Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар бойынша берешектерді өтеу мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334
P981334_
қаулысына мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІҮ "Шығыстар" деген бөлімде:
6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық
тобында:
1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" ішкі функциясында:
213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі" мемлекеттік мекемесінде:
30 "Зейнетақы бағдарламалары" бағдарламасында:
"102271404" деген сан "100607442" деген санмен ауыстырылсын;
30 "Орталық зейнетақыларды төлеу" кіші бағдарламасындағы "102271404"
деген сан "100607442" деген санмен ауыстырылсын;
32 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар" кіші бағдарламасындағы "9010531" деген сан "10674493" деген санмен ауыстырылсын;
7 "ҰОС мүгедектері" кіші бағдарламасындағы "1027401" деген сан "1044912" деген санмен ауыстырылсын;
8 "ҰОС қатысушылар" кіші бағдарламасындағы "1760744" деген сан "1731839" деген санмен ауыстырылсын;
9 "ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар" кіші бағдарламасындағы "285070" деген сан "316606" деген санмен ауыстырылсын;
13 "ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар" кіші бағдарламасындағы "284278" деген сан "378595" деген санмен ауыстырылсын;
14 "ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері" кіші бағдарламасындағы "120388" деген сан "180147" деген санмен ауыстырылсын;
15 "Қаза болған әскери қызметшілердің және ішкі істер органдарының
қызметкерлерінің отбасылары" кіші бағдарламасындағы "82889" деген сан
"92753" деген санмен ауыстырылсын;
16 "Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері)" кіші
бағдарламасындағы "172647" деген сан "207308" деген санмен ауыстырылсын;
17 "ҰОС жылдарында жанқиярлық еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі
үшін ордендермен және медальдармен марапатталған тұлғалар" кіші
бағдарламасындағы "152967" деген сан "162115" деген санмен ауыстырылсын;
18 "1 және 2-топтардың мүгедектері" кіші бағдарламасындағы "2196011"
деген сан "2382733" деген санмен ауыстырылсын;
19 "3-топтың мүгедектері" кіші бағдарламасындағы "307775" деген сан
"375180" деген санмен ауыстырылсын;
20 "16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" кіші бағдарламасындағы "200372"
деген сан "224480" деген санмен ауыстырылсын;
21 "Ақталған азаматтар" кіші бағдарламасындағы "421002" деген сан
"482246" деген санмен ауыстырылсын;
22 "Ерекше қызметі үшін зейнетақы алатын адамдар" кіші
бағдарламасындағы "37674" деген сан "25507" деген санмен ауыстырылсын;
23 "Көп балалы аналар" кіші бағдарламасындағы "1961313" деген сан
"3070072" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.
