Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен:
бiр ай мерзiм iшiнде жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарын акционерлеу жөнiнде қажеттi ұйымдастырушылық шаралар қабылдасын;
үш ай мерзiм iшiнде жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарының негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акциялары мемлекеттiк пакетiнiң 90 процентiне дейiнгiсiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне
белгiленген тәртiппен сату үшiн берсiн;
жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдар акциялары мемлекеттiк
пакетiнiң қалған бөлiгiн (10 және одан көп процент) осы акционерлiк
қоғамдарға сенiмдi басқаруға берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
