1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 P951442_ қаулысымен белгiленген Қазақстан Республикасы ведомстволарының орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 1-қосымшаға сәйкес қысқартылсын.
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1442 қаулысымен белгiленген министрлiктердiң орталық аппараты
қызметкерлерiнiң шектi саны 2-қосымшаға сәйкес көбейтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының шектi
шығыстарына тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 12 тамыздағы
N 1000 қаулысына
1 қосымша
Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны
қысқартылатын Қазақстан Республикасы ведомстволарының
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Ведомстволар Адам саны
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
жанындағы "Қазақстан" мемлекеттiк
кинокомпаниясы 5
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш
агенттiгi 2
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы
жөнiндегi агенттiк 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
жанындағы Қаржы-валюталық бақылау
комитетi 6
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
жанындағы Шетел капиталын пайдалану
жөнiндегi комитет 4
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi
жөнiндегi комитет 2
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 12 тамыздағы
N 1000 қаулысына
2 қосымша
Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны
көбейтiлетiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi
мен мемлекеттiк комитеттерiнiң
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Министрлiктер Адам саны
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi 3
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы 2
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 7
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi 1
