1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбекақыларын толық және уақытында төлеуiн, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына сақтандыру жарналарын төлеудi қамтамасыз етуде жеке жауапкершiлiк жүктелсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесе отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден алынған 1996 жылғы егiннiң астығын, олардың бюджетке салық және басқа да мiндеттемелерi бойынша борыштарын төлеу есебiне сатуды дереу жүзеге асыру;
облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерiн бекiту кезiнде мәслихаттарға еңбекақыны төлеуге және мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына жарналар төлеуге арналған секвестрленбейтiн шығыстарға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзу;
1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есептерiнде пайда болған басы артық қаражатты бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақылары бойынша берешектi өтеуге жұмсау;
1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджеттердiң еңбекақы және мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына төленетiн жарналар бойынша пайда болған берешектi қосымшаға сәйкес өтеу ұсынылсын.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанының аяғына дейiн бюджеттiк сала ұйымдарының жүйелерiн оңтайландыру және штаттарын ретке келтiрудi аяқтасын. Жүргiзiлген жұмыстар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiн 1997 жылдың 5 сәуiрiне дейiн хабардар етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыстары мен кiрiстерiнiң жазбасына сәйкес ресми трансферттердi, оның iшiнде көрсетiлген қарыз түрлерiн өтеу үшiн, жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде, уақытында аударылуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi:
еңбек ақыға арналған, сондай-ақ мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына төленетiн жарналарды төлеуге бюджеттiк ұйымдарға бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдалануына бақылауды күшейтсiн;
үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында облыстарда жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарыздарына жүргiзiлген есептердiң дұрыстығына тексерiс жүргiзiлсiн. Нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1997 жылғы 5 сәуiрге дейiн мәлiмдесiн.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен
бiрлесе отырып 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн зейнетақы төлеу
жөнiндегi қарыздарды өтеу кестесiн жасап, бекiтсiн.
7. Республикалық Бюджеттiк банк бiрiншi кезектегi тәртiппен
еңбекақыға байланысты қарыздарды өтеуге байланысты шығыстарды
қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 10 ақпандағы
N 186а қаулысына
қосымша
1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайда болған
еңбекақы және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорына жарналар жөнiндегi берешектi өтеу кестесi
(мың теңге)
__________________________________________________________________
Облыстар |1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
|бойынша пайда болған еңбекақы
|және мемлекеттiк әлеуметтiк
|сақтандыру қорына жарналар
|жөнiндегi берешек
__________________________________________________________________
1 | 2
__________________________________________________________________
Ақмола | 357935
Ақтөбе | 50000
Алматы | 435471
Шығыс Қазақстан | 354310
Жезқазған | 219986
Жамбыл | 1549216
Батыс Қазақстан | 584935
Қарағанды | 1929406
Қызылорда | 193852
Көкшетау | 903644
Қостанай | 2017218
Маңғыстау | 78518
Павлодар | 1240245
Солтүстiк Қазақстан | 726778
Семей | 607884
Талдықорған | 582730
Торғай | 413056
Оңтүстiк Қазақстан | 967468
______________________________________________________________
Жиыны | 13212652
____________________________________________________________________
ақпан | наурыз | сәуiр | мамыр | маусым
____________________________________________________________________
3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
119311 119313 119311
50000
100000 200000 135471
118103 118104 118103
54996 54996 54996 54998
250000 350000 350000 350000 249216
120000 125000 120000 120000 99935
385881 385881 385881 385882 385881
130000 63852
180000 180000 180000 180000 183644
403444 403444 403444 403444 403442
40000 38518
310061 310061 310062 310061
145000 148000 150000 150000 133778
210000 197000 100000 100884
150000 172730 160000 100000
100000 100000 90000 90000 33056
150000 250000 250000 217468 100000
___________________________________________________________________
3016796 3216899 2927268 2462737 1588952
___________________________________________________________________
