарапқа қайтаруға міндеттенеді.
6-бап
Қосымша сұрау салулар
Егер Сұрау салушы Тараптың Орталық органы көмек туралы қосымша сұрау салуды ("қосымша сұрау салу") жіберсе, мұндай қосымша сұрау салуда негізгі сұрау салу және қосымша сұрау салу мен негізгі сұрау салу арасындағы байланыс туралы ақпарат көрсетілуге тиіс. Қосымша сұрау салуда осы Келісімнің 4-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтау мақсатында негізгі сұрау салуда қамтылған ақпаратқа сілтеме болуы мүмкін.
7-бап
Дәлелдемелер алу
1. Айғақтарды немесе кез келген құжатты немесе затты қоса алғанда, оның ішінде банктерден және қаржы институттарынан дәлелдемелерді алу туралы сұрау салу келіп түскен кезде Сұрау салынатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес осындай дәлелдемелерді алуды қамтамасыз етеді.
2. Осы бапқа сәйкес осындай дәлелдемелерді беру талап етілетін адам, егер бұл Сұрау салынатын немесе Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасында осыған ұқсас мән-жайларда рұқсат етілсе, одан бас тарта алады.
3. Егер қандай да бір адам Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес өзінде айғақгар беруден бас тартуға құқық бар деп мәлімдесе, Сұрау салушы Тараптың Орталық органы сұрау салу бойынша Сұрау салынатын Тарапқа осындай құқықтың бар немесе жоқ екені туралы анықтама беруге тиіс.
8-бап Адамдардың дәлелдемелер беру немесе көмек көрсету үшін келуі
1. Сұрау салушы Тарап Сұрау салушы Тараптағы қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру немесе талқылау барысында дәлелдемелер беру немесе көмек көрсету үшін Сұрау салынатын Тараптағы адамның оған ерікті түрде келуін ұйымдастыруға көмек сұрата алады.
2. Сұрау салынатын Тарап, егер бұл өзінің ұлттық заңнамасында рұқсат етілсе және ол Сұрау салушы Тарап осы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайтынына сенімді болса, бұл адамды Сұрау салушы Тарапта дәлелдемелер беру немесе көмек көрсету үшін шақырады. Адам кез келген төленетін шығыстар немесе төлемдер туралы хабардар етілуге тиіс.
3. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа адамның берген жауабы туралы дереу хабар береді және, егер бұл адам келісім берсе, оның Сұрау салушы Тарапта болуына жәрдемдесуге қажетті шаралар қабылдайды.
9-бап Иммунитет
1. Осы Келісімнің 8-бабына сәйкес көмек туралы сұрау салуға сай Сұрау салушы Тараптың аумағындағы адам:
a) адам Сұрау салынатын Тараптың аумағынан кеткенге дейін болжаммен жасалатын немесе жасалуы мүмкін қандай да бір әрекеттерге, әрекетсіздікке қатысты Сұрау салушы Тараптың аумағында қылмыстық қудалауға, ұстап алуға, жазалауға немесе қандай да бір өзгеше түрде жеке бас бостандығын шектеуге немесе Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша кез келген қылмыстық құқық бұзушылық үшін соттауға ұшырамауға тиіс;
b) егер бұл азаматтық талап қою адам Сұрау салушы Тарапта болмаған кезде оған қойылуы мүмкін емес жағдайда, осы адам Сұрау салынатын Тараптан кеткенге дейін болжаммен жасалатын немесе бұрын жасалған кез келген әрекетке немесе әрекетсіздікке қатысты кез келген азаматтық талап қоюда жауапкер болуға тиіс емес;
c) өзінің келісімінсіз сұрау салу қатысты қылмыстық істен ерекшеленетін қандай да бір қылмыстық істе жәрдем көрсетуге міндетті емес; және^
б) жалған айғақтар беру немесе сотты құрметтемеу жағдайларын қоспағанда, оның айғақтарына негізделген ешқандай қылмыстық қудалауға ұшырамауға тиіс.
2. Адамның болуы одан әрі талап етілмейтін күннен бастап үздіксіз 15 (он бес) күн ішінде Сұрау салушы Тараптың аумағынан кетуге мүмкіндігі бола тұрып, ол осы аумақта қалса немесе одан кеткеннен кейін өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген иммунитет тоқтатылады.
3. Сұрау салушы Тарапқа дәлелдемелер беру немесе көмек көрсету үшін шығуға келісім бермеген адам сұрау салу бойынша осы адамның келуден бас тартуы немесе келуге келіспеуі негізінде ғана ешқандай жазаға немесе жауаптылыққа тартылмайды немесе оған ұлттық заңнамамен өзге де түрде нұқсан келтірілмейді.
10-бап
Қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылған немесе оны жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу
1. Тараптар қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылатын немесе оны жасау нәтижесінде алынған мүлікті тәркілеу рәсімдеріне байланысты өздерінің тиісті ұлттық заңнамасында рұқсат етілетін шамада бір-біріне жәрдемдеседі.
2. Сұрау салынатын Тараптың аумағында осындай мүлік анықталған жағдайда және Сұрау салушы Тараптың сұрау салуы бойынша Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарап сотының осындай мүлікке қатысты түпкілікті шешімі шығарылғанға дейін мұндай мүлікке қол жеткізуді шектеу үшін өзінің ұлттық заңнамасында рұқсат етілген шараларды қабылдайды.
3. Сұрау салушы Тараптың сұрау салуы бойынша Сұрау салынатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасында жол берілетін шектерде Сұрау салушы Тараптың соты шығарған осындай мүлікті тәркілеу туралы түпкілікті сот шешімін орындайды.
4. Осы бапты қолдану кезінде үшінші тұлғалардың құқықтары Сұрау сапынатын Тараптың ұлттық заңнамасында рұқсат етілген шамада сақталады.
5. Қажет болған кезде және үшінші тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтірместен, Тараптардың уәкілетті өкілдері әрбір нақты жағдайда, атап айтқанда, Тараптар қатысушылары болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды жеке назарға ала отырып, осындай меншікті оның заңды иесіне қайтару немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбірленушілерге осындай мүлікті тәркілеу туралы сот шешімін орындауға жұмсалатын ақылға қонымды шығындарды шегергенде өтемақы төлеу мақсатында қайтаруды, беруді және оны бөлуді қоса алғанда, тәркіленген мүлікке қатысты келісімдер немесе уағдаластықтар жасасу туралы уағдаласа алады.
11-бап
Тінту және алып қою
1. Сұрау салынатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасында рұқсат етілген шамада тінту, қылмыстық іске қатысы бар кез келген құжатты немесе затты алып қою және Сұрау салушы Тарапқа беру туралы сұрау салуларды орындайды.
2. Сұрау салынатын Тарап кез келген тінту нәтижелеріне, алып қойылған құжатты немесе затты алып қою орны мен мән-жайларына, сондай-ақ кейіннен сақтауға қатысты Сұрау салушы Тарапқа қажет болуы мүмкін ақпаратты береді.
3. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа берілетін алып қойылған кез келген кұжатты немесе затты қайтару мен қауіпсіз сақтау бойынша белгілеген барлық шартты Сұрау салушы Тарап сақтауға міндетті.
12-бап
Адамдардың тұрған жері немесе оларды сәйкестендіру
Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды алған кезде және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес сұрау салуда көрсетілген және болжаммен оның аумағында болуы мүмкін кез келген адамның тұрған жерін анықтау немесе оны сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдайды.
13-бап Процестік хабархат
1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды алған кезде және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес өз аумағындағы кез келген адамға процестік хабархат беруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
2. Сұрау салушы Тарап жауап беру немесе Сұрау салушы Тарапқа келу талап етілетін процестік хабархатты табыс ету туралы сұрау салуды жауап беру немесе жоспарланған келу мерзімі аяқталғанға дейін 60 (алпыс) күннен кешіктірмей жіберуге тиіс. Шұғыл жағдайларда, егер Сұрау салушы Тарап бұл туралы өтінсе, Сұрау салынатын Тарап бұл талаптан бас тарта алады.
3. Сұрау салынатын Тарап өзінің аумағындағы адамға процестік хабархатты Сұрау салушы Тарап сұраған тәсілмен табыс етуді қамтамасыз етуге ұмтылады.
4. Осы бапқа сәйкес процестік хабархат табыс етілетін адам Сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ешқандай жазаға, жауаптылыққа немесе мәжбүрлеу шараларына ұшырамауға немесе процестік хабархаттың кез келген қарама-қарсы мазмұнына қарамастан, осы адамның мұндай процестік хабархатты қабылдаудан немесе орындаудан бас тартуы немесе оның мүмкін болмауы себебінен ғана оған ұлттық заңнамамен өзгеше түрде нұқсан келтірілмеуге тиіс.
5. Сұрау салынатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Сұрау салушы Тарапқа осылайша табыс етудің тәсілі мен күнін көрсете отырып, Сұрау салушы Тарап сұраған тәртіппен процестік хабархатты табыс еткені туралы растауды ұсынады. Егер табыс етуді жүзеге асыру мүмкін болмаса, Сұрау салушы Тарапқа себептері көрсетіле отырып, бұл туралы хабарлануға тиіс.
14-бап
Жалпыға бірдей қолжетімді және ресми құжаттарды ұсыну
1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды алған кезде Сұрау салушы Тарапқа өзінің мемлекеттік органдарының иелігіндегі жалпыға бірдей қолжетімді құжаттардың немесе жазбалардың көшірмелерін ұсынады.
2. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды алған кезде және өзінің ұлттық заңнамасы мен практикасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын кез келген құжаттардың немесе жазбалардың көшірмелерін Сұрау салушы Тарапқа ұсына алады. Сұрау салынатын Тарап осы тармаққа сәйкес өз қалауы бойынша сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарта алады.
15-бап
Құпиялылық және пайдалануды шектеу
1. Сұрау салушы Тарап Сұрау салынатын Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз сұрау салуда көрсетілгеннен өзгешеленетін мақсаттар үшін осы Келісімге сәйкес берілген немесе алынған ақпаратты немесе дәлелдемелерді ашпауға немесе пайдаланбауға тиіс. Мұндай келісім берілген жағдайда ақпаратты немесе дәлелдемелерді осындай басқа мақсатгар үшін ашу немесе пайдалану Сұрау салынатын Тарап көрсетуі мүмкін ережелер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тараптың сұрау салуы бойынша сұрау салудың, оның мазмұнының және оның орындалу фактісінің құпиялылығын сақтау үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. Егер сұрау салуды құпиялылықты бұзбай орындау мүмкін болмаса, Сұрау салынатын Тарап бұл туралы Сұрау салушы Тарапқа хабарлайды, ол кейіннен сұрау салуды орындаудың қажет екені немесе қажет емес екені туралы шешім қабылдайды.
16-бап Заңдастыру
1. Әрбір Тарап сұрау салу бойынша осы Келісімге сәйкес екінші Тарапқа ұсынылуға тиіс кез келген құжаттың төлнұсқалығын растайды.
2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін, егер құжатқа:
a) құжатты ұсынатын Тараптың ұлттық заңнамасында тиісті түрде уәкілеттік берілген сол Тараптың судьясы, магистраты немесе лауазымды адамы қол қойса немесе оны куәландырса; және
b) не
i) осы Тараптың куәсінің немесе лауазымды адамының ант беруімен немесе бекітуімен расталса; немесе
ii) Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының ресми мөрімен бекемделсе, құжат тиісті түрде заңдастырылған болып саналады.
17-бап Тіл
Қазақстан Республикасы жіберетін сұрау салулар мен барлық ілеспе құжаттар ағылшын тіліне аударылуға тиіс. Сингапур Республикасы жіберетін сұрау салулар мен барлық ілеспе құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға тиіс.
18-бап Шығыстар
1. Сұрау салынатын Тарап көмек туралы сұрау салудан туындайтын кез келген талқылауда Сұрау салушы Тарапқа өкілдік ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды және Сұрау салушы Тараптың мүдделерін өзге де тәсілмен білдіреді.
2. Сұрау салушы Тарап көтеретін мынадай:
a) сарапшылардың шығыстары мен гонорарларын;
b) жазбаша, ауызша аудармаға және стенография жасауға арналған шығыстарды;
c) Сұрау салушы Тараптың өтініші бойынша жалданған адвокат көрсететін қызметтерінің ақысын;
d) Сұрау салушы Тараптың аумағында оның сұрау салуы бойынша болатын адамдардың көлік шығыстары мен төлемдерін; және
e) адамдарға дәлелдемелер ұсыну немесе көмек көрсетуге жәрдемдесу үшін бейнеконференцияға арналған шығыстарды қоспағанда, Сұрау салынатын Тарап өз юрисдикциясы шегінде көмек туралы сұрау салуды орындауға байланысты әдеттегі барлық шығысты өзіне алады.
3. Егер сұрау салуды орындау елеулі немесе күтпеген сипаттағы шығыстарды талап ететіні белгілі болса, Тараптар көмек көрсетудің шарттарын айқындау үшін алдын ала консультациялар жүргізуге тиіс.
19-бап Консультациялар
Тараптар осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану мәселелері бойынша өздерінің Орталық органдары арқылы бір-бірімен консультациялар жүргізеді.
20-бап
Келіспеушіліктерді реттеу
Осы Келісімді түсіндіруге немесе іске асыруға байланысты туындауы мүмкін кез келген келіспеушіліктер тікелей Тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жолымен шешіледі.
21-бап
Осы Келісімніц басқа халықаралық келісімдермен арақатынасы
Осы Келісім Тараптардың өздері тараптары болып табылатын кез келген қолданыстағы халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
22-бап Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің 23-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен күшіне енеді және ажырамас бөлігі болып табылады.
23-бап Қорытынды ережелер
1. Әрбір Тарап екінші Тарапты осы Келісімнің күшіне енуі үшін оның ұлттық заңнамасында көзделген мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Осы Келісім осындай соңғы хабарлама алынған күннен кейінгі екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
3. Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа тоқтату туралы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда жібере отырып, кез келген уақытта осы Келісімнің қолданысын тоқтатуға құқылы. Қолданысты тоқтату осындай хабарлама алынған күннен кейінгі алтыншы айдың бірінші күні күшіне енеді.
Осыны куәландыру үшін өз мемлекеттері тиісті турде уәкілеттік берген төмендегі қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
2025 жылғы_____________ ___________________әрқайсысы қазақ және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада ЖАСАЛДЫ әрі екі мәтін де бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | СИНГАПУР РЕСПУБЛИКАСЫ |
ҮШІН | ҮШІН |