1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 P980969_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 34, 313-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлғалардың түсті және қара
металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және
сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібінде:
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"лицензиаттарға жеке тұлғалардан түсті металдардың сынықтары мен
қалдықтарын қабылдауға тыйым салу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.
