1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Энергопроект" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң республикалық бюджетке республикаiшiлiк өзара борыштар есептемесiнiң нәтижесi бойынша берiлген несие бойынша 19 267 000 (он тоғыз миллион екi жүз алпыс жетi мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеме жүргiзсiн.
Аталған сома қосымшаға сәйкес республикалық бюджетте ұсталатын және "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамына тұтынған электр энергиясы үшiн берешегi бар мекемелердi қаржыландыру есебiне есептелсiн.
2. "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамы өзiне бюджеттiк мекемелердiң берешегiн осы қаулымен айқындалған сомада жүргiзiлетiн есептеме шеңберiнде "Жамбыл электр желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамының көрсеткен қызметтерi үшiн "Энергопроект" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне берешегiн
өтеуi есебiне өтесiн.
3. Берешекке есептеме аталған соманы 1997 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып,
ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 17 шiлдедегi
N 1121 қаулысына
қосымша
Тұтынылған электр энергиясы үшiн "Жамбыл электр
желiсiн тарату компаниясы" акционерлiк қоғамының
алдында есептемеге қабылданатын берешегi бар
ұйымдардың
ТIЗБЕСI
мың теңге
___________________________________________________________________
Ұйымдар | Есептемеге қабылданатын сома
___________________________________________________________________
Бiлiм және мәдениет министрлiгi 6822
Қорғаныс министрлiгi 8325
Мемлекеттiк тергеу комитетi 4120
Жиыны 19267
