1. Қоса берiлiп отырған "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Орталық атқарушы органдар тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде мүлiктi жария етудiң жүргiзiлуін қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр
                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрiнiң
                                           2006 жылғы 13 шiлдедегi
                                             N 200-ө өкiмiмен
                                                    бекiтiлген
 
   "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы"
     Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында
   қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
| 
P/c
 | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | 
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 
| 1 | Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы | 
Қазақстан
 | 
Әдiлетминi
 | 2006 жылғы шілде | 
| 2 | Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi комиссия туралы үлгi ереженi бекiту туралы | 
Қазақстан
 | 
Әдiлетминi
 | 2006 жылғы шілде | 
| 3 | "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы | 
Қазақстан
 | 
ИСМ (жинақтау)
 | 2006 жылғы шілде | 
| 4 | "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы | 
Қазақстан
 | 
ЖРА (жинақтау)
 | 2006 жылғы шілде | 
| 5 | "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы | 
Қазақстан
 | ЭБЖМ | 2006 жылғы шілде | 
| 6 | Салық органдарында мүлiктiң жария етiлуiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы | 
Қазақстан
 | Қаржымині | 2006 жылғы шілде | 
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi.
 
           
          
