"Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "РР Қазақстан - сауда және қаржыландыру" Қазақстан Австрия бiрлескен кәсiпорнының басқаруына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 637 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының тұрақты және үйлестiрiлген жұмысын, қаржылық сауықтыру мен банкроттықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар-мемлекеттiк заңды тұлғаларға қарыздарын қайтару мерзiмi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, кейiннен берешектердi кестеге сәйкес теңдей үлеспен екi жыл iшiнде, өсiмдер мен айыппұлдарды тоқтата отырып, ал "Алаугаз" акционерлiк қоғамы бойынша заңда белгiленген тәртiппен қайтара отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк "РР Қазақстан сауда және ЛТД қаржыландыру" Қазақстан Австрия бiрлескен кәсiпорнымен бiрлесiп осы аудит негiзiнде "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы кәсiпорындар алдындағы қалған кредиторлық берешектерiн қайтаруға заңда белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын".
4-тармақ 5-тармақ болып саналсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
"4" қазандағы
N 1233 қаулысына
қосымша
"Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының
өтеу мерзiмi 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн
ұзартуға жататын кредиторлық берешегiнiң
ТIЗБЕСI
_______________________________________________________________
Берешек саласы іСома, мың теңгеіӨсiмi мың,теңгеіЖиыны мың,теңге
_______________________________________________________________
Бюджетке
берешегi 138645 56858 195503
Зейнетақы
қорына берешегi 82760 66055 148815
Жол қорына
берешегi 19482 29913 49395
Южказэнерго және
ШАЭС электр энер.
гиясы, жылу үшiн
берешегi 334330,9 334330,9
Темiр жол
бөлiмшесi ТехОДП
берешегi 65630,7 107512 173142,7
Облыстық су
каналына
берешегi 19885 22466 42351
Жолаушылар
көлiгi ЩҚӨБ
берешегi 9891,4 9891,4
_______________________________________________________________
БАРЛЫҒЫ 680625 282804 963429
