Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 1469 Жарлығымен

      Ескерту. Жарлықтың күші жойылды – ҚР Президентінің 18.09.2026 № 1469 (21.10.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі

      актілерінің жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:

      2-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде:

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 527 Жарлығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
№ 327 Жарлығымен
бекітілген

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидалары

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады