1. 2851 (екi мың сегiз жүз елу бiр) млн. теңге, оның iшiнде 1996 жылы 1278 (бiр мың екi жүз жетпiс сегiз) млн, теңге сомасына арналған Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудiң берiлiп отырған бағдарламасы мақұлдансын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
N 1715 қаулысымен. P961715_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996-1998 жылдары бекiтiлген бағдарламаға сәйкес жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Медетшi банкi арқылы "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорнына қажеттi қаржы ресурстарын бөлудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне қажеттi есептер мен Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiкте болатын адамдардың тiзiмiн табыс етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылдың 1 қазанына дейiн
Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар жауапкершiлiкте
болатын өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн адамдарға
өтем төлемдерi жөнiндегi шығыстарды 1997 жылы және одан кейiнгi
жылдары қаржыландыру көздерiн дайындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 8 тамыздағы
N 984 қаулысына
қосымша
Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда
жою жұмыстарын жүргiзудiң
БАҒДАРЛАМАСЫ
____________________________________________________________________
Шығындардың атауы барлығы Жылдар бойынша шығындарды игерудiң
көлемi
____________________________________________________________________
1995 1996 1997 1998
____________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
Барлығы 2851,0 120,0 1278
<*>
995
<*>
458,0
оның iшiнде:
Майқұдық шахтасы 477,0 44,3 267,9 164,8 -
Северная шахтасы 243,0 4,3 180,8 57,9 -
Дубовская шахтасы 357,6 39,4 226,2 92,0 -
Топар шахтасы 285,3 17,4 180,9 82,3 4,7
Степная шахтасы 194,3 12,6 132,5 49,2 -
Шерубай-Нұра шахтасы 390.6 - 116,1
<*>
177,7
<*>
96,8
Долинская шахтасы 398,0 116,3
<*>
185,2
<*>
96,5
"Карагандалигвидшахт"
МК бойынша пайдалану
шығыстары 56,0 2,0 18,0 18,0 18,0
Октябрь революциясының
50 жылдығы атындағы
шахта (бұрынғы N 37
және N 38 шахталарының
бөлiгiнде) 449,2 - 39,3 167,9 242,0
ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.13.31. N 1715
қаулысымен.
